Page 63 - КЗД_каз_2020
P. 63
Сұлтанов Қ. Елімнің ержүрек перзенті // Егемен Қазақстан. - 2015. - 19 қараша. - 4 б.
17 желтоқсан 1930 – Қарқаралы ауданының
құрылғанына 90 жыл
Қарқаралы ауданы 1930 жылы құрылған. Облыстың солтүстік-шығыс бөлігінде
орналасқан. 1997 жылы ел Президентінің Жарлығымен республика бойынша бес облыс, алпыс
төрт аудан таратылды. Сол әкімшілік-аумақтық қысқартудың қатарында Қазыбек би ауданы
(бұрынғы Егіндібұлақ ауд.) таратылып, Қарқаралы ауданының құрамына берілді.
Жер аумағы 35,5 мың км шаршы шақырымды құрайды. (Қарағанды облысының жалпы
ауданы аумағының 8,3%-ы). 2016 жылдың 1 қазанына Қарқаралы ауданының әкімшілік-
аумақтық бөлінісі: 1 қала, 1 кент және 23 ауылдық округ. 2016 жылдың 1 сәуіріне халық саны
37684 адамды құрады. Орталығы – Қарқаралы қаласы. Аудан аумағы Сарыарқаның
шығысында, дала белдемінде орналасқан. Жері негізінен аласа таулы, шоқылы, төбелі, белесті
келеді.
Негізгі айналысатын саласы – кен өндіру өндірісі («Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС және
«Өркен» ЖШС кәсіпорындары) мен ауылшаруашылық болып табылады.
2016 жылдың қаңтар-қыркүйек айларына өнеркәсіп өнімінің жалпы көлемі 2982,3 млн.
теңгені, ауылшаруашылық өнімінің жалпы көлемі – 16659,7 млн. теңгені, құрылыс
жұмыстарының көлемі – 2256,8 млн. теңгені, сауда көлемі – 1818,9 млн. теңгені құрады.
Жер қойнауында қорғасын, темір, барит, молибден, мырыш, күміс, алтын, флюорит,
кварцит, мыс, құрылыс материалдары (гранит, қиыршық тас, құм, саз) барланған. Климаты
айқын континенттік, қысы ұзақ, суық, боранды, қары аз. Жазы қоңыржай ыстық, қуаң.
Ауданда өнеркәсіп орындарынан темір кенін өндіру кәсіпорны, Қорғасын-барит өндіру,
май зауыты, нан зауыты, тамақ комбинаты, тігін цехы, астық қабылдау пункті, құрылыс,
автокөлік мекемелері бар. 462 шаруа қожалықтары, 2 ӨК («Қоянды», «Томар»), 3 ЖШС
(«Балгер», «Қазыбек», «Еңбек») агроөндіріспен шұғылданады. Егін шаруашылығының басты
саласы – астық дақылдары мен жемшөп, картоп пен көкөніс егіледі. 1930 жылдан ауданда
«Қарқаралы» газеті шығарылады. Ауданда орта мектеп, музыкалық және спорт мектебі,
колледж, тарихи-өлкетану мұражайы, халық театры, кітапханалар, ФАП, республикалық,
халықаралық байқауларда тұғырдың биік сатысын иеленіп, абыройлы болып жүрген
«Салтанат», «Балқантау сазы», «Кент маржандары» фольклорлық ән-би ансамбльдері жұмыс
істейді.
Қарқаралыда ашылған оқу орындары Орталық Қазақстан бойынша ең алғашқы білім
орталықтары болып табылады.
Қарқаралы жерінің бүкіл атырабы – ашық аспан астындағы мұражай әрі тарихи орын.
Қатпар-қатпар тасы, мың бұрала билеген жасыл ормандары шежірелі тарихтан ерекше сыр
шертеді. Қарқаралы тарихи-мәдени орындарының тәуелсіздік жылдарында ерекше сипатқа ие
болып, мемлекеттік дәрежеде қорғауға алына бастады. Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғат
паркі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 1 желтоқсанындағы № 212 арнаулы
қаулысына сәйкес ұйымдастырылған. Мақсаты Қарқаралы және Кент кешендеріндегі өте сирек
кездесетін және экологиялық, тарихи, ғылыми, әсемдік жағынан ерекше құнды тау
сілемдерімен орман алабын сақтау және қалпына келтіру. Ұлттық парктің жалпы көлемі – 90,3
мың га.
Табиғат музейі – Қарқаралының Тасбұлақ шатқалындағы әдемі көріністі жеріне
орналасқан. Екі қабаттан тұратын ағаш үйде әр түрлі емдік шөптер фаунасы жинақталған көрме
зал, және демалыс бөлмесі бар. 80 гектарлық қоршаған алаңға: бұғы, қодас, кербұғы,бизон,пони
және т.б. жабайы аңдардың түрлері жіберілген.
«Орманшы үйі» - Кімасардың таулы қойнауына орналасқан. Бұл үй 1913 жылы салынған.
Бұл жерде ең алғаш орманшы Л.Садовничий деген адам еңбек еткен.
Шайтанкөл – өзінің табиғи жаратылыс ерекшелігімен ертеден әсемдік пен сұлулықты
қастерлеген қауымға шабыт берген, құтты мекен. Шайтанкөл бұл өңірде жалғыз емес. Дәл осындай
таудың биік шыңдарындағы түзілген көлдер ретін азды-көпті бассейн көлдер тізбектейді. Биік
таудың басында, қабырғалары тіп-тік болып, қолмен қойғандай жартастармен көмкерілген көлдер,