Page 73 - 2023_kzd
P. 73
Оның жыр жинақтарының тақырыптары да тау қопарып, кен қорытқан жерлестерімізді көз
алдыңа елестетеді. «Тау ұлы», «Жездария», «Жез қазғандар», «Құрыш білек», «Жұмысшы
мәртебесі», «Құштар көңіл» - бәрінде де негізгі кейіпкер кеншілер. Және ойдан шығарылған
емес, мысты өлкенің тарихында есімдері қалған.
Әдебиеттер:
Жәдігер: ұжымдық жинақ / Ы. Адамбеков [және т. б.]; құраст. С. Бексейіт; Қарағанды
облысының әкімдігі. - Астана: Фолиант, 2014. - 249 б.
Райымбеков Ә. Жез дария: дастан мен өлеңдер. - Алматы: Жазушы, 1969. - 95 б.
Райымбеков Ә. Жез қазғандар: поэма. - Алматы: Қазақтың мемлекеттік көркем әдебиет
баспасы, 1961. - 51 б.
Райымбеков Ә. Жезқазған әуендері: толғаулар мен өлеңдер. - Алматы: Жазушы, 1966. - 80
б.
Райымбеков Ә. Жұлдыздарым: дастандар мен өлеңдер. - Алматы: Жазушы, 1989. - 135 б.
Райымбеков Ә. Жұмысшы мәртебесі: Қазақ прозасындағы жұмысшы тақырыбы туралы
зерттеу. - Алматы: Жазушы, 1980.
Райымбеков Ә. Қазақ поэзиясындағы жұмысшы образы: зерттеу. - Алматы: Жазушы,
1971. - 141 б.
Райымбеков Ә. Құрыш білек: өлеңдер мен поэма. - Алматы: Жазушы, 1975. - 79 б.
Райымбеков Ә. Құштар көңіл: өлеңдер мен толғаулар. - Алматы: Жазушы, 1983. - 118 б.
Райымбеков Ә. Тау ұлы: (өлеңдер мен поэмалар) / Ә. Райымбеков. - Алматы: Қазақтың
мемлекеттік көркем әдебиет баспасы, 1963. - 52 б
***
Райымбеков Ә. Майдангер Тәшібай ақын // Қазақ әдебиеті. - 2005. - 6 мамыр(N18). - 11 б.
Райымбеков Ә. Қарағандым: екі өлең // Қазақ әдебиеті. - 1962. - 16 март (№ 11). - 1 б.
Ә.Райымбеков туралы әдебиеттер:
Райымбеков Әбулақап // Қазақстан жазушылары: анықтамалық : 75 жыл / құраст. С.
Қамшыгер. - Алматы: Ан Арыс, 2009. - 324 б.
***
Әбулақап Райымбеков // Қазақ әдебиеті. - 2012. - 6 - 12 сәуір (№ 14). - 11 б.
Әмірбек К. Құдай қосқан құдам еді // Қазақ әдебиеті. - 2012. - 6 - 12 сәуір (№ 14). - 11 б.
Әбулақап ақын өмірден өтті // Сарыарқа. - Жезқазған. - 2012. - 6 сәуір (№ 15). - 15 б.
Қазанбаева З. Өлке журналистерінің ақсақалы // Сарыарқа. - Жезқазған. - 2012. - 27 сәуір
(№ 18). - 6 б.
Әбулақап Райымбеков // Орталық Қазақстан. - 2012. - 10 сәуір (№ 59). - 3 б.
1668-1781 - Қазақтың ұлы жырау Бұқар жырау
Қалқаманұлының туғанына 355 жыл
Бұқар жырау Қалқаманұлы – XVIII ғасырдағы қазақ әдебиетінің ең көрнекті өкілдерінің
бірі. Ол ұзақ өмір сүріп, көптеген тарихи оқиғалардың куәсі болған қазақ жырауы, мемлекет
қайраткері 1668 жылдар шамасында туған.
Бұқардың арғы тегі Арғын, оның ішінде Төртуыл Қаржас. Бұқардың әкесі Қалқаман
жаугершілік заманда ерлігімен аты шыққан батыр болған.
Бұқар жыраудың өмірі мен шығармашылығы Арқа өңірімен тығыз байланысты. Бірақ та
жастық шағы, қандай өмір өткелдерінен өткендігі, туған, өлген жылдары жайында нақты
деректер жоқ.
Бұқар жырау ерте кезден көзге түсіп, Тәуке ханның тұсында-ақ (1718 жылы өлген)
қабырғалы би болған деседі. Бірақ Абылайға дейінгі билеп келген хандардың ешқасайсымен тіл
табыса алмайды. Тек Абылай ханның тұсында жыраудың жұлдызы тағы да жанады, сөйтіп ол
хан ордасына оралып, қалған өмірінде мемлекеттік істерге тікелей араласады. Бұқар жырау
Қалқаманұлы Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының аумағындағы Далба тауының бір
сілемінде жерленген.
73