Page 41 - 21kzd_kz
P. 41

өсірудің  негізгі  жолдары»  деген  тақырып  бойынша  зерттеген  ғылыми  еңбектерін  аяқтайды.
            Каучукты өсімдіктердің ішінде ең тиімдісі көксағыз екенін дәлелдеп шығады.
                  Кәрім өзінің қабілеттілігі арқасында кейде екі-үш жұмысты да қоса атқара берген. 1942-44
            жылдары  ҚазССР  жоспарлау  төрағасының  орынбасары  болып  қызмет  атқарады.  1944  жылы
            өзінің ғылыми диссертациясын өте сәтті қорғап шығып, ұлты қазақ биология ғылымдарының
            тұңғыш  докторы  болды.  1944  жылдан  бастап  ВАСХИЛ-дің  Қазақ  филиалы  президиумының
            төрағасы болады. Осы қызметпен қоса Қазақ ауыл шаруашылық институтында селекция және
            генетика  кафедрасы  мен  Қазақ  мемлекеттік  университетінде  дарвинизм  кафедрасының
            меңгерушісі болып қызмет атқарады.
                  1946 жылы Қазақ Ғылым академиясы құрылды, Кәрім оның құрамына мүше болып кіреді.
            1947  жылы  республика  Жоғарғы  Кеңесінің  депутаты  болып  сайланды.  Бетпақдала
            экспедицисынан кейін ол шөлді жаннатдалаға айналдыруды армандайды. Мұнда асыл тұқымды
            мал өсіруге болады дейді. Ол үшін даланы суға қандыру керек. Ғалым Бетпақты суландыратын
            судың  негізгі  көздері  деп  Ертіс,  Іле,  Шу,  Талас,  Сарысу,  Сырдария  өзендерін,  Балқаш  көлін
            есептеген. Бұлардан басқа Бетпақтың астында судың мол қоры бар екенін білген, оны құдықтар
            қазу арқылы шығаруды аңсаған.
                  Кәрімнің  ғылыми  ашқан  жаңалықтары  бүкіл  Одаққа  танылып,  тіпті  шетелдерге  белгілі
            бола бастаған кезде қазаға ұшырайды. 1948 жылы Мәскеуге бағыт алған ұшақ апатқа ұшырап,
            ішіндегі  адамдар  тегіс  қаза  табады.  1948  жылы  академик  Трофим  Лысенконың  60  жылдың
            мерейтойына  Мәскеуге  шақырады.  Алматыдан  ұшып  шығып,  Балқашқа  келіп  қонып,  май
            құйып алады. Балқаштан шығып, Мәскеуге қарай бет алып, аспанға көтеріліп ұшып шыға бере
            ұшақ кенеттен гүрс етіп жарылып, күл-талқаны шығады. Ұшақтағы адамдардың бірде-бірі аман
            қалмаған. Мәскеуге ұшар алдында Кәрім өзінің досы Бауыржанға: «Бірге барайық» деп тілек
            білдірген  екен.  Ол  келісімін  береді.  Дәл  ұшар  алдында  Бауыржанның  жалғыз  ұлы  Бақытжан
            қатты ауырып, ол бара алмай қалады. Ертеңінде Кәрімнің қайғылы қазасын естігенде Бауыржан
            қатты күйзеліп, өңі тіпті өзгеріп кетіп: «Иттің балалары-ай, оны ақыры өлтіріп тынған екен ғой»
            депті. Сөйтіп, Кәрімнің өлімі жұмбақ өлім болып, сол жұмбақ күйінде шешілмей қалып қойды.
                  Ұлттық  ғылым  академиясының  мүше-корреспенденті,  профессор  Х.Арыстанбековтың
            айтуынша,  К.Мыңбаев  НКВД-ның  алдына  вавиловшы-биологтар  Зайцева  мен  Кузьминді
            Карлагтан босату туралы мәселе қойып дегеніне жеткен, тұтқын ғалымдар еркіндікке шыққан
            соң  оларды  ғылыми  жұмыстарын  жалғастыруға  мүмкіндік  беретін  Шортандыдағы  тәжірибе
            стансасына  орналастырған.  Аталған  ғалымдар  көп  ұзамай  бидайдың  солтүстік  өңірлерге
            бейімделген жаңа сортын шығарып, жаңалық ашады.
                  Ол  35  ғылыми  еңбектің,  3  монографияның  авторы.  Ғылыми  еңбектерінде  көк  сағызды
            өсіру мен астық дақылдарын селекциялауға көп көңіл аударған.
                  Қазір бұрынғы Ивановкаға Кәрім Мыңбаев есімі берілді. Осы ауылдың мектебі де ғалым
            атымен  аталған.  Ағадыр  станциясындағы  бір  мектеп  те  ғалым  есімімен  аталады.  Киевка
            кентінде бір көшеге  К. Мыңбаев  есімі  берілген,  ауыл  шаруашылығы  бөлімінің  алдында қола
            бюст орнатылған.
                                                          Әдебиеттер:

                  Мусин Т. Өмір баспалдақтары.- Алматы: Қазақстан, 1990.
                  Мұқанов С. Таңдамалы шығармалар: Арқаға саяхат//С.Мұқанов.- Алматы: Жазушы,1978.-
            364 б.
                  Мыңбаев Кәрім //Қазақстан.Ұлттық энциклопедия.- Алматы: «Қазақ энцклопедиясыныңі»
            Бас редакциясы, 2004.-6 т.- 653 б.
                  Мыңбаев Кәрім // Қарағанды. Қарғанды облысы: энцклопедия.- Алматы, 1990.- 422 б.

                                                            ***
                  Алпысбаева Ғ.Қ. Ұмытпаймыз біз сізді, Кәрім аға! // Нұра.- Киевка, 2006.- 29 сәуір.-2 б.
                  Әбілдинов Қ. Қарындас деген қандай-ды.. // Орталық Қазақстан.-2005.- 13 тамыз.- 7 б.
                  Бекмағамбетов Б. Барша қазақтың мақтанышы // Орталық Қазақстан.-2005.-17 қараша.-8 б.
                  Бексейіт С. Алаш арманшылары// Егемен Қазақстан.-2006.- 22 ақпан (№43-46).-4 б., Орт.
            Қазақстан.-2006.- 2,4 наурыз.-7 б.
                  Кәрібаева Б. Замана ноқтасына басы сыймаған Ер Кәрім және Мұхтар, Күләш, Ғабит пен
            Дінмұхамед... // Қазақ әдебиеті.- 2001.- 13 сәуір (N15).-11 б.
   36   37   38   39   40   41   42   43   44   45   46