Page 40 - kzd
P. 40

әдебиеті. - 2003. - 27 маусым. - 15  б.
                  Қаражігітов А. Топжарған тау тұлға // Сарыарқа. - Жезқазған. - 2002. - 24 көкек. - 2 б.
                  Қожамсейітов С. Қазаққа керек қайраткер еді // Сарыарқа. - Жезқазған. - 2012. - 8 маусым
            (№ 24). - 6 б.
                  Қожамсейітов С. Тау шыңы алыстан көрінеді // Сарыарқа. - Жезқазған. - 2004. - 24 сәуір.
                  Қозыбаев  С.  Журналистиканың  ғана  емес,  бүкіл  мәдениетіміздің  желмаясы  //  Егемен
            Қазақстан. - 2012. - 21 сәуір (№ 172/177). - 7 б.
                  Құл-Мұхаммед М. А.  Ақжарылқап // Орталық Қазақстан. - 2012. - 28 сәуір (№ 71/72). - 2 б.
                  Мұртаза Ш. Қайраткер Камал // Егемен Қазақстан. - 2006. - 21 желтоқсан (№ 315). - 5 б.
                  Мырзабеков Б. Камалым – Қамалым // Сарыарқа. - Жезқазған. - 2003. - 28 маусым.
                  Нарымбетов С. Алдымызда аға бар еді // Қазақ әдебиеті. - 2005. - 11 қараша(N45). - 11  б.
                  Наурызбай  М.    Камал  Смайылов  атындағы  пилон  ашылды  //  Сарыарқа.  -  Жезқазған.  -
            2011. - 29 сәуір (№ 17). - 2 б.
                  Рахұлы А. Камал Смайыловқа көше берілді //Орталық Қазақстан.-2011.-17мамыр (№ 77).-
            1 б.
                  Сейітжанов М. Менің Камал - папам халқының мақтанышы еді // Шарайна. - 2007. - 27
            сәуір (№ 47). - 4 б.
                  Сейіткенов  Н.  Түгел  түскен  Алашқа  күндей  еді-ау  шуағы:  Н.Сейіткеновпен  әңгіме  /
            Әңгімелескен Қ.Құрмансейіт // Мысты өңір. - 2004. - 25 маусым. - 6  б.
                  Сейтіжанов М. Камал – папа // Сарыарқа. - Жезқазған. - 2007 . - 27 сәуір.(N17). - 5  б.
                  Тәуелсіздік ақиқаты // Қазақ әдебиеті.- 2001.- 14  желтоқсан(N50).-5 б.
                  Тәуекел С. Тұлға тегеуріні // Егемен Қазақстан. - 2017. - 26 шілде (№ 141). - 8 б.
                  Телпекбаева С. Сан қырлы қаламгер // Орталық Қазақстан. - 2017. - 18 мамыр (№ 53). - 6 б.
                  Шарманов  Т.  Ұлытаудың  перзенті:  ҚР  Ұлттық  Ғылым  Академиясының  академигі
            Т.Шармановпен сұхбат / сұхбаттасқан Сәметқызы А. // Мысты өңір. - 2012. - 4 мамыр (№ 17). -
            6 б.
                  Шарманов Т. Ұшқыр ойлы жайсаң жан // Егемен Қазақстан. - 2017. - 25 сәуір (№ 79). - 8 б.
                  Ыдырысов Ә. Алаш рухты ұрангер// Жас Алаш.- 2002.- 25 сәуір.-4 б.
                  Ысқақов А. Ұлы дала перзенті // Сарыарқа. - Жезқазған. - 2012. - 20 сәуір (№ 17). - 4 б.

                                                               2 мамыр 1912 – 1957 КСРО халық әртісі
                                                               Күләш Бәйсейітованың туғанына 110 жыл

                  ХХ  ғасырда  мәдениет  кеңістігінде  халқымыздың  жаны,  рухани  азығы,  асыл  мұрасы
            болған  музыка  өнеріні  ң  шыңында  Күләш  Байсейітова  тұрады.  Ғасырлардан  тамыр  алатын
            қазақтың музыкалық бай мәдени мұрасын заманына сай жаңашылдықпен жалғастырған, өзіндік
            сарынымен  сабақтастырған,  басқа  елдің  мәдениетімен  байланыстыра  байытқан  ол  -  шексіз
            талантымен музыканың табиғатын және оның көркемдік қасиетін өрнектеп, өрісті қазақ өнерін
            өркендеткен өнер мұрагері, бұлбұл әнші.
                  Бәйсейітова Күләш (Гүлбаһрам) Жасынқызы 2 мамыр 1912 жылы дүниеге келген. Туып-
            өскен жері – Қарағанды облысының Ақтоғай ауданы. Топырақ бұйырған жері – Алматы қаласы.
            Қазақ опера өнерінің негізін салушылардың бірі, қоғам қайраткері. КСРО халық артисі (1936).
            КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1948-1949).
                  Күләштің әншілік өнерге бейімділігі  жас кезінен-ақ байқала бастаған. Оның бойындағы
            қабілеттің ұшталуына ән мен күйге жүйрік әкесі Жасынның да әсері зор болған. Жеті жылдық
            мектеп  бітірген  соң  Күләш  Қазақтың  педагогикалық  институтына  түсіп,  мұндағы  көркем-
            өнерпаздар  үйірмесіне  белсене  араласады.  Қала  жастарының  өнер  байқауларында  әншілік
            дарынымен  көзге  түседі.  Содан  1930  жылы  Қазақтың  тұңғыш  драма  театрының  группасына
            қабылданады.  Күләш  сахна  өнерінің  қыр-сырына  қызыға  ден  қойып,  кешікпей-ақ  театрдың
            белді артистерінің қатарынан көріне бастайды. Ол аз уақыттың ішінде Б.Майлиннің «Майдан»
            пьесасында Пүліштің, Н:В:Гогольдің «Үйлену тойындағы» Агафия Тохонованың, М.Тригердің
            «Сүңгуір  қайығындағы»  Клаудияның,  Қ.Бәйсейітов  пен  А.Шаниннің  «Зәуресіндегі»  Зәуре,

                                                             40
   35   36   37   38   39   40   41   42   43   44   45