Page 41 - kzd
P. 41
М.Әуезовтың «Еңлік- Кебегіндегі» Еңліктің рольдерін ойнап, сахналық тамаша қабілетімен
танылады. Образдардың табиғатын тап басып тану, ол танығанын өмірлік шынайы шеберлікпен
жеткізе білу, әсіресе туа біткен әншілік қабілеті кейіпкер болмысын аша түсуі де Күләштің
сахна өнері үшін жаралаған жан екенін әйгілей түседі. Күләш 1933 жылы жаңадан ашылған
музыка студиясына қабылданады. Алғаш рет Қазақ музыка театрының шымылдығы 1934 жылы
«Айман-Шолпан» (М.Әуезов, И.В.Коцых) музыкалық комедиясымен ашылғанда, Күләш басты
рольді үлкен шеберлікпен ойнап, Айман бейнесі арқылы Қазақ қыздарының ар-намыстан
жаралғандай парасатты болмысын шабытпен тұлғалайды. Мұнан әрі Күләштің ғажайып
қабілеті мен дарыны Б.Майлин мен И.В.Коцыхтың «Шұғасындағы» - Шұға, Е.Брусиловскийдің
«Қыз Жібек» операсындағы – Жібек образдарын сомдау барысында одан әрі жарқырап ашыла
түседі. Бұл рольдер арқылы оның бойындағы әншілік-артистік қабілеттің ғажайып
мүмкіндіктері барша болмысымен көрініс тауып, қазақ сахна өнерінің соны табысы ретінде
жұртшылықтың ықылас-ілтипатына бөленді. Ол жаңа қаз басқан қазақ сахна өнерінің шын
мәнінде тірек тұлғасына, ұйтқысына айналды. Аз уақыт аясында Е.Брусиловскийдің «Жалбыр»
, «Ер Тарғын», «Алтын астық», «Гвардия алға», «А.А. Зильбердің «Бекет», И.Н. Надировтың
«Терең көл», А.Жұбанов пен Л.Хамидидің «Абай», М. Төлебаевтың «Біржан-Сара»,
Д.Ж.Пучинидің «Чио-Чио-Сан», П.И.Чайковскийдің «Евгений Онегин», А.Рубинштейннің
«Демон» сияқты операларында басты рольдерде ойнап, басты вокальдық партияларды орындап,
қайталанбас хас шеберлігімен танылды. Бір-біріне ұқсамайтын кереғар образдар, иірім-
қайырымы әр алуан вокальдық партиялар Күләштің көп қырлы, алауан сырлы дарынының
арқасында алмастай жарқырап ашылып, эстетикалық эмоциялық қуаты мейлінше тегеурінді
образдар галериясы жасалды. Күләш Бәйсейітова концерттік әнші ретінде де дүние жүзіне
танылған қайталанбас дарын иесі бола білді.
Ұлы Отан соғысы жылдарында К.Байсейітова концерттік бригада құрамында майдан
шебіне шығып тұрды. 1-3 сайланған ҚазКСР Жоғары Кеңесінің депутаты, Ленин орденімен
марапатталды.
Жарқ етiп жұлдызы жанысымен-ақ, өзiне тиiстi абыройды да, атақты да алған әншi
өмiрден озғаннан кейiн де құрметке кенде болған жоқ. Оның есiмiмен аталатын елiмiздiң iрi
қалаларында көше де, музыкалық оқу орны да, театр да бар.
Алатауда биiктiгi 3450 метр болатын бiр шың Күләш Байсейiтованың есiмiмен аталады.
Ұлы қазақ әншісі жайлы «Қазақфильм» киностудиясында режиссер М. Мусин 2004
жылы «Күләштің ауылы» киносын түсірді.
Күләш Байсейітова есімі Алматы қаласындағы музыка мектеп-интернатына берілген.
2011 жылы 15 қыркүйекте К. Байсейітова атындағы дарынды балаларға арналған музыка
мектеп-интернатының гүлзарында әншінің 100 жылдық мерейтойы қарсаңында оның қоладан
жасалған ескерткіші орнатылды. Ескерткіштің ашылуы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің
20-жылдығын тойлау аясында болып өтті. Мектеп Қазақстанның музыка өнерінің дамуына үлкен
үлес қосты. Бұл музыканттар мен орындаушыларды дайындайтын республикадағы жалғыз
элиталық музыка мекемесі болып табылады.
Ұлы актрисаның лайықты ізбасары бар – Раушан Қанабекқызы Байсейітова, Қазақстанның
халық әртісі, танымал балерина, мемлекеттік сыйлық лауреаты, «Халықтар достығы», «Құрмет»
ордендерінің кавалері, халықаралық конкурстардың лауреаты, профессор. Ол КСРО Үлкен театры
жанындағы Мәскеу академиялық хореография училищесін бітірген. Атақты А. Вагановадан, Е.
Жемчужинадан және С. Мессерерден тәлім алған. Абай атындағы опера және балет театрында
Раушан «Бахчисарайский фонтан, «Франческа де Рамини», «Лебединое озеро», қазақ балеті «Ақсақ
құлан» сияқты спектакльдерде негізгі партияларды ойнады.
2012 жылы 11 сәуірде Күләш Жасынқызы Байсейітованың 100 жылдығына арналған
«Күләш – ғасыр бұлбұлы» атты салтанатты шара өтті. Бұл шараны ҚР Мәдениет және ақпарат
министрлігі, ҚР Ұлттық мұрағаты, К. Байсейітова атындағы опера және балет театры,
«Республикалық Астана қаласының әйелдерінің кеңесі» РҚҰ ұйымдастырды.
2012 жылы 12 қазанында Күләштің отаны – Қарағанды қаласында «Қазақ Гәккуі -
Күләш» атты музыкалық фестиваль өтті. Оған Қазақстан Республикасының халық әртістері, К.
41