Page 44 - 2023_kzd
P. 44

«Жоғары  мектеп  алдындағы  еңбегі  үшін»  (2002),  Капица  атындағы  медалімен  (2003)
            марапатталды.  2004  жылы  Жамбыл  Сәулебекұлына  Қазақстан  Республикасының  жоғары  оқу
            орындары  ассоциациясы  А.Байтұрсынов  атындағы  алтын  медалмен  «Он  жылдықтың  үздік
            ректоры» Құрметті атағын берді.
                  70-тен астам ғылыми және ғылыми әдістемелік жұмыстардың авторы, өнер табысы үшін
            10-ға жуық авторлық куәлік алған. Негізгі ғылыми еңбектері денелердің гидроаэродинамикасы
            мен  жылу  алмасуы  мәселелеріне  арналған.  Ақылбаев  қатысуымен  ұшатын  аппаратгардың
            аэродинамикалық       өндеуін    өлшеудің     жаңа     технологиясы     жасалды,     ол   Орталық
            аэрогидродинамикалық институтпен бірлескен зерттеулерде қолданылды.
                  Жамбыл  Сәулебекұлы  Ақылбаевтың  атымен  Қарағанды  мемлекеттік  университетінің
            атаулы  даму  сатылары  тығыз  байланысты.  Талантты  ғалым  және  педагог  бола  жүріп  ол  жас
            зерттеушілердің,  ғалымдардың,  педагогтардың  бір  топ  қауымын  тәрбиелеп  шықты.  Жамбыл
            Сәулебекұлы  өзінің  жоғары  талап  қойғыштығымен  және  демократияшылдығымен,
            принциптігімен, кемеңгерлігімен және жанының кеңдігімен ерекшеленеді.
                  1998  жылы  14  қазан  айынан  Қарағанды  қаласының  құрметті  азаматы  және  Шет
            ауданының құрметті азаматы.
                  Ж.С.Ақылбаев 2007 жылы 30 қарашада өмірден өтті.
                  Е.А.Бөкетов  атындағы  ҚарУ  инженерлік  жылу  физика  кафедрасына  Жамбыл  Ақылбаев
            есімі берілген. Академик атына аудиториялар да ашылған. Шет ауданында мектеп-гимназияға
            Жамбыл  Ақылбаев  есімі  берілген  болатын.  Сол  білім  ордасында  ғалымға  арналған
            мемориалдық тақта орнатылып, академик Ақылбаевтың мұражайы да ашылды.

                                                       Әдебиеттер:
                  Ақылбаев Ж. С. Әке : толғаулар мен естеліктер. - Қарағанды: Болашақ-Баспа, 2005. - 73 б.
                  Ақылбаев Ж. С. Парасат иірімдері. - Қарағанды: Арко, 2008. - 210 б.
                  Ақылбаев Ж.С. Физика: оқу құралы / Ж.С.Ақылбаев, М.К.Құрманов, К.А.Абдықалықов. -
            Қарағанды: ҚарМУ, 1995.
                  Ақылбаев  Ж.С.  Электр  және  магнетизм  сұрақ-жауап  түрінде  в  вопросах  и  ответах:  оқу
            құралы 1-бөлім / Ж. С. Ақылбаев, Қ. Т. Ермағанбетов. - Қарағанды: Болашақ-Баспа, 2007.-134 б.
                                                            ***
                  Ақылбаев  Ж.  Жыл  ішіндегі  жетістіктер:  ҚарМУ  ректоры  Ж.Ақылбаевпен  әңгіме  /
            Әңгімелескен Д.Мақаш // Орталық Қазақстан. - 2002. - 29 мамыр.
                  Ақылбаев  Ж.    Ғарыш  айлағы  қандай  пайдасы  мен  зияны  бар?.  //  Орталық  Қазақстан.  -
            2000. - 9 желтоқсан
                  Ақылбаев Ж. Талапқа сай тірлік // Орталық Қазақстан. - 2000. - 14 маусым
                  Ақылбаев Ж. С.  Болашақ математикасыз мүмкін емес // Орталық  Қазақстан.  -  2003. -  2
            қазан. - 4 б.
                  Ақылбаев  Ж.  С.  Университет  сөзсіз  қалыптасты  //  Орталық  Қазақстан.  -  2002.  -  18
            қыркүйек. - 8 б.
                  Ақылбаев Ж. Халықаралық стандарттар сарапқа салынды  // Орталық Қазақстан. - 2005. -
            22 желтоқсан. - 11 б.
                                                            ***
                  Ер  есімі  ел  есінде:  Ақжолтай  Ағыбай  батырдың  200  жылдық  торқалы  тойына  арналған
            «Арқаның  ардақты  тұлғалары»  атты  республикалық  ғылыми-практикалық  конференция
            материалдарының жинағы / ред. Ж. С. Ақылбаев. - Қарағанды: ҚарМУ, 2002.
                  Ермағанбетов Қ. Т. Цифрлық электроника: оқу құралы / Қ. Т. Ермағанбетов; ред.  Ж. С.
            Ақылбаев;  Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым  министрлігі,  Е.  А.  Бөкетов  атындағы
            Қарағанды мемлекеттік университеті. - Қарағанды: ҚарМУ, 2001. - 174 б.
                  Ермағанбетов Қ. Т. Ядро физикасының есептер жинағы: оқу құралы / Қ. Т. Ермағанбетов,
            Л.  В.  Чиркова;  ред.  Ж.  С.  Ақылбаев;  Қазақстан  Республикасының  Білім  және  ғылым
            министрлігі,  Қарағандының  мемлекеттік  Е.  А.  Бөкетов  атындағы  университеті.  -  Қарағанды:
            ҚарМУ, 2002. - 140 б.
                  Жақсы Жанқұтты  / ред. Ж. С. Ақылбаев. - Қарағанды : Болашақ-Баспа, 1999. - 152 б.

                                                             44
   39   40   41   42   43   44   45   46   47   48   49