Page 53 - 21kzd_kz
P. 53
Жұмаділдин А. Смайылов Алдан // Жаңаарқа. Дерекнама. Алматы: Кенже – Пресс-Медиа,
2003. – 137 б.
Смайылов Алдан //// Қазақстан жазушылары 75 жыл / құраст. С. Қамшыгер. - Алматы: Ан
Арыс, 2009. – 363 б.
Смайылов Алдан //Қазақстан жазушылары XX ғасыр: анықтамалық, 2004. - 389 б.
Смайылов Алдан Зейноллаұлы // Қарағанды. Қарағанды облысы: энциклопедия / ред. А.
А. Абдулин. - Алматы: Атамұра, 2006. – 476 б.
Жүзден - жүйрік, мыңнан - тұлпар (1934 - 2009) = Лауреаты государственных премий
(1934 - 2009) / Б. Т. Жұмағұлов. - Алматы: Қазақ университеті, 2009. - 392 б.
Аралбай батыр Әлібекұлы: шежіре / құраст. А. Әлтай. - Астана: Фолиант, 2011. - 301 б.
***
Алданның мәртебесі // Орталық Қазақстан. - 2006. - 28 желтоқсан. - 1 б.
Әлмашұлы Ж. Өрт қызулы ойлар // Егемен Қазақстан. - 2005. - 10 желтоқсан. – 8 б.
Батырхан Т. Ұлт сөзін ұстаған // Егемен Қазақстан. - 2016. - 22 қараша (№ 224). - 10 б.
Бексейіт С. Жерлес жазушымыз қайраткер атанды // Орталық Қазақстан.- 2005.- 29
желтоқсан.-16 б.
Бексейіт С. Қаламның бабы - қазағының қамы // Орталық Қазақстан. - 2016. - 8 қараша (№
181). - 4 б., Қазақ әдебиеті. - 2016. - 18-24 қараша (№ 47). - 24-25 б.
Желтоқсан - ерлік тарихымыз // Егемен Қазақстан.- 2000.- 16 желтоқсан
Рахымбек С. Адам жайлы ақиқат // Қазақ әдебиеті.-2006.- 4 тамыз (№31).- 12-13 б.
4 қазан 1931 – «Қарағанды пролетариаты»
қазіргі «Орталық Қазақстан» газетінің шығуына
90 жыл (Ortalyq Qazaqstan)
Қарағанды облыстық «Орталық Қазақстан» қоғамдық-саяси газеті.1931жылғы 4 қазаннан
бастап шығып келеді.
Кеңестік кезеңде облыстық, қалалық парткомның, қалалық, облыстық аткомның органы
болды, тәуелсіздік жылдары құрылтайшысы – облыс әкімінің аппараты. Қарағанды таскөмір
бассейнінің қауырт игеріле бастауына байланысты бастапқыда «Қарағанды пролетариаты» деп
аталған. Қарағанды облыс орталығына айналғаннан кейін 1938 жылы «Советтік Қарағанды»
деген ат алды. 1963 жылдың 1 мамырынан бастап – «Орталық Қазақстан».
Газеттің негізін қалауға қазақтың көрнекті жазушылары Ғ.Мұстафин, Ә.Әбішев,
С.Ерубаев елеулі үлес қосты. 1933-35-жылдары С.Мұқанов, Б.Майлин (бірнеше рет)
Қарағандыға арнайы келіп, шахтерлер өмірінен шығармалар жазды, редакция қызметкерлеріне
баға жетпес көмек көрсетті. Газет 1943 ж. ақындар айтысының қайрадан жандануына ұйтқы
болды. Қазақ журналистикасының белгілі қайраткерлері Ж. Орманбаев, Т.Нұртазин,
Ә.Қарағұлов, К.Үсебаев, Б.Тәйкіманов, Ә.Бөлдекбаев, Р.Сағымбеков, А.Ахметәлімов,
Н.Оразбеков әр жылы осында басшы қызметте болды, жас қаламгерлерді тәрбиеледі. Өзінің 75
жылдық даңқты тарихында газет республиканың индустриалды жүрегі – Қарағанды өңірінің
әлеуметтік-экономикалық мәселелерін жазып көрсетуде көрнекті табыстарға жетті.
1981 жылы басылымның 50 жылдығы құрметіне Еңбек Қызыл Ту орденімен
марапатталды.
2001 жылы басылым газеттерді безендіруге арналған «Жаңа ғасыр жарнамасы – 2001»
республикалық конкурсында жүлделі орынға ие болды.
2002 жылы газет «Тәуелсіздік жылнамасы» мақалалар тізбегі (1991-2001 ж.ж.) үшін
Қазақстан Журналистер одағының республикалық шығармашылық бәйгесінің лауреаты атағын
алды.
2007 жылы Қазақстан Журналистика Академиясының «Алтын жұлдыз» сыйлығымен
марапаттады.
Редакцияда ҚР Журналистер одағы сыйлығының 5 лауреаты (М.Сембаев, А.Жанғожин,
Е.Лұқпанов, Е. Балташұлы, Е.Мұсабеков) бар, редакцияның 10 қызметкері Облыс әкімінің
Құрмет грамотасына, б қызметкері ҚР Мәденит министрлігінің «Мәдениет қайраткері»
белгісіне ие.