Page 99 - kzd
P. 99

Қазақстан  қара  металлургия  негізін  қалаушылардың  және  республикада  болат
            балқытудың  жаңа  технологияларын  енгізушілердің  бірі,  Стахановшылар  қозғалысын  қолдап,
            болатты жылдам, әрі сапалы балқытқан А.Дәрібаев Ленин ордені, Еңбек Қызыл Ту ордені және
            бірнеше медальдармен марапатталған.
                                                          Әдебиеттер:

                  Дәрібаев Алтынбек // Қарағанды. Қарағанды облысы: энциклопедия / ред. Р.Н. Нұрғалиев.
            - Алматы: Қаз.сов.энцикл., 1990. – 162-163 б.
                  Дәрібаев Алтынбек // Қарағанды. Қарағанды облысы: энциклопедия / ред. А. А. Абдулин.
            - Алматы: Атамұра, 2006. – 211-212 б.
                                                            ***
                  Қабжанов Х. Жарқын істер жалғаса береді // Жалын. - 1976. - № 4. - 4-9 б.
                  Лұқпан, Е. Құрыш қала шежіресі // Теміртау. - 2005. - 7,14,21,28 шілде. - 5 б.
                  Лұқпан Е. Магнитка мақтаныштары // Орталық Қазақстан. - 2005. - 16 шілде. - 3 б.
                  Раев С. Күштіміз балқып жатқан құрыштан да // Теміртау. - 2005. - 14 шілде. - 3  б.
                  Садықов Қ. Жаңа мартенде// Советтік Қарағанды. - 1962. - 15 июль (№ 167). - 2 б.
                  Смағұл Т. Дәуір тауы // Орталық Қазақстан. - 2006. - 26 қазан. - 5 б.
                  Смағұл  Т.  Тағдырлар  тоғысқан  Теміртау  //  Орталық  Қазақстан.  -  2010.  -  3  шілде  (№
            106/107). - 4 б.
                  https://librarykaraganda.wixsite.com/enbekdanqy/daaariiibaaaev

                                                    1927-1989  –  Социалистік  Еңбек  Ері  құрметті
                                                    металлург Еламан Байғазиевтің туғанына 95 жыл

                  Социалистік  Еңбек  Ері,  Қарағанды  металлургия  зауыты  Мартен  цехының  болат
            балқытушысы, Қазақ КСР еңбек сіңірген металлургі Елеман Байғазиев Жамбыл облысы, Қайрат
            ауылында  дүниеге  келген.  Фабрика-зауыттық  оқыту  мектебін  бітіргеннен кейін  1945  жылдан
            бастап Свердлов облысы Ревда қаласындағы металлургия зауытында  еңбек етті.  Содан кейін
            Теміртаудағы  металлургия  зауытының  құрылысына  қатысты.  1947  жылдан  Теміртаудағы
            металлургия зауытының мартен цехының болат балқытушысы боды. Болатты тез балқытудың
            шебері  атанды.  1958  жылы  Социалистік  Еңбек  Ері  атағына  ие  болды.  1958  жылы  Теміртау
            металлургия зауытында алғашқы балқыту жұмысына қатысты. сының бастамашысы болды.
                  Елеман  Байғазиев  қоғамдық  өмірге  белсене  араласып,  бірнеше  рет  қалалық  және
            облыстық халық депутаттары Кеңестерінің депутаты болып сайланды.
                  1989 жылы қайтыс болды.
                                                       Әдебиеттер:

                  Байғазиев Елеман (1927-1989) // Қарағанды. Қарағанды облысы: энциклопедия / ред. А. А.
            Абдулин. - Алматы: Атамұра, 2006. – 157 б.
                  https://librarykaraganda.wixsite.com/enbekdanqy/baaajgaaaziiiev-eeeelaaaaman

                                                    1932-1975 – Ақын Жақан Смақовтың туғанына
                                                    90 жыл
                  Жақан  Смақов  1932  жылы  Жезқазған  облысы,  Жаңаарқа  ауданы,  Ынталы  ауылында
            дүниеге  келген.  Қазақ  Мемлекеттік  университетінің  филология  факультеті  журналистика
            бөлімін бітірген.
                  1955-58 жылдары Талдықорған облыстық газетінде «Советтік Жетісу» (қазіргі «Жетісу»),
            «Қазақстан  пионері»  (қазіргі  «Ұлан»),  «Коммунизм  таңы»  газеттерінде  істеді.  1958  жылдан
            Алматы  теледидарының  жастар  редакциясында  қызмет  етті.  Теледидар  хабарларының  жаңа
            түрлері  «Ерденнің  ертегісі»,  «Кешкі  ертегі»,  «Спать  пора  малышам»,  «Алдардың  айласы»,



                                                             99
   94   95   96   97   98   99   100   101   102   103   104