Page 69 - 2023_kzd
P. 69

Борис,  Н.Гогольдің  «Ревизор»  -  Бобчинский,  Д.Исабековтың  «Әпке»  -  Тимур,  Б.Мұқайдың
            «Дүние кезек» - Раимов,  Н.Хикметтің «Елеусіз қалған есіл ер» - доктор, Ж.Ерғалиевтің «Жетім
            тағдыр»  -  Шахан,  Қорқыт  (реж.  Д.Еспаев)  «Келеміз.Кетеміз.  Өлеміз.  Өтеміз...»  -  Қорқыт
            бейнелері.
                  Белгілі  өнер  саңлағы  1986  жылы  С.Жүнісовтың  “Өліара”  қойылымындағы  бас  кейіпкер
            В.И.Лениннің бейнесін сомдағаны үшін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығына,
            1996 жылы Қазақстанның еңбек сіңірген артисі атағына ие болды.
                  Көне  грек,  әлем,  орыс,  қазақ  классиктерінің  драматургиялық  шығармаларында  күрделі
            образдар  галереясын  жасап,  көрермендер  мен  сыншылардан  жоғары  баға  алды.  2004-2012
            жылдар аралығында С.Сейфуллин атындағы қазақ драма театрының директоры болды. Мықты
            басшы,  қабілетті  ұйымдастырушы,  тәлімгер  аға  ретінде  соңынан  ерген  жас  актерлар  мен
            әріптестеріне үнемі үлгі-өнеге танытып келеді.
                  Кеңес  Нарымбайұлы  драматург.  Оның  қаламынын  туындаған  бірнеше  шығармасы
            республикамыздың  көптеген  театрларында  қойылды.  Атап  айтқанда  «Қаздауысты  Қазыбек»,
            «Замана  неткен  тар  едің»,  «Ата  парызы»  және  Ә.Оразбековпен  бірлесіп  жазған  «Тәттімбет»
            шығармалары.  Осы  қойылымдармен  республикалық  театр  фестивалдеріне  қатысып,  жүлделі
            орындарға ие болды.
                  Жұмабеков  Кеңес  Қарағанды  қаласында  1999  жылдан  өткізіліп  келе  жатқан  «Театр
            балалар     әлемінде»     атты    балаларға     арналған    аймақтық      театрлар    фестивалінің
            ұйымдастырушысы,  авторы.  2010  жылы  Кеңес  Нарымбайұлы  С.Сейфуллин  атындағы
            Қарағанды облыстық қазақ драма театрының жанынан қуыршақ театрын ашып, сәбилеріміздің
            ұлттық шығарманы көріп, біліп өсулеріне мүмкіндік жасады.
                  2008  жылы  Қазақстан  Республикасының  Мәдениет  және  ақпарат  министрлігінің
            «Мәдениет  қайраткері»  белгісімен,  2011  жылы  «ҚР  Тәуелсіздігіне  20  жыл»  мерекелік
            медалімен,  2012  жылы  «Мамандығына  адалдығы  үшін»  номинациясы  бойынша  Қарағанды
            облысының  әкімінің  сыйлығымен,  Қазақстан  Театр  қайраткерлері  Одағының  «Театр  өнерін
            дамытуға қосқан үлесі үшін» номинациясы бойынша «Еңлікгүл» сыйлығымен және бірнеше рет
            Қазақстан  Республикасының  Мәдениет  және  ақпарат  министрлігінің,  Қарағанды  облысы
            әкімінің, мәдениет басқармасының Құрмет грамоталарымен марапатталды. 2014 жыл қарашада
            Тараз қаласында өткен «Тұңғышбай Әл-Тарази Таразға шақырады» атты актер өнеріне арналған
            I  Халықаралық  театрлар  фестиваліне  У.Шекспирдің  «Король  Лир»  қойылымымен  қатысып,
            «Актер  өнеріне  қосқан  үлесі»  номинациясымен  Король  Лир  ролін  шебер  орындағаны  үшін
            марапатталды.
                  Кейінгі жылдары драматургтың поэтикалық сарыны мен қарымды қаламының туындаған
            «Абай мен Әбіш» және  «Адасқандар» сияқты дүниелері қалың көрерменге жол тартты.  «Ата
            парызы»  арқылы  ұлттық  құндылықтың  діңгегін  дәріптеді.  «Қаз  дауысты  Қазыбек  би»  мен
            «Көмекей  әулие»  атты  драмалық  шығармаларында  бабалардың  даналық  келбеті  ұлықталып,
            киелі санхнада көрініс тапты.
                  2018  жылы  Қарағанды  қаласында  Кеңес  Жұмабеков  70  жылдық  мерейтойына  арналған
            айрықша шығармашылық кеші өтті. Шығармашылық кешке атақты актердің сыйлас достары,
            өнер  қайраткерлері,  жерлестері  қатысты.  Кеште  халықаралық  дәрежедегі  журналист  Сағат
            Батырхан әртіске тосын тарту жасады. Қабырғалы қаламгердің театр тарланы туралы жазылған
            «Елеулі есімдер» атты кітабы жарыққа шықты.
                  http://www.seyfullin.kz/index.php?option=com_content&view=article&id=64:kenes-
            zhumabekov&catid=22&Itemid=117&lang=kz
                                                       Әдебиеттер:
                  Жұмабеков  К.  Жаны  таза  азамат  //  Сансызбай  Бекболатов:  өмірбаяндық  және
            өнербаяндық, деректер, естеліктер, сұхбаттар, пікірлер мен ой-толғамдар / құраст. С. Батырхан.
            - Алматы: Үш Қиян, 2018. - 38 б.
                  Жұмабеков К. Сахна сарабдалы. - Алматы : Palitra-Press, 2014. - 141 б.
                  Жұмабеков К. Шығармалары: [жинақ] / К. Жұмабеков, А. Құрмансейітов, Қ. Сәдуақасов;
            құраст. Қ. Асанов; Қарағанды облысының әкімдігі. - Астана: Фолиант, 2014. - 343 б.

                                                             69
   64   65   66   67   68   69   70   71   72   73   74