Page 33 - 2023_kzd
P. 33
ажуасын молынан пайдаланды. Жалғыз өзі бірнеше адамның кейпіне түсіп, бір отырыста-ақ
«екеудің таласын, үшеудің керісін, бесеудің жанжалын» орындап, тыңдаушы көпшілікті қыран
күлкіге кенелтті. Оның есімі халық арасына кеңінен тарады. Ауылдан ұзап шығып, қалада
(Қарқаралы) өнер көрсетті. Халықты күлдіре жүріп, көп жайларға көңіл аударды. Ауылда ғана
емес, басқа жерлерде де әлеуметтік теңсіздіктің бар екеніне көзі жеткен Қалибек көңіліне
түйген күлкілі істерді қолма-қол орындап, халыққа дер кезінде көрсетіп отырды. Халық
өнерпаздары Мұхаметәлі, Мауқай мен Абақты ұстаз тұтып, олардан өнер сырын үйренді.
Қалибек – сахналық өнерге ұлттық сипат, халықтық қасиет әкелген реалист суреткер.
Радио, эстрадалық өнерге арнап шағын, күлдіргі әңгіме-пьессалар мен өлең-сықақтар, тақпақ-
қағытпалар да жазды. Олар 1936 жылы «Түйрегіш», 1962 жылы «Шаншарлар» деген атпен
жарық көрді. 1937 жылдан көптеген көркем фильмдерге Қалибек жасаған басты тұлғалар:
Байбол («Амакелдіде», 1938), Толағай («Алып туралы әнде», 1942), Абай («Абай әнінде», 1945),
Берғалиев («Алтын мүйізде», 1948), Жарқын («Махаббат дастанында», 1954), Шыңғыс («Шоқан
Уәлихановта», 1957), Мәке («Мухитты көргім келедіде», 1965), тағы басқалар. Қалибектің
жәрмеңке думаншыларының сауығы туралы Ш.Қусайыновпен біргіп жазған «Шаншарлар»
комедиясы 1948 жылы Ш.Аймановтың режиссурасымен Қазақ драма театрында қойылды.
Алматы театр училищесінде педагогикалық қызметпен және көркем сөз оқумен шұғылданды.
1948 және 1958 жылдары Москва Көркем театрының 50 жыл толуына арналған мерекелік
концертпен Москвада өткен қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігіне қатысты. 1972 жылы
«Қазақфильм» студиясы «Қалибек Қуанышбаев» атты телефильм (режиссері Қ.Ахметов)
қойды. II – IV сайланған СССР Жоғарғы Советінің депутаты. СССР Мемлекеттік сыйлығының
лауреаты (1952). 2 рет Ленин орденімен, Еңбек Қызыл Ту және “Құрмет белгісі” орденімен,
медальдармен марапатталған.
Қ.Қуанышбаев 1968 жылы 6 маусымда Алматы қаласында қайтыс болды.
Әдебиеттер:
Қуанышбаев Қ. Шаншарлар: Өлең-фельетондар, сықақ әңгімелер, пьесалар.- Алматы:
Қазмемкөркемәдеббас, 1962.- 264 б.
Құсаинов Ш. Шаншарлар: комедия / Ш. Құсаинов, Қ. Қуанышбаев. - Қазақ пьесалары:
жинақ / құраст. Қ. Мұқаметжанов. - Алматы: Қазақтың мемлекеттік көркем әдебиет баспасы,
1957. - 539 – 597 б.
***
Қаллеки жазған жырлардан // Қарқаралы.- 1993.- №9-10.- 29 б.
Қаллеки Өлеңдері // Орталық Қазақстан.- 1993.- 21 мамыр
Қуанышбаев Қ. Абай бейнесін қалай жасадым // Қарқаралы.- 1993.- №9-10.- 23, 24 б.
Қуанышбаев Қ. Ақылшы еді, аға еді... // Қазақ әдебиеті. - 1962. - 29 июнь (№ 26). - 2 б.
Қуанышбаев Қ. Екі естелік // Әдебиет және искусство. - 1949. - № 10. - 56 б.
Қуанышбаев Қ. Жәркенге // Қарқаралы. - 1993. - № 9/10. - 29 б.
Қуанышбаев Қ. Мен Дуанбасының ролін қалай ойнадым // Әдебиет және искусство. -
1952. - № 2. - 113 б., Қарқаралы.- 1993.- №9-10.- 24-27 б.
Қуанышбаев Қ. Өгіз сату. Қой күзет // Қарқаралы.- 1993.- 11 қыркүйек
Қуанышбаев Қ. Сықақ әңгімелері // Орталық Қазақстан.- 1993.- 1, 4 қыркүйек
Мұқан А. Опера сахнасында тұңғыш Абайдың жолын салушы // Мәдениет. - 2007. - №8-9.
- 66-71 б.
Қ.Қуанышбаев туралы әдебиеттер:
Қазақ сахнасының абызы, актер Қалибек Қуанышбаев шығармашылығы туралы //
Бөпежанова Ә. Сахна сәулесі: [жинақ : Театр туралы мақалалар, эсселер, портреттер]. - Алматы:
Алматы-Болашақ, 2020. - 4 б.
Аманжолов Қ. Р. Шығармалар - 4 т: прозалық және драмалық шығармалар / құраст. Ғ.
Қайырбеков. - Алматы: Жазушы, 1980. - 253 б.
Байсейітов Қ. Құштар көңіл. - Алматы: Жалын баспасы, 2004. - 232 б.
Бел-белестер: жинақ / құраст. Б. Құндақбаев. - Алматы: Өнер, 1987. - 288 б.
Досанов С. Жүректің отын сөндірме. - Алматы: Өнер, 1989. - 271 б.
33