Page 5 - 2023_kzd
P. 5
26 қыркүйек 1997 жыл
15 желтоқсан Жазушы, ақын Әбулақап Райымбековтың туғанына 100 жыл
1923-2012
1668-1781 Қазақ Ұлы ақыны, ойшысы Бұқар жырау Қалқаманұлының туғанына
355 жыл
1848-1930 Қоянды жәрмеңкесіне 175 жыл
1853-1933 Төкпе ақын Қақпан (Батырбек) Жиренбайұлының туғанына 170 жыл
1878-1937 Халық ақыны Ахметбек Байсалбайұлының туғанына 145 жыл
1898-1937 Жазушы, қоғам қайраткері Орынбек Бековтың туғанына 125 жыл
1898-1938 Қоғам және мемлекет қайраткері Жанайдар Садуақасовтың туғанына
125 жыл
1898-1928 Кеңес және мемлекет қайраткері Шәбден Ералиевтің туғанына 125
жыл
1913-1948 Агроном-ғалым, ҚазКСР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері Қылыш
Бабаевтың туғанына 110 жыл
1928 Ақтоғай ауданының құрылғанына 95 жыл
1938 2022 жылы Октябрь ауданына Әлихан Бөкейхан аты берілді.
Ауданның құрылғанына 85 жыл
1948 Журналист, фотоккорреспондент Валерий Евстафиевич Петуховтың
туғанына 75 жыл
1953 Қарағанды политехникалық институтының құрылғанына 70 жыл
(қазіргі ҚарТУ)
1953 Абай атындағы облыстық балалар кітапханасының құрылғанына 70
жыл
1973 Қарағанды музыкалық комедия театрының ашылғанына 50 жыл
1 қаңтар 1928-2006 Тарих ғылымдарының
докторы, профессор Дүйсетай Аймағамбетұлы
Шаймұхановтың туғанына 95 жыл
Д.А.Шамұқанов 1928 жылы 1 қаңтарда Бұқар жырау ауданының (бұрынғы Ульянов)
Жастілек ауылында туған. Алғашында ауыл мектебінен сауатын ашып, Қарағандыдағы
Жамбыл атындағы мектепте білімін жалғастырып, еңбекке ерте араласады. Сегізінші сыныпты
бітірісімен ол он бес жасынан облысымыздың мектептерінде ұстаздық ете бастайды. 1946-48
жылдары Өспен, Семізбұғы кеніштерінде, одан кейін Үлгі орталау мектептерінде мұғалім, оқу
ісінің меңгерушісі болып істеген.
Көпшіліктің құрметіне бөленген жас жігіт әуелде Қарағандыға екі жылдық мұғалімдер
институтын үздік бітіріп, 1948 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің
тарих факультетіне оқуға түседі. Осы оқу орнының қабырғасында студенттердің ғылыми
үйірмесін басқарып, профессор Е.Бекмахановтан дәріс алады.
1951-1965 жылдары Қазақстан Компартиясы Қарағанды облысының партия комитетінің
лекторы, нұсқаушысы, секретары. 1952-1956 жылдары Қазақстан ВЛКСМ Қарағанды
облысының комсомол комитетінің секретары, 1956-1957 жылдары мемлекеттік мекемелер
қызметкерлері кәсіподағы облыстық комитетінің председателі болған.
1959 жылы Д. Шаймұханов, «Соғыстан кейінгі жылдардағы Қарағанды комсомолының
көмір үшін күресі (1946-1958 жж.)» деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады.
Бұл еңбек жастар тарихын зерттеудегі елеулі үлес болып саналады. Ғылыми диссертация
қорғаған соң, 1965-1972 жылдары Қарағанды политехникалық институтында КПСС тарихы
кафедрасының меңгерушісі болып жұмыс істейді. Аталған оқу орнында арасындағы үзіліспен
(1963-1965 жылдары облыстық партия комитетінің меңгерушісі болған) он екі жыл бойы
жемісті еңбек етті.
Тарихтағы адам, оның ішінде жастардың орнын зерттеп көрсетуде біраз еңбектер жазып,
ғылым жолында шындалған тарихшы еліміздегі 60-жылдардағы өзекті мәселелерінің бірі
5