Page 47 - 21kzd_kz
P. 47
Бектас Г. Қуғындалған Талжанов // Айқын. - 2019. - 1 мамыр (№ 67). - 7 б.
Бектұров Ж. Ғалым-жазушы // Орталық Қазақстан.- 1986.- 13 қараша
Бектұров Ж. Талжанов С. /Нұра ауд. Захаровка селосының орта мектебіне жазушы
С.Талжанов аты берілді// Орталық Қазақстан.- 1989.- 12 мамыр
Әкімбекқызы Ә. Арқаның ардақтысы // Нұра.-1996.- 3 тамыз
Әкімбекқызы Ә. Жазушы Сейділ Талжановтың туғанына 100 жыл толу қарсаңында //
Нұра. - 2006. - 15 шілде.
Әкімбекқызы Ә. Нұра ауданының 80 жылдығына арналады // Нұра.- 2008.-22 наурыз. - 3 б.
Әкімбекова Ә. Жаны жайсаң жақсы аға // Орталық Қазақстан. - 2006. - 3 тамыз. - 8 б.
Әкімбекова Ә. Сәйділ Талжановтың 108 жылдығы қарсаңында // Нұра. - 2014. - 13
қыркүйек (№ 37). - 5 б.
Әкімбекұлы Д. Сәйділ Омарұлы Талжанов хақында оқырманға арналары // Жаңа жол. -
1993. - 6 наурыз. - 2 б.
Әлiмбекұлы С. Тағдыры тайғақ Талжанов // Қазақ әдебиетi.- 2005.- 11 наурыз.-10 б.
Жагуфарова Ү. Б. Сәйділ Омарұлы Талжановқа - 100 жыл // Нұра. - 2007. - 30 шілде.
Кәрібаева Б. Абзал адам, асыл ер еді // Орталық Қазақстан. - 1996. - 10 тамыз. - 3 б.
Кәрібаева Б. Тағдыры–тарих тұлға // Егемен Қазақстан.- 1998.- 30 қазан.- 3 б.
Кәрібаева Б. Темірқазық // Орталық Қазақстан. - 2006. - 25 мамыр. - 7 б ; Нұра. - 2008. - 25
қырк. (№38). - 6 б.
Көбеков С. Үлкен ғалым еске алынды // Нұра. - 2001. - 3 қараша.
Несіпбай А. Тағдырдың талқысына мойымаған // Орт.Қазақстан. 2006.-14 қыркүйек. - 2 б.
Оспанова Ж. Рухы биік алаш азаматы еді // Қазақ әдебиеті. - 2006. - 21 шілде (№ 29).- 13 б.
Сүлейменова Н. Жазушы, аудармашы, ғалым // Нұра.- 1996.- 22 маусым
Сүлейменова Н. Нұра өңірінің асыл азаматы // Орталық Қазақстан.- 2006. - 16 мамыр.- 8 б.
Сыпатаева М. Бiздiң үйдiң қонақтары // Орт.Қазақстан.- 2000.- 26, 29 шiлде
Талжанова-Шамшиева З. Сейділ Талжанов есімі берілді // Қазақ әдебиеті.- 1989.- 21 шілде
Темірұлы М. Нұрадан ұшқан қырандар // Нұра. - 2007. - 24 тамыз.
Темірұлы М. Сәйділ // Нұра. - 2007. - 30 тамыз.
Хасенов М. Сейіл ағаң қайтып келген күн // Орт.Қазақстан.- 1989.- 28 маусым
Ыбыраев Б. Сейділ нағашым есіме түссе.. // Орт.Қазақстан- 2000.-22 сәуір
10 қыркүйек 1921 – 2006 – Даңқ орденінің толық
иегері Мүтәш Сүлейменовтың туғанына 100
жыл
Мүтәш Сүлейменов Қазақ КСР, КСРО ағарту істерінің үздігі, Қарағанды қаласы мен Нұра
ауданының Құрметті азаматы.
Мүтәш Сүлейменов 1921 жылғы 10 қыркүйекте Қарағанды облысы Нұра ауданының
Казгородок ауылында шаруа отбасында туған.
Қазақ орта мектебінде оқып, 9 кластық білім алды. 1941 жылдың мамыр айынан Нұра
ауданының Чкалов атындағы колхозында есепші болып еңбек жолын бастады.
1942 жылдың 12 қаңтарында армия қатарына шақырылды. 1942 жылдың қазан айынан 49-
шы Армиянының 139-шы Рославск Қызыл Тулы дивизиясында, 2-ші Беларусь майданында
бағыттаушы және 45-мм зеңбірек орудиесінің командирі болды.
Беларусь соғысында 1944 жылы Мүтәш Сүлейменов ІІІ дәрежелі Даңқ орденін иеленді.
Мәскеу түбінен басталған майдан жорығы Берлинге дейін жалғасты. Екі ортада Украин
қалаларын азат етуге, Белоруссияны жаудан тазартуға, Румыния, Венгрия, австрия жерлерінде
болған қанды ұрыстарға қатысты. Соғыс жылдарында I дәрежелі Отан соғысы, Қызыл Жұлдыз
ордендерімен және көптеген медальдармен марапатталды. Бас қолбасшының алғыстарын алды.
Ешқандай бұйрықсыз ақ жүрегі, өз байламы арқылы жасаған көзсіз батырлығы үшін ол
«Ерлігі үшін» медалімен марапатталды. Одан соң соғыстың сұрапыл шайқасындағы
жанқиярлық ерліктері үшін сержант Мүтәш Сүлейменов «Қызыл Жұлдыз» орденімен
марапатталады.
1944 жылдың шілдесінде Погоран селосын азат етуге Мүтәштің зеңбірек расчеті
айтарлықтай үлес қосты. Жаудың жиырма шақты солдатын жойып жіберді. Оның осы ерлігі III
дәрежелі «Даңқ» орденімен аталып өтіледі.