Page 63 - 2023_kzd
P. 63
Қамза Бижанұлы Жұмабеков // Орталық Қазақстан. - 2017. - 21 қазан (№ 117). - 5 б.
Хамзин М. Ұлағатты ғұмыр // Орталық Қазақстан. - 2008. - 25 қазан (№165-166) . - 4 б.
7 қараша 1938 - Жазушы, драматург Өтен
Ахметтің туғанына 85 жыл
Өтен Ахметов 1938 жылы Қызылорда облысының Қармақшы ауданында теміржолшы
отбасында туған. Осында сегізінші сыныпты бітіргеннен кейін, Жезқазғанға келіп, 1956-1958
жылдар аралығында шахтада жұмыс істейді, әрі кешкі жұмысшы жастар мектебінде оқып, он
жылдық білім алып шығады.
Ө.Ахметов 1958 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің
филология факультетіне түсіп, оны ойдағыдай бітірген соң, 1936-1967 жылдары Жезқазған
облысы, Жезді ауданының Қарсақбай поселкесінде қазақ орта мектебінде тарих және қоғамтану
пәндерінен сабақ берді. Ал, 1967 жылдан бастап Ө.Ахметов ұзақ уақыт баспасөз саласында
еңбек етті.
1973-1982 жылдары телевизия және радио хабары жөніндегі облыстық комитеттің бас
редакторы қызметін атқарған.
1982-1987 жылдар аралығында «Орталық Қазақстан» газетінің Балқаш қаласы бойынша
меншікті тілшісі, бөлім меңгерушісі, одан соң редактордың орынбасары, ал 1993 жылы
Ө.Ахметов – Қарағанды телевизия және радио хабары жөніндегі комиттетің бас редакторы,
1993-97 жылдары төрағасы болды. 1997 жылы «Азия Транзит» газетінің бас редакторы болып
уақытша қызмет атқарған. Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Мыңбаев ауылындағы орта
мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болды.
2005 жылдан зейнеткерлікке шыққанға дейін Алматы облыстық Бикен Римова атындағы
драма театрында әдебиет бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарады. «Жетісу» телеарнасында
«Кешкі сұхбат» хабарын жүргізеді. Қазір Нұр-Сұлтан қаласында тұрады.
Оның шығармашылық тұңғыш еңбегі Балқаш кен металлургия комбинаты туралы
«Алыптың адымы» атты очерк кітабы 1968 жылы, «Алда күн бар» атты алғашқы повесі 1973
жылы жарық көрді. Одан кейін «Адам болғым келеді» (1975), «Алтын арқау» повестері (1977),
«Қоңыр үй» (1982), «Заңғар» (1988), «Адасқан ғасыр» (2007), «Қарқаралы аруы» (2008)
романдары шықты. «Сырдария» кітапханасы сериясымен 2009 жылы таңдаулы прозаларының І
томдығы жарық көрген. «Қазақтелефильм» түсірген «Қарқаралы қыздарыай» телевизиялық
фильмі сценарийінің, «Темірқазық», «Студенттер», «Кенесары, Наурызбай», «Желтоқсан
ызғары», «Бағдаршам», «Құрыш пен қоңыз» пьесаларының авторы.
«Құрыш пен қоңыз» әңгімесі үшін республикалық «Балдырған» журналының (1977),
«Заңғар» романы үшін (1989) Қазақстан Магниткасы жұмысшы бәйгесінің лауреаты атанды.
Республикалық телефестивальдерде бас жүлдені үш дүркін жеңіп алған. «Жас қазақ үні» газеті
өткізген бәйгеде (2004) «Шақшақ шерілі» әңгімесі жыл үздігі атанған. «Уақыт кімді
жақтайды?» көсемсөзі (2006) «Отбасы және денсаулық» журналының бас бәйгесін иеленген.
Әдебиеттер:
Ахметов Ө. Қоңыр үй: роман. - Алматы: Жазушы, 1982. - 214 б.
Ахметов Ө. Заңғар: Роман.- Алматы: Жалын, 1988.- 288 б.
Ахметов Ө. Қос дидардың шуағы // Өмір оттары.- Алматы, 1980.- 85-93 б.
Ахметов Ө. Алтын арқау: повестер мен әңгімелер. - Алматы : Жалын, 1977. - 126 б.
Ахметов Ө. Адам болғым келеді: повесть. - Алматы: Жазушы, 1975. - 129 б.
Ахметов Ө. Адам деген ардақты есім // Тәпенов Е. Өнер белестері; ред. Ғ. Жұматов. -
Павлодар: ЭКО, 2006. - 62-66 б.
Ахмет Ө. Қарқаралы аруы: роман. - Алматы: Жазушы, 2008. - 303 б.
Ахмет Ө. Адасқан ғасыр: повестер. - Алматы: Жалын, 2007. - 320 б.
Ахмет Ө. Шығармалары: роман, хикаяттар мен әңгімелер.-Астана: Фолиант, 2009. - 382 б.
Ахмет Ө. Шығармалары: [үш томдық]: роман-эссе. 1 т. Ғашық жүрек. - Астана: Фолиант,
2017. - 398 б.
63