Page 43 - 2023_kzd
P. 43

Жұмакенов Е. Мемлекет мәдениетке ерекше көңіл бөлуде // Орталық Қазақстан. - 2021. -
            23 қаңтар (№ 8). - 4 б.
                  Қабидолдин  Р.  Аймақ  руханиятының  алтын  ұясы  //  Орталық  Қазақстан.  -  2016.  -  10
            қыркүйек (№ 148/149). - 6 б.
                  Қабидолдин Р. Теңдесі жоқ тың жоба // Орталық Қазақстан. - 2017. - 19 тамыз (№ 92). - 6
            б.
                  Қайсенов Д. Мәдениет ғұламасы // Орталық Қазақстан. - 2000. - 25 қараша.
                  Құттыбай М. Ардақты апай // Орталық Қазақстан. - 2018. - 10 ақпан (№ 17). - 3 б.
                  Нелдібаев  Е.  Мәдениет  саласында  -  жүйелі  жұмыс  //  Орталық  Қазақстан.  -  2020.  -  23
            қаңтар (№ 8). - 4 б.
                  Омарбекова  Р.  «Мәдениет  -  адамзат  тарихының  ең  басты  күретамыры»  //  Орталық
            Қазақстан. - 2008. - 24 қаңтар. - 2 б.
                  Омарбекова Р. Жоғары мәдениетке жету  - міндетіміз // Орталық Қазақстан.  - 2005. - 20
            қыркүйек. - 3 б.
                  Өңірде - кадрлық өзгерістер // Орталық Қазақстан. - 2020. - 11 ақпан (№ 16). - 2 б.
                  Сексенұлы С. Абыздан шыққан алып тұлға // Орталық Қазақстан. - 2020. - 25 маусым (№
            68). - 4 б.
                  Сексенұлы С. Мәдениет басқармасында - жаңа басшы // Орталық Қазақстан.  - 2011. - 5
            ақпан (№ 18/19). - 1 б.
                  Серікжанқызы Г. Шығармашылық үйірмелерге сұраныс жоғары // Орталық Қазақстан.  -
            2022. - 26 ақпан (№ 23). - 5 б.
                  Сығай Ә. Мәдениетіміздің майталман ұйымдастырушысы // Орталық Қазақстан. - 2003. - 8
            ақпан. - 9  б; Сыр мен сымбат. - 2003 . - №2. - 14 б.

                                                          27  шілде  1938-2007  –  Профессор,  Қарағанды
                                                          қаласы,  Шет  ауданының  құрметті  азаматы
                                                          Жамбыл  Сәулебекұлы  Ақылбаевтың  туғанына
                                                          85 жыл
                  Ж. С. Ақылбаев 1938 жылы 27 шілде күні Қарағанды облысы Шет ауданы, Ақсу-Аюлы
            ауылында  туған.  Жамбыл  Сәулебекұлы  Ақылбаев  Қазақстан  Республикасы  Ғылым
            академиясының  корреспондент-мүшесі,  Халықаралық  ғылым  академиясының  жоғары  мектеп
            академигі, профессор, техника ғылымдарының докторы.
                  Ол 1961 жылы Қарағанды педагогикалық институтының физика-математика факультетін,
            сонан  соң  Қазақ  мемлекеттік  университетінің  аспирантурасын  үздік  бітіреді.  1968  жылы  ол
            Қарағандыға келіп Қарағанды педагогикалық институтында аға оқытушы, кафедра меңгерушісі,
            декан, ғылым жөніндегі проректор, соңынан оқу ісі бойынша проректор қызметтерін атқарады.
            1996 жылы Жоғары мектептердің халықаралық ғылым академиясына және университеттердің
            Евразиялық  қауымдастығына  мүше  болды.  1999  жылдан  бастап  ҚР  Президенті  жанындағы
            кешірім жасау жөніндегі комиссияның мүшесі, ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік саясат
            жөніндегі  Ұлттық  Кеңесінің  мүшесі,  ал  2000  жылы  ҚР  білім  және  ғылым  корпоративтік
            қорының қамқоршысы Кеңесінің төрағасы болды.
                  1991-2004  жылдары  Жамбыл  Сәулебекұлы  Е.Бөкетов  атындағы  Қарағанды  мемлекеттік
            университетін басқарды, осы кісінің басшылығымен университет Егемен Қазақстанның жоғары
            білім беру ісінің ұлттық моделі қалыптасу процесіне белсене араласты.
                  2004-2007  жылдары  «Болашақ»  өзекті  білім  беру  институтының  президенті  болды.
            Қоғамдық  өмірге  белсене  араласып,  Қарағанды  облыстық  кеңесінің,  Қазақстан  Жоғары
            Кеңесінің депутаты болып сайланды.
                  Жамбыл  Сәулебекұлының  жоғары  білім  саласында  атқарған  еңбегі  мемлекет  тарапынан
            жоғары бағаланды. Ол көптеген ордендермен және медальдармен, оның ішінде «Тың жерлерді
            игергені  үшін»  (1957),  «КСРО  Жоғарғы  мектеп  саласындағы  үздік  қызметі  үшін»  (1982),
            «Парасат»  ордені  (1998),  «Астана»  медалі  (1998),  «ҚР білімінің құрметті  қызметкері» (2002),
            Халықаралық  жоғары  мектеп  академиясының  «Еңбектегі  табысы  үшін»  медалімен  (2001),
                                                             43
   38   39   40   41   42   43   44   45   46   47   48