Page 51 - 21kzd_kz
P. 51

Жазушы, публицист, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты (2007 ж),
            Қазақстан  Республикасы  Мемлекеттік  сыйлығының  лауреаты  (2006  ж.),  Қазақстанның  еңбек
            сіңірген  қайраткері  (2005ж.),  Қазақстан  Журналистер  одағының  лауреаты  (2001  ж),
            Халықаралық Алаш сыйлығының иегері (2005 ж.).
                  1946 жылы 3-қазанда Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданындағы Ақтау кеңшарында
            туған.
                  1963  жылы  Қаражал  орта  мектебін  бітірген  соң  шопанның  көмекшісі  болып  жұмыс
            істейді.  1965  жылы  Алматы  қаласындағы  С.М.Киров  атындағы  Мемлекеттік  университетінің
            филология  факультетіне  оқуға  түседі.  Еңбек  жолының  35  жылын  бұқаралық  ақпарат
            саласындағы  қызметке  арнаған.  1970-75  жж.  Республикалық  Қазақ  радиосының  редакторы,
            1975-90  жж.  Целиноград  (қазіргі  Ақмола)  облыстық  «Коммунизм  нұры»  газетінің  бөлім
            меңгерушісі,  1990-95  жж.  Ақмола  облыстық  «Қараөткел»  газетінің  бас  редакторы,  облыстық
            «Тіл    және     мәдениет»     қоғамының      төрағасы,    1995-97     жж.    Ақмола     облыстық
            телерадиокомпаниясы         төрағасының        орынбасары,       1997-2002      жж.      Қазақстан
            телерадиокорпорациясы  Астана  студиясының  бас  директоры,  2002-2007  жж.  Қазақстан
            Жазушылар  одағы  Астана  филиалының  директоры,  «Астана  жазушылары  кітапханасы»
            сериясының бас редакторы, 2007 ж. Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаты.
                  А.Смайыл  есімі  республикаға  белгілі  қаламгер,  тұңғыш  көркем  шығармасы  «Тамыздың
            таңы»  1979  жылы  жарық  көрді.  «Ақ  жалын  (1982)»,  «Найзақара»  (1985)  ,  «Сағынтып  келген
            көктем»  (1987)  ,  «Арқаның  Бетпақ  деген  даласы  бар»  (2000)  повестер  жинақтары  мен
            «Тамұқтан келген адам» (2004) романының авторы.
                  А.Смайыл публицист ретінде де белгілі. Оның 1980 – 1995 жылдар аралығындағы өткір
            публицистикалық  мақалалары  қазақ  баспасөзінде  жалындай  бастаған  тәуелсіздік  рухына
            арналды. Облыстық және республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында Қазақстанның саяси
            дербестігі  туралы  дабыл  қақты.  Қазақ  халқының  ресми  де,  рухани  да  тәуелділікте  қалып
            отырғандығына  Целиноград  облысының  экономикалық  -  әлеуметтік  өмірінен  нақты  деректер
            келтіре жазды. «Жер қазақтікі, билік кімдікі?», «Халықтың киесі, жердің иесі бар», «Қазақтың
            сыртынан  тон  пішіп»,  «Саясатты  саудаға  салғандар»,  «Қазақ  үшін  қармандық»,  «Казак
            қозғалысының мәні неде?», «42 Калинин, 14 Ворошилов және жалғыз Бөгенбай» секілді өткен
            ғасырдың 80-жылдарында екінің бірі қалам тарта бермейтін, саяси салмақты, әлеуметтік терең
            мәнді публицистикалары зиялы қауымға ой салып жатты.
                  Оның  осы  ұлттық  ұмтылысы  қоғамдық  күрескерлікке  ұласты.  1990  жылғы  10  мамырда
            Целиноград қаласында облыстық «Тіл және мәдениет» қоғамының құрылуына ұйытқы болды
            және оның төрағалығына  сайланды.  Қоғам  осы тектес  ұйымдардың республикадағы  алғашқы
            қарлығашы еді.
                  Аз  ғана  уақытта  халықтық  беделге  ие  болған  ұйым  төл  жұртының  әлеуметтік  -  рухани
            талаптарын нақты жүзеге асыру мақсатын алға қойды. Целиноград қаласында қазақ музыкалық
            –  драма  театры  ашылды.  Қазақ  музыка  мектебі  шаңырақ  көтерді.  Көнеруге  айналған  жалғыз
            қазақ  орта  мектебінің  жаңа  ғимараты  мен  мешіт  үйі  салынды.  Қажымұқан  Мұңайтпасовтың
            туған  ауылына  балуанның  есімі  берілді.  Ақмола  облысы  мен  қаласының  тарихи  атауы
            қайтарылды.  Облыс  орталығындағы  мұғалімдер  институтының  қазақ  бөлімдері  кеңейтілді,
            инженерлік  –  құрылыс,  ауыл  шаруашылығы  және  медицина  институттарының  барлық
            факультеттерінде қазақ тілінде білім алу мүмкін болды.
                  Алдан  Смайыл  тележурналист  ретінде  Астананың  Ақмолаға  ауысуының  саяси  -
            әлеуметтік      маңызын      кеңінен     насихаттауға      елеулі    үлес     қосты.     Қазақстан
            телерадиокорпорациясы  Астана  студиясының  бас  директоры  ретінде  «Ақшам»  ақпараттық
            бағдарламасының  Ақмоладан  эфирге  шығуына  үлес  қосты.  Қаланың  тарихи,  геосаяси  мәні
            туралы бірнеше телехабарлардың авторы.
                  Қаламгердің  ұйымдастыруымен  дүниеге  келген  «Астана  жазушыларының  кітапханасы»
            сериясы  арқылы  «Қазақтың  шаңырақ  қаласы»,  «История  столицы  и  края:  ХІҮ-  ХІХ  вв»,
            «История столицы и края: ХҮІІ-ХІХвв», «Елорда сәулеті», «Гидрологическое описание южной
            части  Акмолинской  области»,  «Қанжығалы  қарт  Бөгенбай»  тарихи  еңбектерін  құрастырып,
            жарыққа шығарды.
                                            А.Смайыловтың шығармалары:
                  Смайыл А. Арқаның Бетпақ деген даласы бар. - Астана: Елорда, 2000. - 320 б.
                  Смайыл А. Астана ғасырлары. - Астана: Педагогика - Пресс, 2010. - 414 б
   46   47   48   49   50   51   52   53   54   55   56