Page 102 - 2023_kzd
P. 102
Театрдың репертуарында көптеген қойылымы бар. Олардың ішінде опереттаның әлемдік
классикасы саналатын И.Кальманның «Баядера», «Сильва», «Марица» оперетталары,
И.Шраустың «Цыганский барон», «Летучая мышь», Ф.Легардың «Веселая вдова», Г.Канчелидің
«Проделки Ханумы», Г.Гладковтың «Собака на сене» сияқты туындыларын атап өтуге болады.
Театр репертуары жыл сайын жаңа премьералармен толығып отырады. Балет, опера,
мюзиклдерді сахналаумен қатар, әр-түрлі мерекелік шоу-думандар, шығармашылық кештер
өткізіліп тұрады. Заман ағымына сай бағыт ұстанған театр жаңа қойылымдарға отандық
режиссерлермен қатар, шетелдік әртістерді, режиссер, хореографтарды шақырып, басқа
театрлармен тәжірибе алмасып отырады. Бұл әр қойылымға деген үлкен жауапкершілікті
көрсетеді.
Театр ұжымында 300-ге жуық адам қызмет істесе, соның ішінде 150 әртістер. Оның
алтауы ҚР мәдениеті мен өнеріне еңбегі сіңген әртістері мен қайраткер атағына ие болғандар.
Атап айтқанда солист-вокалисттер: Амантай Ибраев, Елена Филинкова, Владимир Сухов,
Леонид Мельников, бас суретші Малик Байкенов, балет әртісі Надежда Мельникова.
«Мәдениет қайреткері» төс белгісіне ие болған солист-вокалисттер: Амантай Ибраев, Елена
Филинкова, Елена Ломоносова, бас суретші Малик Байкенов, оркестр әртісі Сыпков, бутофор
цех меңгерушісі Анара Қажғалиева. Халықаралық байқаулардың лауреаттары Амантай Ибраев,
Елена Филинкова, Андрей Школдыченко. Бірқатар әртістер Қарағанды облыстық Мәдениет
Басқармасының, облыс әкімінің сыйлығына, облыс, қала, республика көлеміндегі мақтау
грамоталарына ие болған.
Театр труппасында кәсіби шеберлігі жоғары мамандар қызмет жасайды. Театр республика
бойынша ғана емес, алыс-жақын шет ел мемлекеттеріне танымал. Театрға ҚР еңбек сіңірген
қайраткері Амантай Ибраев басшылық етеді.
2000 жылы облыстық Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім департементінің
ұсынысымен, Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің қолдауымен театрға
«Академиялық» құрметті атағы берілді.
Қазіргі таңда театр репертуарындағы оперетта саны 30-ға жуық. Алғашқы музыкалық
комедия - Р. Гаджиевтің «Не прячь улыбку!» қойылымы. Бүгінде 30-ға тарта комедия, 34 ертегі,
10 мюзикл, 10 балет, 8 опера бар. Театр қазақстандық авторлардың 18, ресейлік авторлардың 84
және әлемдік классиканың 46 туындысын орындады. 14 шетелдік ертегі сахналанған.
Музыкалық комедия театры туралы әдебиеттер:
Қарағанды академиялық музыкалық комедия театры // Сарыарқаның мәдениеті және өнері
= Культура и искусство Сарыарки = Culture and Art of Saryarka: фотоальбом. - Қарағанды:
Эдельвейс, 2010. – 82-87 б.
Музыкалық комедия театры //Қарағанды. Қарағанды облысы: энциклопедия / ред. Р.Н.
Нұрғалиев. - Алматы : Қаз.сов.энцикл., 1990. - 416-417 б.
Музыкалық комедия театры //Қарағанды. Қарағанды облысы: энциклопедия / ред. А. А.
Абдулин. - Алматы : Атамұра, 2006. - 409 б.
***
Ахмет А. «Еңлікгүл-2016» сыйлығының иегерлері анықталды // Мәдениет. - 2016. - № 5. -
51 б.
Ахмет А. Театр тынысы // Театр. kz. - 2016. - № 4. - 10-13 б.
Есали А. "Еңлікгүл" сыйлығы биыл екінші рет өз иелерін тапты // Егемен Қазақстан. -
2011. - 30 наурыз (№ 112/115). - 16 б.
Құрманбаева А. Ұлы бабаға ұрпақ тағзымы // Сарыарқа. - Жезқазған. - 2014. - 12 қыркүйек
(№ 38). - 8 б.
Музыка театрының базарлығы: Театрдың жаңа маусымы // Орталық Қазақстан.- 1982.- 5
қазан
Мұртазин Б. Өнер қиясына өрлеуде: /Қар. мемл. музыка комедия театрының ашылуына 5
жыл/ // Орталық Қазақстан.- 1973.- 18 қараша
Өнердің жас отауы: /Қар. обл. музыка комедия театрының ашылуына арналған бет/ //
Орталық Қазақстан.- 1973.- 16 қараша
102