Page 48 - kzd
P. 48

Тұғырлы туынды топ жарды // Орталық Қазақстан. - 2014. - 29 наурыз (№ 57/58). - 1 б.
                  Халық қалаулысы // Орталық Қазақстан. - 2017. - 27 шілде (№ 82). - 1 б.
                  Хамзин М. Ғылым мен болса парасат бір басында // Орталық Қазақстан. - 2004. - 21 ақпан.
            - 1-3  б.
                  Шалқар Ж. Қарағанды университетінде - жаңа ректор // Орталық Қазақстан. - 2020. - 27
            тамыз (№ 93). - 2 б.
                  Шалқар  Ж.  Құнды  құжаттар  мұрағатқа  тапсырылды  //  Орталық  Қазақстан.  -  2021.  -  1
            маусым (№ 57). - 3 б.

                                                             25  маусым  1937  Техника  ғылымдарының
                                                             докторы,     профессор     Виталий      Павлович
                                                             Малышевтың туғанына 85 жыл

                  Малышев  Виталий  Павлович  1937  жылы  25  маусымда  Ташкентте  дүниеге  келген.
            Физикалық және анорганикалық химия, металлургия, ақпарат теориясы және жүйелер теориясы
            саласының маманы, техника ғылымдарының докторы (1982), профессор (1982).
                  С.М. Киров атындағы Орал политехникалық институтын 1959 жылы бітірген. 1959-1963
            жылдары сирек және бытыраңқы элементтер зертханасының инженері, аға инженері, кіші, аға
            ғылыми  қызметкері,  меңгерушісі,  ҚазКСР  ҒА  ХМИ  директорының  орынбасары,  директоры
            болды.  1994  жылдан  аталмыш  институтының  күрделі  физика-химиялық  жүйелерін
            энтропиялық-ақпараттық  талдау  зертханасының  меңгерушісі.  650  -  ден  астам  еңбектің,  оның
            ішінде 26 монографияның авторы.
                  1995-2006  жылдары  ҚР  көрнекті  ғалымдарына  арналған  Мемлекеттік  ғылыми
            стипендиясының  төрт  мәрте  иегері  болды.  2001  жылы  «ҚР  ғылымының  дамытудағы  ерен
            еңбегі»  белгісімен  марапатталды.  2005  жылы  ҚР  ғылым,  техника  және  білім  саласындағы
            Мемлекеттік  сыйлығына  ие  болды.  Сол  жылы  Қарағанды  облысы  әкімінің  «Жылдың  үздік
            ғалымы»  дипломымен  марапатталды.  ҚР  Минералдық  ресурстар  академиясы  төралқасының
            2006  жылғы  5  мамардағы  қаулысымен  «Академик  Е.А.Бөкетовтің  ғылыми  және
            шығармашылық мұрасы» еңбегі үшін академик Е.А.Бөкетов атындағы сыйлық берілді.
                  Профессор В. П. Малышев-академик Евней Арстанұлы Бөкетовтің алғашқы шәкірті және
            ізбасары. В.П. Малышев ғылыми кадрларды даярлауға көп көңіл бөледі. Оның жетекшілігімен
            14 докторлық және 31 кандидаттық диссертация қорғалды.
                  КСРО мен Қазақстан Республикасының 88 авторлық куәлігі мен патенттерін және алыс
            шетелдердің, дамыған елдердің 32 патентін алған.
            Ол «Автоматика-Информатика», «Комплексное использование минерального сырья», «Вестник
            КарГУ», «Journal of Industrial technology and engineering». журналдарының редколлегия мүшесі.

                                                       Әдебиеттер:
                  Малышев В. Тұлға еді Тұрекең көпті ойлаған: [Т.Оралов туралы] // Орталық Қазақстан. –
            2000. – 27 желтоқсан
                  Малышев  В.  П.  Тәжірибені  жоспарлаудың  альтернативті  әдістері:  оқу  құралы  /  В.  П.
            Малышев, М. Қ. Алдабергенов; Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі, Е.
            А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті. - Қарағанды: ҚарМУ, 2000. - 93 б.

                                      В.П. Малышев шығармашылығы туралы:

                  Малышев Виталий Павлович (1937) // Қарағанды. Қарағанды облысы: энциклопедия / ред.
            А. А. Абдулин. - Алматы: Атамұра, 2006. – 396 б.
                  Малышев Виталий Павлович // Қарағанды. Қарағанды облысы: энциклопедия / ред. Р. Н.
            Нұрғалиев. - Алматы : Қаз. сов. энцикл., 1990. – 390 б.

                                                            ***


                                                             48
   43   44   45   46   47   48   49   50   51   52   53