Page 50 - 2023_kzd
P. 50

(редакторы Ә.Қарағұлов), қалалық және облыстық (хатшысы Ә.Қанапин) партия комитетімен
            бірлесе отырып бірнеше айтыс өткізілді.
                  Ақындар  айтысының  жаппай  етек  алып  жандана  түскен  кезі  1943  жыл  болды.  Ақпан
            айының соңында Қазақстан жазушылар одағының III пленумы шақырлып, оған көрнекті халық
            ақындарының бір тобы қатысты.
                  Кенен  Әзірбаев  пленумда  сөйлеген  сөзінде  халық  ақындарының  еңбекшілерді  жеңіске
            жігерлендірудегі патриоттық істерін айтады. Пленумнан кейін, 2 наурыз күні халық ақындары
            республика  басшыларымен  кездесіп,  жер-жерде  ақындар  айтысын  өткізуге  ұсыныс  жасады.
            Ұсыныс қабылданып, аудандар мен облыстарда айтыс өткізу ұйғарылды. Жазушылар одағына,
            облыс басшыларында нақты тапсырма берілді.
                  Айтыстың  тәрбиелік  мәнінің  үлкендігі  сонда,  оның  жоғары  деңгейде  өтуіне  облыстық
            партия комитеті ғана емес, Орталық Комитеттің өзі де баса көңіл бөлген. Әуелбаста «Советтік
            Қарағанды» (қазіргі «Орталық Қазақстан») газет ұжымынан шыққан осы бастаманың ел басына
            ауыр  күн  туған  шақтағы  елге  тигізер  оң  ықпалын  жете  ұғынды.  Айтысты  ұйымдастырып,
            өткізуге қазақ әдебиетінің ірі өкілі, сөз зергері Ғабит Мүсірепов бөлінді. Осы ақындар айтысы
            туралы  газеттің  сол  кездегі  редакторы  Ә.Қарағұлов  өзінің  «Баспасөз  және  уақыт  тынысы»
            кітабында  былай  дейді:  «…  Қарағандыда  Доскей  Әлімбаев  дейтін  көпті  көрген  көне,  белгілі
            халық  ақыны  барды.  Редакцияға  жиі  келіп  тұратын.  Бірде  ол  майдандағы  армияның  ерлігіне
            арналған  өлеңін  әкеліп,  өзінің  жас  кезінде  бір  ақынмен  айтысқаны  жөнінде  әңгіме  айтты.
            Жұртшылықтың  делебесін  қоздыратын,  кәріні  де,  жасты  да  тебірентетін  осы  айтыс  өнерінің
            соңғы  жылдары  ұмыт  болып  бара  жатқанына  қынжылатындығын  сездірді.  Бұл  біздің
            журналистерге  ой  салды.  Жергілікті  ақын-жазушыларды  редакцияға  жинап,  пікір  алыстық.
            Әуелі екі шахтаның атынан екі халық ақынын айтыстырып көрмек болып ұйғарылды. Екі апта
            бойы  дайындық  жұмысы  жүргізілді».  Міне,  осыдан  соң  Қарағанды  қалалық  партия  комитеті
            мен «Советтік Қарағанды» газетінің редакциясы 1943 жылдың 13 маусымында бассейнде ақын-
            жазушылар мен кеншілердің кездесуін өткізген. Кездесу  «Ұлы Отан  соғысы және Қарағанды
            кеншілерінің міндеттері» деген тақырыппен өткен. Бұл шын мәнісіндегі кеншілер қаласындағы
            айрықша бас қосу еді. Жиынның ресми бөлігі аяқталған соң ортаға екі ақын шықты. Бұлар №18
            және  №20  шахталар  атынан  айтысқа  шыққан  ақындар  Қайып  Айнабеков  пен  Ілияс  Манкин
            болатын. Осы екі ақынның айтысын Ғ.Мүсірепов қорытады.
                  Обком  бюросы  еңбекшілер  арасында  үгіт-бұқаралық  жұмыстың  пәрменділігін  күшейту
            құралы  ретінде  өзін  толық  ақтаған  жарыстың  дәстүрлі  халықтық  формасы  болып  табылатын
            ақындар айтысына үлкен саяси маңыз бере келіп, 14 тамызда Қарағанды мен Балқаш қалалары
            халық  ақындарының  айтысын  өткізу  жөнінде  редакцияның  қалалық  партия  комитетімен
            бірлесіп жасаған ұсынысын мақұлдады, деп еске алады өз естелігінде Әбдуәли Қарағұлов.
                  Соның  нәтижесінде  14  тамызда  Қарағанды  мен  Балқаш  қалалары  халық  ақындарының
            айтысы өтіп, Қарағандының намысын Көшен Елеуов қорғаса, балқаштықтар атынан Шашубай
            Қошқарбаев шығады. «Советтік Қарағанды» газеті редакциясы ұжымының шағын бөлмесінде
            туындаған осы идея үлкен халықтық дүбірлі сайысқа ұласты. Елдің ақындар айтысына деген
            құмарлығы соншалық,  ақындар айтысы өткен ғимаратта ине шаншар орын болмады.  Балқаш
            пен  Қарағанды  ақындарының  осы  айтысы  туралы  Ә.Қарағұлов  былай  әңгімелейді:  «Балқаш
            мысшыларының  белгілі  тілмар  ақыны  Шашубай  Қошқарбаев  пен  Қарағанды  кеншілерінің
            жезтаңдай жүйрігі Көшен Елеуовтің бұл айтысы екі жақтың да делебесін қоздырды. Дуылдаған
            көпшілік түні бойы тыңдаса да құлақ құрышы қанар емес. Ақындардың да аяқ алысы күшті.
            Бірінен бірі асып түседі. Сөз маржаны жарқ-жұрқ етіп ақтарылып жатыр…»
                  Мұндай  айтыстар  Нұра,  Шет,  Қарқаралы  жерлерінде  де  өтеді.  Жалпақ  жұртқа  кеңінен
            таныла бастаған жыр сайыстары бұдан кейін өрісін ұзартып, облысаралық ақындар айтысына
            ұласады.  Семей-Қарағанды  қалаларының  ақындарының  айтыстары  «Советтік  Қарағанды»
            газетінде  «Асыл  сөз, тасқынды жыр жеңіс үшін» деген ортақ тақырыппен толық нұсқасында
            жарық  көреді.  Бұл  айтыстың  кейбіреулері  Қазақ  ССР  Ғылым  Академиясының  М.Әуезов
            атындағы  әдебиет  және  өнер  институты  дайындап,  1966  жылы  «Жазушы»  баспасынан
            шығарғын.  «Айтыс»  атты  кітаптың  үшінші  томына  кіргізілген.  Ондағы  Шашубай  мен

                                                             50
   45   46   47   48   49   50   51   52   53   54   55