Page 8 - 2023_kzd
P. 8

қазақ  ауылдары  ығыстырылып,  Захаровка,  Плаховка  поселкелері  салынды.  Үлкен  Талдысай
            ауылының орнына Майоровка және Ефремовское селолары қоныс тепті. 1909 жылы Қолаң елді
            мекенінің орнына Батуринка, Айтбек ауылының орнына Плаховка, Қосқопа ауылының орнына
            Боронская, Байтуған ауылының орнына Новокарповка селолары салынды.
                  1932 жылы 10- қаңтарда Нұра ауданы Қарағанды облысының құрамына енді. Орталығы –
            Казгородок селосы. 1934 жылдың тамыз айында аудан орталығы Киевка селосына көшірілді.
            Нұра  ауданы  жайлы,  ағартушылық  саласы,  әлеуметтік  –  экономикасы,  мәдениетінің  дамуы
            туралы тарихи деректер аз емес. 1931 жылы 33 – тей мектеп ашылып,онда 1952 оқушы білім
            алды. 1934 жылы Киевка селосында аурухана, Плахов, Черниговка, Казгородок ауылдарында
            фельдшерлік пунктер, бес пошта агенттігі, он диірмен жұмыс істеп  тұрды. 16 ауылдық  және
            селолық  кеңестер  құрылды.  Мұрағат  құжаттары  бойынша  құрылған  кезінен  бастап  аудан
            аумағы  1902  мың  гектар  болса,  оның  380  мың  гектары  жер  жыртылымы,  76  мың  гектары
            шабындық, 1139 гектары жайылым болған.
                  Тың  және  тыңайған  жерді  игеру  жылдарында  (1954  –  1955)  Шахтер,  Щербаковский,
            Донской,  Киевский,  Индустриальный,  Пржевальский  атындағы,  Энтузиаст  барлығы  16  тың
            совхозы  ұйымдастырылған.  Бұл  жылдары  Нұра  ауданында  мал  басы  еселеп  өскен  колхоз,
            совхоздарда  бұрынғы  жылдармен  салыстырғанда  2,5  есе  көп  астық  жинап,  материалдық–
            техникалық  базалары  нығая  түсіп,  диқаншылар  ел  қоймасына  мыңдаған  астық  жөнелтіп,
            тамаша еңбек жемісіне ие болған.
                  Нұра  ауданы  жылдан  –  жылға  көркейіп  келеді.  Бірлік  берекесі  жарасқан  аудан
            тұрғындары  барлық  мүмкіндіктерін  барынша  іске  қосып,  халықтың  әл  –  ауқатын  әрі  қарай
            жақсартуға аянбай еңбек етуде. Бүгінде облыс аумағында адал еңбегімен еліміздің әлеуметтік –
            экономикалық  дамуына  өз  сүбелі  үлесін  қосып  Нұра  ауданы  көпұлтты,  аграрлы  өңір  ретінде
            танымал.  Ауданда  жыл  сайын  инвестициялық  бағдарламалар  жүзеге  асырылып,  ауыл
            шаруашылығы саласы, қарқынды құрылыс жұмыстары, шағын және орта кәсіпкерлік, сондай –
            ақ көріктендіру және әлеуметтік салада көптеген ілгерушіліктер жетерлік.
                  Нұра ауданы – астық орталығы. Асыл тұқымды мал асырауда алдыңғы қатардағы аудан.
            Шаруа қожалықтары бидай, ет, сүт өндіреді. Жалпы шаруа қожалығында «Ірі қара мал етінің
            экспорттық әлеуетін дамыту» жобасын іске асыруда Нұра ауданы облыс бойынша 1-ші орында
            болса, ал республика бойынша 6 орында. Электр станциялар мен ірі пештерге арналған, сондай-
            ақ  әр  түрлі  сортты  көмір  өнімдерін  өндіретін,  жоғары  технологиялы  «Шұбаркөл  көмір»  АҚ
            кәсіпорны  ауданның  мақтанышы.  Өндірілген  көмір  Ресей,  Болгария,  Қырғызстан,  Польша,
            Түркия елдеріне экспортталады.
                  Жылына 300 мың тонна өнім шығаратын еншілес кәсіпорны  «Сарыарқа Спецкокс» ЖШС
            зауыты «Шұбаркөлкөмір» АҚ – ның жаңашыл жобаларының бірі болып табылады.
                  Ауданда  мәдени-ағарту  орталықтары,  аурухана,  орта  және  бастуыш  сынып  мектептері
            бар. Нұра ауданы жылдан – жылға көркейіп келеді. Этномәдени байланысты сақтау, халық, ұлт
            өкілдерінің арасында достық қарым –қатынастың сақталуы біздің ата - бабаларымыздың баға
            жетпес еңбегі.
                                                       Әдебиеттер:
                  Айналдым, Нұра атыңнан! / құраст. А. Несіпбай. - Астана  Жасыл Орда, 2018. - 215 б.
                  Аршабеков  Т.Т.  Кенесары  жорығы  ізімен:  ғылыми  зерттеу  /  Т.Т.  Аршабеков,  Н.  Ж.
            Алдабаев. - Қарағанды: Литера, 2015. - 227 б.
                  Аршабеков  Т.Т.  Қарағанды  облысы  Нұра  ауданының  топонимикалық  картасы:  тарихи
            негіздеме:  [ғылыми  зерттеу]  /  Т.Т.  Аршабеков,  М.  С.  Жакин,  Ж.  А.  Жұмабеков;  Қарағанды
            облысының  Тілдерді  дамыту  жөніндегі  басқармасы,  Е.  А.  Бөкетов  атындағы  Қарағанды
            мемлекеттік университеті, «Этномәдени зерттеулер» лабораториясы. - Қарағанды: Гласир, 2009.
            - 219 б.
                  Аршабеков Т.Т. Нұра ауданының тарихы / Т.Т. Аршабеков, М. С. Жакин, С. О. Жетпісов. -
            Қарағанды: Болашақ-Баспа, 2008. - 279 б.
                  Аршабеков  Т.Т.  Ұлытау-Нұра  өңірлерінің  тарихи-мәдени  ескерткіштері.  -  Қарағанды:
            Гласир, 2007. - 221 б.

                                                             8
   3   4   5   6   7   8   9   10   11   12   13