Page 42 - kzd
P. 42
Байсейітова атындағы республикалық конкурс лауреаттары Нұржамал Үсенбаева, Дина
Хамзина, Медет Чотабаев, Жұпар Ғабдуллина және т.б., Әзірбайжаннан Илах Эфендиев және
Ресейден Виктор Алешков қатысты.Мерекелік салтанат Ақтоғай ауданындағы Күләштің
ауылында жалғасын тапты.
Жезтаңдай әншінің мерейтойы тек Қазақстанда ғана аталып өткен жоқ. К.
Байсейітованың шығармашылығын зерттеумен TURKSOY этномәдени экспедициясы
айналысады. Қазақ опера әншісі Күләш Байсейітованың мерейтойына орай ТЮРКСОЙ Опера
өнерінің күндері болып өтті. 8 елден 14 музыкант қатысқан фестиваль Түркияның Кадыкей
қаласында Сүрей Паша атындағы опера ғимаратының сахнасында болды. Бұл түркі тілді
орындаушылар арасындағы тұңғыш музыкалық фестиваль еді. Бұл халықаралық шараға
Қазақстаннан Амантай Ибраев, Балапан Жұбаева, Нарұл Тойкенов, Әсел Тарабцевалар
қатысты.
Аты аңызға айналған опера әншісінің өмірі туралы Оралда және Мәскеуде 2013 жылы
тағы бір фильм түсірілді.
Астана қаласын еліміздің саяси және мәдени орталығы ретінде одан әрі дамыту
мақсатында Қазақстан Республикасы Н.Назарбаевтың бастамасымен 2000 жылғы қаңтарда
«Ақорда» опера және балет театры құрылған болатын. Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығымен 2000 жылғы шілдеде Астана қаласы опера және балет театры Күләш Байсейітова
атындағы опера және балет театры болып өзгертілді.
http://www.kstu.kz › 2012/11 › K-l-sh-Bajseitova
Әдебиеттер:
Ахметова М. Қазақтың бұлбұл қызы // Ахметова М. // Ән өнері және уақыт. – Алматы:
Өнер 1993. – 42-48 б.
Байділдаев Ө. Қазақ бұлбұлы // Байділдаев Ө. Қанатты өнер: очерктер жинағы. - Алматы:
Жазушы, 1973. – 62-73 б.
Байсейітов Қ. Құштар көңіл. - Алматы: Жазушы, 1977. - 222 б.
Байсейітова Күләш (Гүлбаһрам) Жасынқызы// Қазақ ССР: 4 томдық қысқаша
энциклопедия. 4-том / бас ред. Р.Н. Нұрғалиев. - Алматы: Қаз.сов. энцикл., 1989. - 196 б.
Байсейітова Күләш (Гүлбаһрам) Жасынқызы// Қарағанды. Қарағанды облысы:
энциклопедия / ред. А. А. Абдулин. - Алматы : Атамұра, 2006. - 162 б.
Байсейітова Күләш (Гүлбаһрам) Жасынқызы// Қарағанды. Қарағанды облысы:
энциклопедия / ред. Р.Н. Нұрғалиев. - Алматы: Қаз.сов.энцикл., 1990. - 123 б.
Бейсембек Т. Күләш // Бейсембек Т. Сиқырлы музыка: [жыр жинағы]. - Астана: Фолиант,
2016. - 34 б.
Брусиловский Е. Дүйім дүлдүлдер / Е. Брусиловский; ауд. С. Байжанов, 1995. - 224 б.
Брусиловский Е. Қыз Жібек: төрт перделі, екі суретті опера / Е. Брусиловский ; либр. Ғ.
Мүсірепов, 1981. - 167 б.
Гәкку [Ноталар]: К. Байсейітованың репертуарынан әндер, романстар және ариялар /
құраст. К. И. Бобошко. - Алматы : Өнер, 1991. - 126 б.
Дала бекзатының үйінде: (XІX ғасырдағы орыс жазушылары қазақтар туралы) / құраст. Ә.
Жұмабаев. - Астана: Аударма, 2003. - 520 б.
Ешимов М. П. Күләш Байсейітова // Ешимов М.П. Қазақ әдебиеті мен мәдениеті: шетелдік
және өзге тілді азаматтарға арналған оқу құралы. - Алматы: Қазақ университеті, 2012. – 78-83 б.
Жандарбеков Қ. Күләш – Қанаш // Қазақстан өнері: жылнама / құраст. Ө. Оралбеков. -
Алматы: Өнер, 1987. – 30-33 б.
Жұбанов А.Қ. Біздің заманның ұлы актрисасы // Жұбанов А. Өскен өнер: (мақалалар мен
зерттеулер). – Алматы: Ғылым, 1985. – 66-70 б.
Жүз жиырма тұңғыш / Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі; құраст.
Б. Нұржеке-ұлы. - Алматы: Жалын баспасы, 2015 -2 т. : [проза]. - 380 б.
42