Page 56 - 21kzd_kz
P. 56
Суханберлин О. "Орталықтан" көрінеді айналам // Орталық Қазақстан.-2016.-4 қазан. - 5 б.
Сүлейменов Ж. Әліппем болған «Орталық Қазақстан» // Орталық Қазақстан. - 2011. - 23
маусым (№ 101/102). - 3 б.
Шаймұханов Д. «Орталық Қазақстан»-арқа тарихының шежіресі // Орталық Қазақстан.-
1996.- 22 қазан
Шөкейқызы Р. Жандары жайсаң ағаларым // Орталық Қазақстан. - 2016. - 4 қазан (№
163/164). - 4 б.
Ақын Николай Ильич Титовтың туғанына 115
жыл
Н. И.Титов 1906 жылы 30 қазанда Сібірдің үлкен Колыван селосында шаруа отбасында
дүниеге келген. Әкесі Илья Михайлович Бірінші дүниежүзілік соғыста қайтыс болды. Николай
бес жасынан атқа мініп үйренеді. Жасөспірім кезінен бастап ол Новосибирск ипподромында
жокей болып жұмыс істей бастады. 1926 жылы Новосибирск ауылшаруашылық техникумын
бітірген.
Н.Титов «Советская Сибирь» және «Молодая деревня» газеттерімен ынтымақтастықта
болды. 1927 жылы «Сибирские огни» журналына оның екі өлеңін жарияланды. Осы журналдың
редакциясында Н.Титов 1928 жылдың күзінде Қиыр Шығыста саяхат жасаған С. Марковпен, Л.
Мартыновпен және П.Васильевпен танысып, достық қарым-қатынаста болды.
Ақынның алғашқы жинағы 1934 жылы Новосибирск қаласында басылып шықты.
Екінші дүние жүзілік соғыстың алдында Н.И.Титов Алматыға қоныстанды. Осы жерден
ол Қарағандыға келіп, облыстық «Социалистік Қарағанды» газетінде жұмыс істеді. 1942-1943
жылдардағы ауыр кезеңдегі уақытта «Правда» газетінің редакциясы шахтерлер үшін «Бәрі
майдан үшін» атты әскери парақшасын шығарды. Николай Ильич өзінің сатиралық «Сеня
Угольков» өлеңін осында жариялады. Суретші В.Нестеровпен және қазақ ақыны
А.Теміржановпен бірге Н.Титов кеншінің үгітпарақшаларын шығарды. Олар 300 тиражбен
шықты және Қарағанды қаласының алаңдары мен көшелеріне ілінді.
Ақын Теміртауға бірнеше рет «Социалистік Қарағанды»газетінің арнайы тілшісі ретінде
келді. Н.Титов Теміртау қаласымен болған кездесулерден кейін алған әсерден «Машина идет в
Темиртау», «Мы новый год встречаем в Темиртау», «На Вахте мира» өлеңдерін жазды. Бұл
өлеңдер 1956 және 1961 жылдары Алматыда жарық көрген таңдамалы жинақтарында
жарияланды.
1959 жылы «Казгослитиздат» баспасынан Николай Титовтың Қазақстан Магниткасы
туралы «Рядом с юностью» атты өлеңдер жинағы жарыққа шықты.
Сонымен бірге Н.Титов аудармамен айналысты. Ол қазақтың халық ақындары мен
Ыбырай Алтынсарин шығармаларын аударды.
Н.И.Титовтың әйелінің естелігі бойынша ол көптеген суретшілермен, спортшылармен,
журналистермен, жазушы-ақындармен достық қарым-қатынаста болып әзілдері жарасымды
болған, бірде Н.Титов Қарағанды маңындағы колхозда болған бәйгеге қатысып, екінші орын
иеленіп, 6 метр мата сыйлық алады. Ол болса, сол жерде ақындарға тең кесіп бөліп беріп,
жиналған қауымның қошеметіне бөленді деп еске алады.
Н.И.Титовтың «След» атты лирика кітабы бар. Поэзияда ол өзінің ізін қалдырған ақын.
Әдебиеттер:
Титов Н. Қарағанды бораны // Менің Қазақстаным: орыс ақындарының өлеңдері / құраст.
Б. Ысқақов. - Алматы: Жазушы, 1989. - 112 б.
Шекара жырлары: өлеңдер, балладалар, поэмалар / құраст. Ө. Ақыпбеков. - Алматы:
Жазушы, 1988. - 220 б.
20 қазан - 1941 - 2002 - Ақын Кәрім
Сауғабаевтың туғанына 80 жыл
Кәрім Жұмабекұлы Сауғабай 1941 жылы 20 қазанда Қарағанды облысы, Қарқаралы
ауданының Едірей аулында туған.
Қарағанды педагогикалық институтының тарих-филология факультетін (1965), С.М.Киров
атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін (сырттай, 1972)