Page 46 - 2023_kzd
P. 46

Сәулебекова М. Асыл аға // Шет шұғыласы. - Ақсу-Аюлы, 2008. - 27 қараша (№ 50).- 4 б.
                  Сыздық Б. Жастардың жанашыры болған Жәкең // Тұмар. - 2016. - № 2. - 34-39 б.
                  Сыздық Б. Таза сезім, ақ шешімнің адамы // Орталық Қазақстан. - 2014. - 29 қараша.
                  Тұлға // Шет шұғыласы. - 2015. - 1 қазан (№ 40). - 5 б; Ізденіс. - 2015. - 13 тамыз. - 8 б.
                  Хамзин М. Ірілік пен асқақтық феномені // Орталық Қазақстан. - 2012. - 24 қараша. - 6 б.

                                                          3    тамыз      1933     –     Академик,       химия
                                                          ғылымдарының  докторы,  профессор  Зейнолла
                                                          Молдахметовтың туғанына 90 жыл

                  Зейнолла  Молдахметов  атағы  әлемге  әйгілі  ФИАН  зертханасында  талай  тәжірибе
            жүргізіп, ондағы ірі ғалымдардан тәлім-тәрбие алған. Ол Қазақстанда квантты химия мектебін
            алғаш қалыптастырған дарабоз ғалым.
                  З.Молдахметов  1933  жылы  8  тамыз  күні  Солтүстік  Қазақстан  облысы  Жамбыл  ауданы
            Октябрь  ауылында  дүниеге  келген.  1952  жылы  Абай  атындағы  Қазақ  педагогикалық
            иституттының физика-математика факультетіне түсіп, 1956 жылы бітіреді. 1956 жылдан 1959
            жылға дейін Солтүстік Қазақстан облысының Мамлют және Булаев орта мектептерінде физика
            пәнінің  мұғалімі  болып  жұмыс  істеді.  1959  жылы  М.  В.  Ломоносов  атындағы  Мәскеу  жұқа
            химиялық технология институтының аспирантурасына түсіп, 1962 жылы бітіреді.
                  1962 жылдың желтоқсанынан 1965 жылдың қаңтарына дейін С. М. Киров атындағы Қазақ
            мемлекеттік университетінің физикалық химия кафедрасында оқытушы болып жұмыс істеді
                  1965-1974  жылдары  ҚазКСР  ҒА  ХМИ  зертханасының  аға  ғылыми  қызметкері,
            меңгерушісі  болды.  1974-75  жылдары  Қарағанды  Мемлекеттік  Университетінің  проректоры,
            1975-1980  жылдары  қазақ  химия-технология  институтының  ректоры,  1980-1988  жылдары
            Қарағанды  Мемлекеттік  Университетінің  ректоры,  1988-2001  жылдары  ҚРҰҒА  Орталық
            Қазақстан бөлімінің академик хатшысы қызметін атқарды. 1991-97 жылдары Қазақстан ҒА-ның
            Органикалық  синтез  және  көмір  химиясы  институтының  директоры  болды.  1998  жылы
            академик  З.М.Молдахметовтың  бастамасымен  Қарағандыда  Ресей-Қазақстан  Қазіргі  заманғы
            Гуманитарлық Университеті құрылды. Зейнеткерлікке шыққанға дейін сол оқу орнында ректор
            болды.
                  Зейнолла  Молдахметов  физикалық  химия  саласының  маманы,  спектроскопия  және
            кванттық  химия  бойынша  зерттеулерді  дамытудың  негізін  қалаушылардың  бірі,  химия
            ғылымдарының докторы (1972), профессор (1974), Қазақстан ҒА-ның академигі (1989).
                  Ұлы  зерттеулерінің  негізгі  бағыты  органикалық  молекулалардың  фотохимиясы  мен
            фотофизикасын,  сондай-ақ  теориялық  және  қолданбалы  спектроскопиясын,  кванттық  химия
            және органикалық молекулалардың реакция қасиеттерін зерттеуге арналған. Молдахметов 350-
            ден  астам  ғылыми  еңбектің,  оның  ішінде  6  монография,  6  авторлық  куәлік  пен  патенттің
            авторы.
                  Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (1993). ҚР білім беру ісінің Құрметті қызметкері
            (2002). «Құрмет белгісі» (1981), «Еңбек Қызыл Ту» (1986), «Парасат» (2007) ордендерімен және
            көптеген медальдармен марапатталған.
                                                       Әдебиеттер:
                  Ғылыми  еңбектер  =  Научные  труды  =  Scientific  Works:  №4-шығарылым  /  ред.:  З.  М.
            Молдахметов, А. М. Ғазалиев. - Караганды: Изд-во КРУ, 2006. - 266 б.
                  Ғылыми  еңбектер  =  Научные  труды  =  Scientific  Works:  №3-шығарылым  /  ред.:  З.  М.
            Молдахметов, А. М. Ғазалиев. - Караганды: Изд-во КРУ, 2006. - 176 б.
                                                            ***
                  Молдахметов З. Елбасы туралы елеулі еңбек / З. Молдахметов, Р. Омарбекова // Орталық
            Қазақстан. - 2015. - 14 мамыр (№ 78/79). - 1 б.
                  Молдахметов З. Заманымыздың заңғар заңгері // Орт. Қазақстан. - 2001. - 22 қыркүйек.
                  Молдахметов З. Техника ғылымының Толағайы // Орталық Қазақстан. - 2000. - 16 желт.
                  Молдахметов З.  Халқының сүйіктісі әрі мақтанышы // Орталық Қазақстан.  - 2002. - 17
            сәуір.

                                                             46
   41   42   43   44   45   46   47   48   49   50   51