Page 45 - 21kzd_kz
P. 45

Ақмола  округі  бойынша  N58  бұйрықпен  Г.Н.Алалыкин  Қарағанды  кен  орнына  әлі
            салынбаған ауруханада бас дәрігер болып жіберілген.
                  Аурухана үшін кішкене үй бөлінеді. Бұған дейін бұл үйдің жартысы шахтаның ат қорасы,
            жартысы  жатақхана  болған.  Ол  кезде  шахтадан  көмірді  шығаратын.  Қарағандының  алғашқы
            дәрігерлері өз қызметін осындай жағдайда бастаған еді. Ауруларды амбулаториялық қабылдау
            бір ғана бөлмеде жүргізілген.
                  1931  жылы  Қарағандыда  хирургия,  терапия,  педиатрия,  құлақ,  мұрын,  тамақ,  көз
            аурулары,  акушер-гинекологтың,  тері-венерология  аурулары,  тағы  басқалары  бойынша
            мамандырылған дәрігерлік көмек қалыптаса бастады. 1933 жылдың соңында денсаулық сақтау
            жүйесінің  негізгі  буындарында  ұйымдастыру  жұмыстары  аяқталды.  Аурханалар  мен
            амбулаториялар  және  басқа  емдеу  мекемелері  қара  кірпіштен  салынған,  немесе,  тақтаймен
            шегеленген үйлерге орналастырылды.
                  1946 жылы Қарағандыдағы N1 клиникалық ауруханада Г.Алалыкин бөлімше меңгерушісі
            болып,  көптеген  хирургтерді  әзірлеп  тәрбиеледі.  Оның  басшылығымен  қалада  шахтерлерге
            көмек  көрсету  жөніндегі  травмотологиялық  пунктер  ұйымдастырылды.  1941-45  ж.
            эвакуациялык госпитальдарда консультант болды.
                  1936  жылы  Г.Н.Алалыкин  Ленин  орденімен,  медальдармен  және  БОАК  грамотасымен
            марапатталған. 1943 жылы Қазақ ССР-нің еңбек сіңірген дәрігері деген атақ берілген.
                  Г.Н.  Алалыкин  1960  жылы  қайтыс  болды.  Қазір  Қарағанды  қаласында  Г.Алалыкин
            есімімен көше аталады.
                                                          Әдебиеттер:

                  Алалыкин Г.Н // Қарағанды.Қарағанды облысы. Энциклопедия.- Алматы, 1990.-97-98 б.
                  Алалыкин Г.Н //Қарағанды. Қарағанды облысы: энциклопедия / ред. А. А. Абдулин, 2006.
            - 111 б.
                                                            ***
                  Поспелов  Б.  Денсаулық  күзетінде:  Тұңғыш  дәрігерлер  //  Орталық  Қазақстан.-  1984.-1
            ақпан

                                                          6  қыркүйек  1906-1972  –  Жазушы,  ғалым-
                                                          әдебиеттанушы,           аудармашы            Сейділ
                                                          Талжановтың туғанына 115 жыл

                  Ғалым,  аудармашы,  сыншы,  тарихшы  Сейділ  Омарқлы  Талжанов  1906  жылы  6
            қыркүйекте  Нұра  бойындағы  Қаракемер  деген  жердегі  Тоқтамыс  аралында  дүниеге  келген.
            С.Талжановтың  әкесі  Омар  1921  жылы  Колчак  қарақшыларының  қолынан  қаза  табады.  Осы
            жылы жас Сейділ Петропавл қаласына барып, тоғыз жылдық орыс мектебіне оқуға түсіп, оны
            1928  жылы  бітіріп  шығады  да.  Ташкенттегі  Орта  Азия  университетінің  шығыс  факультетіне
            оқуға түседі. 1931 жылы осы факультетті бітіріп ол Алматыға келсе, ағасы Әшім түрмеде екен.
            Оның  артынан  екі  баласы,  хат  танымайтын  әйелі  қалады.  Сондықтан  да  Сейділ  ағасының
            отбасына көмектесу мақсатында әрі қарай өзінің оқуын тоқтата тұрады.
                  С.О.Талжанов  1934  жылы  Алматыдағы  Қазақтың  пединститутын  бітіреді,  Қаз  ССР  оқу
            министрлігінде,  Ауыл  шаруашылығы  институтында  (1934-1937),  Қазақ  мемлекеттік  көркем
            әдебиет баспасында (1956-58), Қаза² ССР Ғылым Академиясында (1958-1972) қызмет істеді.
                  Оның алғашқы әңгімелері 1927 жылы жарияланды. «Ұстаның үйі» (1957), «Сейфулланың
            Сәкені» (1959), «Адам туралы аңыз» (1965) повестерінде жұмыскер бейнесі мен С.Сейфуллин,
            Қ.Айнабеков сияқты ағаларымыздың өнегелі өмірін суреттеген. «Өткен күндер сөйлейді» деген
            жинағы  С.Талжановтың  туған  халқына  арналған  соңғы  лебізі,  ақырғы  шығармашылық
            туындысы.  Мұнда  жазушының  туған  әдебиетіміз  жайлы  ой  толғаныстары,  сын  мақалалары,
            естеліктері  мен  шежіре  әңгімелері  енген.  Оның  «Көркем  аударма  туралы»,  «Аударма  және
            қазақ  әдебиетінің  мәселелері»  монографиясымен  қатар  мерзімді  баспасөз  бен  ғылыми
            басылымдардағы  мақалаларын,  конференциялар  мен  симпозиумдардағы  сөздері  мен
            баяндамалары  жеткілікті.  Көп  жылғы  осы  бағыттағы  еңбегінің  нәтижесінде  ол  1962  жылы
            филология ғылымының кандидаты, 1972 жылы филология ғылымының докторы деген ғылыми
            дәрежеге  ие  болды.  Сонымен  қатар  ол  А.С.Пушкин,  М.Горький,  В.Г.Белинский,
   40   41   42   43   44   45   46   47   48   49   50