Page 51 - 2023_kzd
P. 51

Көшеннің, Маясар мен Нұрлыбектің. Қайып пен Ілиястың, Шашубай мен Болманның, Болман
            мен  Нұртазаның,  Ғабидман  мен  Жолдыкейдің,  Иманжан  мен  Әбілқасеннің,  Нияз  бен
            Болманның айтыстары соғыс кезіндегі және одан кейінгі соғыстан күйреген шаруашылықтарды
            қалпына келтіру тұсындағы қала мен дала тарихының жанды суреттері тәрізді ел шежіресінің
            алтын парақтары болып қала берері сөзсіз.
                  Газеттің  1943  жылғы  27  тамыздағы  санында  Ғабит  Мүсірепов  «…  Сонымен  Қарағанды
            облысында  қайта  туған  айтыс  қазір  бүкіл  республикалық  көлемге  қанат  жайып  кетті»,  деп
            жазды.
                  Бұдан  бұрын  да  жер-жерде  сиректеу  болса  да  өткізіліп  жүрген  айтыс  өнері  дәл  осы
            жолғыдан кейін қанатын кеңге жайып-ақ кетті.
                  Соғыс  жылдары  қазақтың  ежелгі  өнері  –  ақындар  айтысына  облыстық  партия,  совет
            ұйымдары айтарлықтай көңіл бөліп отырды. Мұның өзі байырғы өнердің  жаңарып, жасарып,
            дами түсуіне жағдай жасады. Мәселен, облыстық Совет атқару комитеті өзінің мәжілістерінде
            ақындар айтысының жайы, халық ақындарының жұмысы, тұрмыстық жайы туралы мәселелерге
            ұдайы айналып соғып, арнайы шешімдер қабылдап отырды.
                  Осы  1943  жылдың  (14  тамыз)  өткізілген  ақындардың  республикалық  айтысында
            Қарағанды  облысының  ақындары  алдына  жан  салмады  десе  де  болғандай.  Оған  Қазақ  ССР
            Халық  Комиссарлары  Советінің  6  қаңтарда  жарық  көрген,  Қарағанды  облыстық  архивінде
            сақтаулы «Республикалық ақындар айтысындағы жүлделі орын алған жеңімпаздарға сыйлықтар
            беруді  шешетін  Үкімет  жюриінің  шешімдерін  бектіту  туралы»  қаулысы  куә  бола  алады.  Бұл
            қаулыда  осы  жарыстарда  бірінші  жүлдені  дау-дамайсыз  жеңіп  алған  Қарағанды  облысы
            командасының, бүкіл облыстық «жалын ақындар айтысын ойдағыдай ұйымдастырып отырған
            үлгілі жұмысы ерекше атап» көрсетілген.
                  Айтыс өнерінің қорына алтын қазына болып қосылды. Қарағандылық ақындар 1943 жылы
            республикалық  ақындар  айтысына  қатысты.  Қарағандыда  1986  жылы  екінші,  1988  жылы
            үшінші  облыстық  ақындар  айтысы  ұйымдастырылды.  Кейін  ақындар  айтысын  телевизия
            арқылы  ұйымдастыру  дәстүрге  айналды.  Қарағандылық  ақын  А.Әлтаев  республикалық
            айтыстардың бірнеше дүркін жүлдегері болды.
                                                       Әдебиеттер:
                  Ақын жыраулар. Алматы, Қазақ ССР «Ғылым» баспасы – 1979.- 184 б.
                  Ақындар айтысы // Қарағанды. Қарағанды облысы. – Алматы, 1990. – 96 б.
                  Ақындар  айтысы  //  Қарағанды.  Қарағанды  облысы:  энцклопедия.  –  Алматы:  Атамұра,
            2006. -111 б.
                  Ақындар жыры: Қазіргі халық поэзиясы.- Алматы, 1963.- 234 б.
                  Жармұқамедов М Айтыс өнері Алматы, «Қазақстан» баспасы- 1979.- 64 б.
                  Жармұқамедов  М  Айтыстың  даму  жолдары  Алматы,  Қазақ  ССР  «Ғылым»  баспасы  –
            1976.- 168 б.
                  Жармұхамедов М. Айтыс /Қазақ ССР "Білім" қоғамы.- Алматы: Білім, 1990.- 52 б.
                  Заман шабыты: Қарағанды облысы ақындарының айтысы /Ред. Р.Кенжетаев.- Қарағанды,
            1958.- 88 б.
                  Қазақ  қолжазбаларының  ғылыми  сипаттамасы.  6-том.  Айтыс  /  жауапты  шығарушы  А.
            Әзімхан.- Алматы: Ғылым, 1989.- 296 б.
                  Қаһарлы сөз қамал бұзады. – Алматы: Ғылым, 1995. – 272 б.
                  Нұрмағамбетова  О.  Қаһарлы  сөз  –  қамал  бұзады.  Алматы,  Қазақ  ССР  «Білім»  қоғамы,
            1965.
                  Пернедегі  термелер:  Қазақ  Совет  халық  ақындарының  шығармалары  /  бас  ред.  С.
            Мұқанов.- Алматы: Жазушы, 1965.- 396 б.
                                                            ***
                  Ақындар жыры – Октябрь //Орталық Қазақстан.-1967.- 8 қазан.
                  Ақындар шықты айтысқа //Орталық Қазақстан.-1972.- 26 тамыз.
                  Әлімбаев Д. Қарағанды-кенішім // Орталық Қазақстан. - 1999. - 19 шілде.
                  Бектұров Ж. Айтыс //Орталық Қазақстан.- 1988.-29 мамыр.

                                                             51
   46   47   48   49   50   51   52   53   54   55   56