Page 39 - 2023_kzd
P. 39
Қарағанды облысы әкімінің «Алтын сұңқар» сыйлығының «Мамандыққа адалдығы үшін»
номинациясы бойынша лауреаты. «Замандас – Современник» қалалық байқауы аясында
«Мамандық аңызы» белгісімен марапатталды.
Әдебиеттер:
Рахимова Г. С. Өмірімнің көбін дикторлыққа арнадым: диктор Г.С.Рахимовамен сұхбат /
Сұхбаттасқан Г.Шөменова // Сыр мен сымбат. - 2003. - №6. - 8 б.
Г.С.Рахимова туралы әдебиеттер:
Байдалы С. Өлке өмірін - өз көзімізбен = Летопись края: камерой и словом. - Қарағанды:
Болашақ-Баспа, 1998. - 192 б.
Сарыарқа=Saryarqа: 60 жыл эфирде = Saryarqа: 60 лет в эфире: фотоальбом / ред.: Б.
Дүйсетаев, Ә. Тойжігітов, Г. Балбекова; құраст.: Ә. Жәмпейісов, О. Безуглова. - Қарағанды:
Экожан, 2018. - 140 б.
Теледидар- менің тағдырым! = Телевидение- моя судьба!. - Қарағанды: Қарағанды
Полиграфиясы, 2008. - 254 б.
Тойжігітов Ә. Сырсандық: (өмірдерек, қызықты әңгімелер). - Қарағанды: TENGRI LTD,
2014. - 359 б.
***
Омарбекова Ж. Журналистика ардагері ардақталды // Орталық Қазақстан. - 2018. - 24
мамыр (№ 55). - 2 б.
Тойбек Ж. Дидарына ел сүйсінген диктор // Орталық Қазақстан. - 2008. - 20 мамыр (№78) .
- 3 б.
27 мамыр 1953 - Актер. Қазақстанның еңбек
сіңірген әртісі Әлімбек Тоқтарұлы
Оразбековтың туғанына 70 жыл
Әлімбек Тоқтарұлы Оразбеков 1953 жылы 27 мамырда Шығыс Қазақстан облысы
Тарбағатай ауданы Ақжар ауылында туған. Әкесі - Оразбеков Тоқтар экономист болып жұмыс
істеген. Анасы - Оразбекова Алтын мұғалім болып жұмыс істеген. 1971 жылы орта мектепті
бітірісімен Құрманғазы атындағы Алматы Мемлекеттік консерваториясының театр
факультетіне түсіп, 1975 жылы актерлік мамандық бойынша жоғары білім алады. Жолдамамен
Талдықорғанда жаңа ашылған жаңа театрға жұмысқа тұрады. 1975 жылдың 7 қарашасында
жаңа қазақ театрының шымылдығын «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» драмасымен ашқан еді. Осы
тусаукесер пъесада Әлімбек Қозы ролін сомдаған болатын.
1993 жылы Т. Жүргенов атындағы қазақ мемлекеттік театр-көркемөнер институтының
актерлік факультетін драма режиссері мамандығы бойынша бітірген.
«Бір түп алма ағашы» пьесасының, А. Құнанбаев «Қорғансыздық» әңгімесінің, Ш.
Айтматов «Плаха» («Әділет азабы») романының инсценировкаларының, С. Лобозеров
«Жындыханадан келген мейман», «Сенім» пьесалары аудармасының, театр жайлы мақалалар
циклының авторы.
1975 жылдан - Талдықорған облыстық қазақ драма театрының актері, 1992 жылдан -
режиссері. 1994 жылдан Сәкен Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма
театрының бас режиссері, 2002 жылдан - көркемдік жетекшісі. 2009 жылдан бері - Қ.
Қуанышбаев атындағы қазақ музыкалық-драма театрының қоюшы режиссері болды.
1976 жылдан Қазақстан Театр қайраткерлері одағының мүшесі. Қарағанды облысы
әкімінің «Жыл режиссері» номинациясы сыйлығының лауреаты (2002, 2006). ҚР Мәдениет
және ақпарат министрлігінің құрмет грамоталарымен марапатталған (2002, 2003).
Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері (2000).
Әдебиеттер:
Оразбеков Ә. Бізге ұлтты өрге сүйрейтін өнер керек: режиссер Ә.Оразбековпен сұхбат /
Сұхбаттасқан С.Алпысұлы // Орталық Қазақстан. - 2001. - 11 тамыз.
Оразбеков Ә. Бір түп алма ағашы // Қасым. - 2012. - № 6. - 145-170 б.
39