Page 6 - 2023_kzd
P. 6

болған  тақырыпты  зерттеуде  үлкен  табыстарға  жетті.  Ол  оның  «Қазақстандағы  қара
            металлургияның  құрылуы  мен  дамуындағы  КПСС-тің  ықпалы  (1937-1968)»  деген  докторлық
            диссертациясынан  көрінеді.  Бұл  Қарағанды  қаласындағы  қоғамтану  ғылымы  кафедралары
            қызметкерлерінің ішінен шыққан ең жас доктор болды.
                  1970  жылы  Д.А.  Шаймұханов  үкімет  наградасымен  марапатталып,  профессор  атағын
            алды.  1974  жылы  ол  Қарағанды  дене  тәрбиесі  институтының  ректоры  болып  тағайындалды,
            онда 1982 жылға дейін жұмыс істеген.
                  Ал 1982 жылы ҚарМУ-дың КПСС тарихы кафедрасын басқарды.  Кейінгі  жылдары осы
            университеттегі  этнология,  археология  және  Қазақстан  тарихы  кафедрасының  профессоры.
            1997 жылы оған республика Гуманитарлық ғылымдар академиясының академигі деген жоғары
            атақ берілді.
                  Академик  Д.А.Шаймұханов  республика  Ғылым  Академиясының  қоғамтану  ғылымдары
            кеңесі  президиумының  мүшесі,  Қарағанды  мемлекеттік  университетіндегі  тарихтан
            кандидаттық  қорғау  ғылыми  кеңесінің  төрағасы  болды.  Оның  жетекшілігімен  14  тарих
            ғылымының кандидаты дайындалған.
                  1997 жылы жаңа ғылыми зерттеу «Қарлаг тарихы» жазылды. Бұл үлкен ізденіс, толғаныс
            нәтижесінде  туған  еңбек,  сталиндік  репрессия  жылдарында  құрбан  болған,  жер  аударылып,
            ауру мен азаптан, аштықтан қырылған, жазықсыз атылған миллиондаған адамдардың аруағына
            бағышталған. Оны Қазақстан тарихының ақтаңдақ бетінің теретін құнды зерттеу деп есептейді.
                  Д. А. Шаймұханов Қарағанды қаласының, Бұқар жырау ауданының Құрметті азаматы.
                  Оның  170-тен  астам  ірі  еңбектері,  мақалалары,  монографиялары  бар.  Ұлағатты  ұстаз,
            ғұлама ғалымның ғылыми-педегогикалық, қоғамдық қызметі елеусіз қалған жоқ. Ол үкіметтің
            жеті  наградасымен,  Қазақстан  Республикасы  Жоғары  Кеңесі  Президиумының  екі  Құрмет
            грамотасымен,  КСРО  мен  Қазақстан  Республикасының  «Халыққа  білім  беру  ісінің  үздігі»
            белгісімен марапатталды.
                  Дүйсетай Аймағамбетұлы 2006 жылы желтоқсан айында дүниеден өтті.
                                                       Әдебиеттер:
                  Шаймұқанов Д. А. Қасиетті мекен-Қарқаралы / Д. А. Шаймұқанов, Р. А. Шаймұқанова, Т.
            Т. Аршабеков. - Қарағанды: б. ж., 2004. - 230 б.
                  Шаймұқанов Д. Достық құшағындағы құрылыс.- Алматы: Қазақстан, 1965.- 50 б.
                  Шаймұханов  Д.  Дарынды  ғалым,  ұлағатты  ұстаз  //  Бекмаханов  Е.  Б.  Жеті  томдық
            шығармалар жинағы = Собрание сочинений в 7-ми томах. - Павлодар: ЭКО ҒӨФ, 2005.-7 т.:
            Естеліктер = Воспоминания / құраст. А. Ж. Құдабаев. – 80-89 б.
                  Шаймұханов Д.А. Карлаг /Д.А.Шаймұханов, С.Д.Шаймұханова.- Алматы, 1997.- 104 б.
                                                            ***
                  Шаймұханов  Д.  Азамат  жолы:  Профессор  Д.Шаймұхановпен  әңгіме  /Әңгімелескен
            Е.Лұқпан // Орт.Қазақстан.- Қарағaнды, 2005.- 9 сәуір.-5 б.
                  Шаймұханов Д. Балғындар жүрегіне жол тапқан // Орталық Қазақстан. - 2006. - 21 қаңтар.
            - 9 б.
                  Шаймұханов  Д.  Орталық  Қазақстанның  ірі  өнеркәсіп  орталығы  /  Д.Шаймұханов,
            Р.Жұмашев // Орталық Қазақстан. - 2005. - 1 қазан. - 4  б., 20 қазан. - 5 б.
                  Шаймұханов  Д.  Патша  өкіметінің  Арқадағы  әкімшілік  орталығы  /  Д.Шаймұханов,
            Р.Шаймұханова // Орталық Қазақстан. - 2004. - 29 шілде. - 6 б.
                  Шаймұханов Д. Сарыарқаның шежіре - дастаны // Орталық Қазақстан. - 2007. - 27 қаңтар.
            - 6 б.
                  Шаймұханов Д. Тарихи еңбекке сын-пікір // Азия Транзит. - 2004 . - №10. - 51 б.
                                             Д.Шаймұқанов туралы әдебиеттер:
                  әл-Карени Р. С. Биіктік немесе профессор Дүйсетай Шаймұханов жайлы ой-толғау // әл-
            Карени  Р.  С.  Әдеби  және  тарихи  шығармалары:  жеті  томдық  /  Р.  С.  әл-Карени;  Қазақстан
            Республикасы  Білім  және  ғылым  министрлігі,  Академик  Е.  А.  Бөкетов  атындағы  Қарағанды
            мемлекеттік  университеті.  -  Қарағанды:  Арка  және  К,  2017.  -  6  т.,  12  кіт.:  Қазақ  елінің  ұлы
            ойшылдары мен ғалымдары. 431-447 б.

                                                             6
   1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11