Page 72 - 2023_kzd
P. 72

бөлімшесі  болып  басталған  еді.  Кейін  Қазақстан  мен  Қырғыз  елдері  үшін  сырттан  оқыту
            факультетіне  айналып  оның  базасында  1969  жылы  10  қазанда  Қарағанды  жоғары  мектебі
            ашылды.
                  Барымбек  Сәрсенұлы  1923  жылы  11  желтоқсанда  Жаңаарқа  ауданында  дүниеге  келді.
            (Кейбір  деректерде  Жамбыл  облысы,  Сарысу  ауданы).  Ұлы  Отан  соғысына  қатысушы.  1952
            жылы  Алматы  заң  институтын  бітірген.  Заң  ғылымдарының  кандидаты.  Алматы  қаласы
            прокуратурасында  тергеуші,  аға  тергеуші,  прокурордың  көмекшісі  болып  істейді.  1969-1985
            жылдары Бейсенов КСРО ІІМ Қарағанды жоғары мектебінің негізін қалаушылардың бірі және
            алғашқы  бастығы.  Қысқа  мерзімде  мектептің  оқу  ғимараттары  іске  қосылып,  материалдық
            базасы  нығайды,  оқытушылар  құрамы  қалыптасты.  1985  жылдан  ІІМ  Алматы  мектебінің
            профессоры. Б.Бейсенов көптеген монографиялардың, оқу-әдістемелік кұралдардың авторы. Ол
            ҚР  Жоғарғы  соты,  Конституциялық  соты,  Бас  прокуратура,  ІІМ  ғылыми-консультациялық
            кеңесінін,  Жоғарғы  Кеңестің  қылмыстық  кодекс  жасау  жөніндегі  комиссиясының  мүшесі
            болып, елімізде құқықтық мемлекет құруға көп еңбек сіңірді. 2001 жылы Үкімет қаулысымен
            ол  негізін қалаған  казіргі  ҚР  ІІМ  Қарағанды  заң  институтына  Б.Бейсенов  есімі  берілді,  бюст
            орнатылды.
                                            Б.С.Бейсенов туралы әдебиеттер:
                  40  жыл.  Қазақстан  Республикасы  Ішкі  істер  министрлігі  Бәрімбек  Бейсенов  атындағы
            Қарағанды  заң  институтының  қалыптасу  және  даму  тарихы  (1969-2009  жылдар)  =  40  лет.
            История  становления  и  развития  Карагандинского  юридического  института  Министерства
            внутренних  дел  Республики  Казахстан  имени  Баримбека  Бейсенова  (1969-2009  годы):
            справочное издание. - Қарағанды: КарЮИ МВД РК им. Б. Бейсенова, 2009. - 160 б.
                  Бейсенов  Бәрімбек  Сәрсенұлы  (1923-1997)  //  Қарағанды.  Қарағанды  облысы:
            энциклопедия / ред. А. А. Абдулин. - Алматы: Атамұра, 2006. - 178 б.
                  Бейсенов  Бәрімбек  Сәрсенұлы  (1923-97)  //  Жаңаарқа:  энциклопедия.  -  Алматы:
            Темірқазық, 2009. - 144 б.
                                                            ***
                  Айтжанова Қ. Тәкаппар уақытқа төтеп берген...: ҚР ІІМБ.Бейсенов атындағы Қарағанды
            заң институтына - 40 жыл // Орталық Қазақстан. - 2009. - 17 қазан (№ 158/159). - 4 б.
                  Аманжол Қ. Бай өмірбаян, байтақ ұлағат // Егемен Қазақстан. - 2013. - 4 қазан. - 7 б.
                  Елікбаев Н. Азамат өнегесі // Орталық Қазақстан. - 2001. - 15 қыркүйек.
                  Елікбаев Н. Қадірі бөлек азамат еді // Орталық Қазақстан. - 2000. - 5 шілде.
                  Жанысбай С. Ұстазға - құрмет // Орталық Қазақстан. - 2003. - 25 ақпан. - 2 б.
                  Қасенов Б.  Ұмытылмас сәттер, ұмыт  болмас есімдер // Орталық  Қазақстан.  -  2002.  -  12
            маусым.
                                                          15  желтоқсан  1923  –  2012  –  Жазушы  Әбулақап
                                                          Райымбековтың туғанына 100 жыл
                  Ә.Райымбеков  1923  жылы  15  желтоқсанда  Жезқазған  облысының  Ұлытау  ауданындағы
            «Ұлытау»  кеңшарында  туған.  1939-1941  жылдарда  Қарсақбай  аудандық  мемлекеттік  банк
            бухгалтері,  1941–1948  жылдары  Жезқазған  аудандық  «Қызыл  кенші»  газетінің  әдеби
            қызметкері,  жауапты  хатшысы,  редактордың  орынбасары  болады.  1948-1951  жылдарда
            республикалық  «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш») газетінің әдеби қызметкері, 1952 жылы
            Жезқазған  кенішінде  шахта  жұмысшысы  болып  істейді.  1958  жылы  Алматыдағы  Қазақ
            мемлекеттік университетінің филология факультетінің журналистика бөлімін бітіреді. Ұлытау
            ауданының  «Шеңбер»  совхозында,  Жезқазған  кенішіндегі  орыс  орта  мектебінде,  кәсіптік
            училищеде  қазақ  тілі  мен  әдебиеті  пәндерінен  сабақ  береді.  1963  жылы  ҚазМУ-дің
            аспирантурасына түсіп, 1966 жылы «Қазақ поэзиясындағы жұмысшы бейнесінен» кандидаттық
            диссертация қорғап, көп жылдар ҚазМу-дың журналистика факультетінде дәріс берді
                  Ташкенттің  Низами  институтында  қазақ  тілі  мен  әдебиеті  бөлімінде  ұстаз,  М.  Әуезов
            атындағы  әдебиет  және  өнер  институтында  ғылыми  қызметкер,  ҚазМУ-дың  журфагында
            доцент қызметтерін атқарып, жас мамандар тәрбиелеуге елеулі үлес қосқан ұстаз болды.
                  1940 жылы облыстық газетте «Есембектің әңгімесі» деген тұңғыш очеркін жариялаған.

                                                             72
   67   68   69   70   71   72   73   74   75   76   77