Page 41 - 2023_kzd
P. 41

Облыстың  аудандары  мен  қалаларында  қалалық  және  аудандық  мәдениет  бөлімдері
            құрылды.  Осылайша,  Мәдениет  басқармасы  өзінің  қарамағына  мәдение  көркем-ойын  сауық,
            өнер т. б. салалаларын басқару функцияларын біріктірді.
                  1954  жылға  қарай  облыстық  мәдениет  басқармасына  облыстық  қазақ  драма  театры,
            облыстық  орыс  драма  театры,  облыстық  халық  шығармашылығы  үйі,  облыстық  тарихи-
            өлкетану  мұражайы,  Қарағанды  музыкалық  мектебі,  Н.Гоголь  атындағы  облыстық  кітапхана,
            Абай  атындағы  облыстық  балалар  кітапханасы,  облыстық  филармония,  хайуанаттар  бағы,
            облыстық саябақ, Қарағанды музыкалық училищесі, облыстық киномеханиктер мектебі енді.
                  1964 жылдары облыстық музыка мектебі Қарағанды облыстық білім беру басқармасына
            берілді.
                  Қарағанды облысы әкімінің 1999 жылғы 18 наурыздағы шешімімен Облыстық мәдениет
            басқармасы Ақпарат және қоғамдық келісім басқармасымен біріктіріп, Мәдениет, ақпарат және
            қоғамдық келісім басқармасы болып қайта құрылды.
                  2000  жылы  Мәдениет,  ақпарат  және  қоғамдық  келісім  министрлігінің  2000  жылғы  16
            тамыздағы  бұйрығына  сәйкес  Мәдениет,  ақпарат  және  қоғамдық  келісім  департаменті  екі
            мекемеге бөлінді: мәдениет департаменті және ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы.
                   Қарағанды өнер істері бөлімінің басшылары:
                   1938-1940 -Гольден Семен Савельевич
                   1940-1941- Медведев Михаил Григорьевич
                   1941-1942- Власов Николай Александрович
                   1942-1943- Макаров Констатин Иванович
                   1943 – Кац(толық деректер белгісіз)
                   1943-1948 – Дакеев Кемельхан
                   1948 – Жакупов Зейнулла Гаппартович

                   Қарағанды мәдени-ағарту жұмысы бөлімінің басшылары:
                   1945- 1950 – Нарешев Айтбай
                   1950-1952 – Қасымжанов Құрманжан Қасымжанұлы
                   1952- Адилов Наукебай Кәкибайұлы
                   1952-1953- Алеев Нури Лайфуллович
                   1953- Есмұхамбетов Ағытай Есмұхамбетұлы

                   Қарағанды облыстық мәдениет басқармасының (департаментінің) басшылары
                   1953-1955- Есмұхамбетов Ағытай Есмұхамбетұлы
                   1955-1959- Байсеитов Зулхаир
                   1959-1971- Асаинова Сахит Шаиповна
                   1971-1985- Рымжанов Мақат
                   1985-1987- Омарбекова Рымбала Кенжебалақызы
                   1987-1992- Ашляев Серик Сапыжанұлы
                   1992-2010- Омарбекова Рымбала Кенжебалақызы
                   2010-2012-Байсағатов Бекболат Төкешұлы
                   ақпан 2012-2013.-Абдрахманов Ержан Ахметұлы
                   қараша 2013-2020 – Ағымбаев Еркебұлан Мүлікұлы
                   ақпан 2020 - Жұмакенов Еркебұлан Қайроллаұлы

                                                       Әдебиеттер:
                  Жұмашев Р. М. Сарыарқа мәдениеті: монография / Р. М. Жұмашев, Л. Р. Золотарева, Қ. С.
            Өскембаев; Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, Академик Е. А. Бөкетов
            атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, Қарағанды облыстық Мәдениет басқармасы. -
            Қарағанды: ҚарМУ, 2009. - 415 б.





                                                             41
   36   37   38   39   40   41   42   43   44   45   46