Page 68 - 2023_kzd
P. 68
25 қараша 1938 – 1984 – Социалистік Еңбек Ері
Қадыр Абдрасуловтың туғанына 85 жыл
Қадыр Әбдірәсілов1938 жылы 25 қарашада Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданының
Бесоба ауылында дүниеге келген. Еңбек жолын он бес жасында бастаған. Бесоба ауылының
колхозында есепші болып жұмыс істеді, содан кейін Қарағандыға көшіп келді. Мұнда
«Ленинкөмір» тресінің Калинин атындағы № 17 шахтасында оталаушы болып жұмысқа
орналасты. Калинин атындағы № 17 шахта жабылғаннан кейін № 22 шахтада жұмыс істеді.
1958 жылы туған ауылы Бесобаға оралып, біраз уақыт КОКП XXII съезі атындағы совхозда
жұмыс істеді. Кейін Қарағандыға қайтадан оралып, «Ленинкөмір» тресінің № 19 көмір
шахтасында комбайншының көмекшісі болып жұмыс істеген. 1971-1984 жылдар аралығында
тазалау комбайнының машинисі болып жұмыс істеді, Қарағанды көмір өндіру өндірістік
бірлестігінің «Киров» шахтасының тазалау забойының тау-кен жұмысшыларының бригадирі
болды. 1976 жылы тоғызыншы бесжылдық жоспарларын мерзімінен бұрын орындағаны үшін
Социалистік Еңбек Ері атағына ие болды (1976).
1988 Қ.Әбдірәсілов құрметіне Қарағандыда бүкілодақтық шахмат турнирі өткізілді.
Майқұдықтағы «Шахтер даңқы» стелласында Қадыр Әбдірісіловтың есімі алтын әріппен
жазылған. Белгілі ақын Жаппар Өмірбеков кеншіге арнап «Қадыр батыр» поэмасын жазды.
Еңбек тарланның өмірі мен еңбек жолы жайлы көптеген мағлұматтар облыстық өлкетану
мұражайында сақталған. Ол еңбек еткен «Киров» шахтасында оның есімін еске сақтау
мақсатында Батыр атындағы сыйлық тағайындалып өнеркәсіптің жүлдегер бригадаларына
тапсырылады. Ал шахта мұражайында кеншінің қола бюсті орын алған. Бейбіт күннің батыры
Қ.Әбдірасылов туып-өскен мекен Бесоба аулында көше есімі берілген және мектеп
мұражайында әйгілі кеншіге арналған бұрышта ол туралы деректердің бәрі жиналған.
Әдебиеттер:
Әбдірасіловтың Қадыр (1938-1984) // Қарағанды. Қарағанды облысы: энциклопедия / ред.
А. А. Абдулин. - Алматы: Атамұра, 2006. - 142 б.
Қадырдың жұлдызы: деректі фильм / режиссер - оператор К. Умаров; композитор А.
Мусакулов. - Алматы: Кино, 2005-2006. - 26 эл. опт. диск
***
Жақыпбекова Т. Өмір жолы өнеге // Орталық Қазақстан. - 2004. - 30 желтоқсан. - 5 б.
Жанғожин А. Қос қуаныш // Жалын. - 1976. - № 4. - 123-126 б.
Тойбек Ж. Қадырдың жұлдызды сәті // Орталық Қазақстан. - 2006. - 22 тамыз. - 6 б.
29 қараша 1948 - Актер, Қазақстан
Республикасының еңбек сіңірген артисі,
Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Кеңес
Нарынбайұлы Жұмабековтың туғанына 75 жыл
«Маған жақсы жандар жол көрсетіп, жөн сілтеді.Мен сол аға буынға
қарыздармын.Енді тұлғалардың өмірлік өнегелерін жас ұрпаққа насихаттауым керек»
Кеңес ЖҰМАБЕКОВ, ҚР Еңбек сіңірген әртісі:
Кеңес Жұмабеков Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданына қарасты Майшұңқыр
ауылында дүниеге келген. Ол 1968 жылы Мұхтар Әуезов атындағы академиялық қазақ драма
театры жанындағы актерлық студияны тәмәмдаған. 1985 жылы Қарағанды мемлекеттік
университетін филология факультетін (қазақ тілі мен әдебиеті) тәмамдаған. Сәкен театрында
1968 жылдан бері үзбей актер болып қызмет етіп келеді. Осы жылдар ішінде 120 дан астам
рольдерді сомдады. Атап айтқанда, Ғ.Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» - Қозы,
М.Әуезовтің «Еңлік-Кебек» - Көбей, Жапал, «Абай» - Оразбай, «Айман-Шолпан» - Өзбек,
Ш.Уәлихановтың «Ағнұр»- Қылышбай, С.Жүнісов «Жаралы гүлдер» - Бақыт, «Өліара» -
В.И.Ленин, Ә.Оразбековтің «Бір түп алма ағаш» - Ерғали, У.Шекспирдің «Юлии Цезарь» -
Антони, «Макбет» - Малькольм, «Король Лир»- Король Лир, А.Островскийдің «Найзағай» -
68