Page 37 - 2023_kzd
P. 37
9 мамыр 1923 – 2006 Ұлытау ауданының
құрметті азаматы, өлкетанушы Мәкен
Төрегелдиннің туғанына 100 жыл
Мәкен Төрегелдин 1923 жылы Ұлытау өңірінде дүниеге келген. Кенес, партия қызметкері,
өлкетанушы. 1939-1942 жылдары Қарсақбай мыс қорыту зауытыңда жұмысшы. 1942 жылы 19
жасқа шыққан Мәкен Төрегелдин әскери ұшқыш не танкист болам деген арманының жолы
болмай, Қызыл тулы Харьков әскери-химиялық училищесіне түседі. Училищеден лейтенант
шенін алып шыққан ол Мәскеудегі Әскери-химиялық Бас басқармада қалудан бас тартып,
бірден Сталинград майданына барып түседі. 1946 жылы туған жері – Қарсақбайға қайтып
оралды. Соғыстағы ерлігі үшін I және II дәрежелі Отан соғысы, Қызыл Жұлдыз ордендері мен
бірнеше медальдармен марапатталады.
1946-48 жылдары Қарсақбай орта мектебінде мұғалім, кейін аудандық комсомол
комитетінін хатшысы, аудандық комитетінде жауапты хатшы, ауыл шаруашылығы
басқармасының бастығының 1-орынбасары, жоспарлау комиссиясының төрағасы, «Жетіқоңыр»
кеңшарының директоры, 1970-1985 жылдары Жезді аудандық партия комитетінің 1-хатшысы
болды. 1986-89 жылдары облыстық мұражайдын Жезді калашығындағы өлке тарихын тану
бөлімінің меңгерушісі, 1989 жылдан осы бөлімнің негізінде ұйымдасқан Тау-кен және балқыту
ісі тарихы мұражайының директоры. Осы мұражайдың ұйымдасуына қыруар тер төкті. Жалпы
көлемі 4 гектардан астам аумақты қамтитын 815 шаршы метрлік төрт залдан және 875 шаршы
метр ашық аспан астындағы экспози циялардан тұратын ТМД елдерінде теңдесі жоқ бірегей
тарихи мәдени кешен өмірге келді. Жезді тау-кен жөне балқыту ісі тарихы мұражайы деген
атауға ие болған ол ресми түрде 1994 жылы 15 шілдеде ашылды. Мұражайдың 14 мыңға жуық
экспонаттары арасында біздің заманымызға дейінгі ІІ-І мыңжылдықтарды, яғни осыдан 4-5 мың
жыл бұрын бабаларымыз мыс қорытқан пештің қалпына келтірілген нұсқасы айрықша назар
аудартады. Жезқазғанға келген сапарында әдейілеп Жездіге атбасын бұрған Елбасы Нұрсұлтан
Назарбаев 1994 жылы 3 қарашада осы пеште балқытылған металдан өз қолымен балға құйып,
мұражайға ескерткішке қалдырды.
Жезді, Ұлытау аудандарының Құрметті азаматы.
Әдебиеттер:
Төрегельдин М. Мәңгілік мұра: Жезді тау-кен және балқыту ісі тарихы мұражайының
ұйымдастырылуы жөнінде документальды кітап. - Қарағанды: Б.ж., 1998. - 192 б.
Төрекелдин М. Кадрлар алтын қорымыз. - Алматы: Қайнар, 1984. - 110 б.
***
Төрегелдин М. 1916 жыл - Тәуелсіздік күресінің тарихи кезеңі // Орталық Қазақстан. -
2001. - 10 қазан.
Төрегелдин М. Бақыты ер жігіттің ел ішінде // Орталық Қазақстан. - 2006. - 24 тамыз. - 2 б.
Төрегелдин М. Мұражай - таным мен тарих мекені // Орталық Қазақстан. - 2000. - 27
қыркүйек.
Төрегелдин М. Тәуелсіздік күресіне дем берген Дулығалы // Сарыарқа. - Жезқазған. -
2001. - 22 қыркүйек (№ 112). - 3 б.
Төрегелдин М. Тылда жанқиярлық танытқан Қарсақбай, Жезді өндірістерінің отты
жылдардағы тарихынан // Сарыарқа. - Жезқазған. - 2005. - 6 мамыр. - 3 б.
Төрегельдин М. Бағалы жәдігер - бабамыздың шапаны // Мысты өңір. - 2007. - 1
маусым.(N22). - 7 б.
Төрегельдин М. Тылда жанқиярлық танытқан // Сарыарқа. - Жезқазған. - 2005. - 6 мамыр
(№ 39/40). - 3 б.
М.Төрегелдин туралы әдебиеттер:
Жезқазған = Жезказган: сурет альбомы / құраст. С. Қожамсейітов. - Алматы: Үш қиян,
2004. - 208 б.
Жезқазған: табысты жылдар тарихынан баян. - Алматы: Классика, 2014. - 269 б.
37