Page 45 - kzd
P. 45

28-31 б.
                  Сардарбек К. Мен Манарбектің келінімін // Балқаш өңірі. - 2001. - 31 қазан
                  Сардарбек К. Шығыстың бұлбұлы, Ақтоғайдың аққуы // Орталық Қазақстан. - 2012. - 13
            қазан (№ 173/174). - 4 б.
                  Смаханұлы С. Керемет деп осыны айт // Сарыарқа. - Ботақара, 2002. - 1 маусым
                  Сөйле, сурет! // Парасат. - 2004. - №5.- 31 б.
                  Тәшімова М. "Күләш" сериалындағы көркем образдар // Мәдениет. - 2015. - № 5. - 39-43 б.
                  Тобаяқов Б. Үні кетпес құлақтан // Ана тілі. - 2012. - 18-24 қазан (№ 42). - 11 б.
                  Тойбек Ж. Қазақтың бұлбұлы // Орталық Қазақстан. - 2012. - 19 мамыр (№ 81/82). - 5 б.
                  Тоқсанбай Қ. Қазақтың бұлбұлы // Егемен Қазақстан. - 2012. - 19 сәуір (№ 164/168). - 12 б.
                  Төлегенұлы Б. Қазақтың бұлбұлы өнердің дүлдүлі // Ана тілі. - 2012. - 15-28 наурыз (№
            11/12). - 6-7 б.
                  Туғанбай А. Жақсыға әркімнің де бар таласы // Орталық Қазақстан.-2007. - 26 шілде. - 6  б.
                  Түрен салған тұңғыштар // Айқын. - 2017. - 8 наурыз (№ 35). - 6 б.
                  Халықтар достығының бір айғағы: халық артисі К. Байсейітовамен сұхбат // Социалистік
            Қазақстан. - Алматы, 1950. - 23 июль (№ 160).- 4 б.

                                                          5  мамыр  1962  -  Заң  ғылымдарының  докторы,
                                                          профессор,     Е.А.Бөкетов       атындағы       ҚарУ
                                                          ректоры Нұрлан Орынбасарұлы Дулатбековтың
                                                          туғанына 60 жыл

                  Заң  ғылымдарының  докторы,  профессор,  ҚР  Ұлттық  ғылымдар  академиясының  мүше-
            корреспонденті,  Қазақстан  Педагогика  ғылымдарының  академиясының  академигі  Нұрлан
            Дулатбеков 1962 жылы Қарағанды облысының Ақсу-Аюлы ауылында дүниеге келген.
                  1984  жылы  Е.  А.  Бөкетов  атындағы  ҚарМУ  «Құқықтану»  мамандығы  бойынша,  1992
            жылы  –  ҚР  Ғылым  Академиясының  философия  және  құқық  институтының  аспирантурасын
            тәмәмдаған.
                  Педагогикалық қызметін 1984 жылдан 1996 жылға дейін Е.А. Букетов атындағы ҚарМУ-
            де қылмыстық құқық және криминология кафедрасында оқытушы, аға оқытушы, доцент және
            кафедра  меңгерушісі  болып  істеген.  1996  жылдан  2013  жыл  бойынша  «Болашақ»  Қарағанды
            университетінің ректоры, «Карлаг - болашақ үшін есте сақтау» ғылыми - зерттеу орталығының
            жетекшісі болды.
                  Қарағанды  облыстың  мәслихатының  депутаттығына  екі  рет  сайланды,  облыстық
            мәслихаттың хатшысы болды (2013-2016 ж.). 2016 жыллғы сәуірден 2020 жылғы тамызға дейін
            «Нұр  Отан»  партиясынан  VI-шақырылымда  ҚР  Парламенті  Мәжілісінің  депутаты,  ҚР
            Парламенті Мәжілісінің заңнама және сот-құқықтық реформа бойынша комитет мүшесі болды.
            Қазіргі уақытта Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің ректоры.
                  150-ден  астам  ғылыми  жұмыстардың  авторы.  Ғылыми-педагогикалық  тәжірибелерді
            Англияда, Бельгияда, Туркияда, Испанияда, Малайзияда және Жапонияда өткізген.
                  Н.О.  Дулатбеков  көптеген  жылдар  бойы  саяси  қуғын-сүргін  тақырыбымен  айналысып
            келеді  және  аймақтық  және  жаһандық  сипаттағы  тарихи-құқықтық  тақырыптардың  кең
            спектрін  көрсететін  ғылыми-зерттеу  жобаларын  әзірлейді.  Қазыбек  би,  Бұқар  жырау  және
            Сәкен Сейфуллинге арналған аймақтық энциклопедиялардың идея авторы және бас редакторы
            болды.
                  Белгілі  ғалым  көптеген  марапаттардың  да  иесі.  Халықаралық  кадрлар  академиясының
            «Білім  беру  ісіне  қосқан  үлесі  үшін»  Алтын  медалінің,  Қазақстандағы  «Заңгер-2004»
            номинациясының  «Алтын  адам  –  Жыл  адамы»  сыйлығының  иегері,  Қазақстандағы  «Алтын
            жүрек»  Ұлттық  сыйлығының  номинаты,  екінші  дәрежелі  «Достык»  орденімен  басқа  да
            мерекелік медальдармен марапатталған.
                                                       Әдебиеттер:


                                                             45
   40   41   42   43   44   45   46   47   48   49   50