Page 48 - 21kzd_kz
P. 48

1945  жылдың  көктемінде  М.Сүлейменовтің  зеңбірек  расчеты  Шығыс  Пруссия  жерінде
            болатын. Әділет пен қаскүнемдіктің соңғы шайқасында, осы ұрыстарда М.Сүлейменов жаудың
            ондаған атыс орындарын күл-талқан етті. Данциг қаласын жаудан азат етуде әрбір көше, әрбір
            үйді алу үшін қиян-қескі ұрыс болды. Сүлейменовтің 45-миллиметрлік зеңбірегі фашистің төрт
            танкісін, үш әскери көлігін, ондаған жендеттерінің көзін құртып жіберді. Мүтәштің бұл ерлігі
            де лайықты бағаланып, I дәрежелі «Даңқ» орденімен марапатталды.
                  Оның ерлікке шақырған уытты, жалынды, парасаттылыққа толы үндеу сөздері майдандық
            «Отан үшін, алға!» газетінде талай рет жарық көрген.
                  1945  жылдың  24  маусымында  Мәскеуде  Қызыл  алаңда  тарихи  Жеңіс  парады  өтті.  Сол
            Жеңіс парадына Мүтәш Сүлейменов қатысты.
                  Майдангерге тән тағы бір ерекшелік – оның Мәскеуде өткен тарихи бес әскери парадқа
            қатысқандығы.  Сексеннің  сеңгіріне  келген  Мүтәш  ақсақал  2005  жылдың  9  мамырында  Ұлы
            Жеңістің 60 жылдығына  арналған  Мәскеудегі Жеңіс парадына  38 қазақстандық  Кеңес Одағы
            Батырлары қатарында бесінші рет қатысу бақытына ие болған еді.
                  1970  жылы  Москва  қаласында  350  «Даңқ»  орленінің  толық  кавалерлерінің  кездесуіне
            қатысып,  сол  кездегі  КСРОның  қорғаныс  министрі  К.Гречкамен  кездескен.  1975  жылы
            Алматыдағы  28  панфиловшылар  құрметіне  «Даңқ»  мемориалы  ашылып,  Қазақстан  басшысы
            Д.Қонаевпен  кездескен  және  Н.Назарбаев  М.Горбачев,  Б.Ельцин,  В.Путин  сияқты  мемлекет
            басшыларымен кездесіп, қабылдауында болды.
                  Әскер қатарынан оралған М.Сүлейменов бейбіт еңбек жолын 1946 жылы Нұра ауданының
            қазақ  орта  мектебінде  алғашқы  әскери  дайындық  пәнінің  мұғалімі  қызметінен  бастап,  1987
            жылға  дейін  үздіксіз  еңбек  етті.  Зейнет  демалысына  шыққаннан  кейін  Қарағанды  қаласында
            тұрады.
                  М.Сүлейменов есімін ел есінде мәңгі қалдыру мақсатында Нұра ауданындағы қазақ орта
            мектебіне  оның  есімі  берілген.  2011  жылы  Қарағанды  қаласында  батыр  тұрған  үйге
            мемориалдық  тақта  қойылды,  Қарағанды  қаласының  Оңтүстік  –Шығыс  шағын  ауданында
            қоныс  тепкен  мүгедек  балаларға  арналған  мектеп  –  интернаттағы  мұражайда  М.Сүлейменов
            жайлы  көп  деректер  қойылған.  2018  жылы  Нұра  ауданына  қарасты  Кертінді  ауылында
            ескерткіш  ашылды  Оның  есімі  Қазақ  совет  энциклопедиясына,  Қарағанды  облысының
            энциклопедиясына енгізілген.
                  2006 жылы қайтыс болды.
                                                          Әдебиеттер:

                  Сүлейменов М. Жорық жолдары: Естелiк-эссе.- Қарағанды: Болашақ-Баспа, 2001.- 70 бет.

                                             М. Сүлейменов туралы әдебиеттер:
                  Сүлейменов  М  //  Қаһарман  қарағандылықтар.  Герои-карагандинцы.-  Қарағанды,  2000.-
            113-114 б.
                  Сүлейменов Мүташ // Қарағанды.Қарағанды облысы: энциклопедия.- Алматы, 1990.-524 б.
                  Сүлейменов Мүташ //Қарағанды. Қарағанды облысы: энциклопедия / ред. А. А. Абдулин,
            2006. - 487 б.
                  Айналдым, Нұра атыңнан!:/ құраст. А. Несіпбай. - Астана: Жасыл Орда, 2018. - 215 б.

                  Қазақстан Республикасы. Президент (1991 - Н.Ә. Назарбаев). Қазақстан Республикасының
            мемлекеттiк  наградаларымен  марапаттау  туралы  Қарағанды  облысы  бойынша:  ҚР
            Президентiнiң Жарлығы// Орт. Қазақстан.- 2003.- 9 мамыр.-1 б.

                                                               ***
                  Алдашева Р. Сұрапыл соғыста медсанбаттың сарбазы болған.. // Темiртау.- 2003.- 8 мамыр
                  Ахметов  Д.  Ерлiк  мәңгi  жасайды  //  Нұра.-  2000.-29  сәуiр,  Орт.  Қазақстан.-  2001.-26
            қыркүйек. Нұра.- 2001.-6 қазан
                  Ахметов Д. Ұстаздардың ұстазы// Орталық Қазақстан.- 2004.- 23 қазан.-13 б.
                  Ахметова Б. Ерлік елге өнеге, ұрпаққа ұран // Орталық Қазақстан. - 2011. - 13 қазан. - 3 б.
                  Ахметова  Б.  Нұрлы  Нұраның  жаужүрек  батыры  //  Орталық  Қазақстан.  -  2011.  -  24
            қыркүйек (№ 157/158). - 4 б.,Нұра. - 2010. - 10 сәуір (№ 15). - 2 б.
                  Бiлгiшбайқызы Ш. Еңбектегi әр күнiм - бiр несiбе // Нұра.- 2002.- 2 қараша
   43   44   45   46   47   48   49   50   51   52   53