Page 49 - kzd
P. 49
Бөкетов Қ. А. Бөкетов мектебінің түлектері // Орталық Қазақстан. - 2008. - 25 қыркүйек
(№148) . - 3 б.
Жанғожин З. Ізденіс іздері: Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының
лауреаттары // Орталық Қазақстан. - 2005. - 31 желтоқсан. - 3 б.
Молдахметов З. Ел тарихындағы елеулі тұлға // Орталық Қазақстан. - 2019. - 11 сәуір (№
38). - 5 б.
Сүлейменов Т. Ұстаз туралы бірер сөз // Орталық Қазақстан. - 2007. - 19 маусым. - 2 б.
31 тамыз 1937 – 5 мамыр 2015 - Социалистік
Еңбек Ері, Құрметті металлург Төлеген
Дүйсенбайұлы Адам-Юсуповтың туғанына 85
жыл
Адам-Юсупов Төлеген Дүйсенбайұлы 1937 жылы Алматы облысында дүниеге келген.
Көрікші, КСРО-ның құрметті металлургі (1969), Социалистік Еңбек Ері (1981).
Еңбек жолын 1959 жылы Қарағанды металлургия комбинатында бастады. 1967 жылдан
домна цехында аға көрікші. №4 домна цехының жобалық қуатын мерзімінен бұрын игеру
жөнінде бастама көтеріп, оның 1,5 ай ішінде толық пайдаланылуына қол жеткізді. Комбинатгың
4-домна пешін іске қосу, ретке келтіру ісіне белсене атсалысты. Ол басқаратын №4 пеш ұжымы
металлургтардың Бүкілодақтық социалистік жарысында сан мәрте жеңіп шығып, «КСРО-ның
озық домна пеші» атағына ие болды (1978-1980).
Адам-Юсуповтың бригадасы 10-бес жылдықтың тапсырмасын мерзімінен бұрын орындап
шығып, жоспарға қосымша 5 мың тоннадан астам шойын берді.
КОКП 25-съезінің, Қазақстан КП 14-съезінің делегаты. 10-11-шақырылған КСРО Жоғарғы
Кеңесінің депутаты. 1984-89 жылдары КСРО Жоғарғы Кеңесі Ұлттар Кеңесі төрағасының
орынбасары боды. Т. Адам-Юсупов 27 жасында Еңбек Қызыл Ту ордені табысталды, 31
жасында КСРО-ның құрметті металлургы атанды. 1981 жылы 2 наурызда 44 жасында үздік
өндірістік жетістіктері, оныншы бесжылдық тапсырмаларын және өнім шығару, оның сапасын
жақсарту, еңбек өнімділігін арттыру және көрсеткен еңбек ерлігі бойынша қабылданған
Социалистік міндеттемелерді мерзімінен бұрын орындағаны үшін Социалистік Еңбек Ері
атағына ие болды.
ҚР Президентінің 2010 жылғы 2 шілдедегі Жарлығымен Мемлекеттік және қоғамдық
қызметтегі еңбегі, еліміздің әлеуметтік — экономикалық дамуына қосқан елеулі үлесі және
Қазақстан Магниткасының 50 жылдығына байланысты «Құрмет» орденімен марапатталды.
2015 жылы 5 мамырда Алматы қаласында қайтыс болды.
Әдебиеттер:
Адам-Юсупов Т. Алдыңғы сапта адымдап... // Орталық Қазақстан. – 1976. – 6 мамыр
Адам-Юсупов Т. Жүрек қалауымен // Орталық Қазақстан. - 2010. - 29 маусым (№ 104). - 2
б.
Адам-Юсупов Т. Коммунизм мұраттары [Магнитканың өмірбаяны] //Орталық Қазақстан.
– 1984. – 1 мамыр
Адам-Юсупов Т. Коммунист жүрегі // Социалистік Қазақстан. – 1975. – 13 желтоқсан
Адам-Юсупов Т. Миллиондардың сүйіспеншілігі // Орталық Қазақстан. – 1977. – 27 ақпан
Т.Д. Адам-Юсупов туралы әдебиеттер:
Адам-Юсупов Төлеген Дүйсенбайұлы // Қарағанды. Қарағанды облысы: энциклопедия /
ред. А. А. Абдулин. - Алматы : Атамұра, 2006. – 88 б.
Адам-Юсупов Төлеген Дүйсенбайұлы // Қарағанды. Қарағанды облысы: энциклопедия /
ред. Р.Н.Нұрғалиев. - Алматы, 1990. – 90 б.
49