Page 62 - КЗД_каз_2020
P. 62
1985-88 жылдары дивизия командирінің орынбасары, Түркістан әскери округінің әуе
шабуылына қарсы қорғаныс дивизиясының командирі.
1992 жылдың ақпанында Түркістан әскери округінің әуе шабуылына қарсы қорғаныс
корпусының командирі болып тағайындалды.
Әуе қорғанысы авиациялық истребительдік полкының ұшқышы, аға ұшқышы, Перм
облысындағы Әуе қорғанысы авиациялық истребителдік полкы авиациялық звеносының
командирі, авиациялық эскадрильясы командирінің орынбасары, командирі, Самарқан
қаласындағы Әуе қорғанысы дивизиясы командирінің орынбасары, командирі, Мары
қаласындағы Әуе қорғанысы дивизиясының командирі, Алматы облысы Борандай
поселкесіндегі Әуе қорғанысы корпусының командирі, Әскери-әуе күштерінің басшысы -
Қорғаныс министрінің орынбасары, Әскери-әуе күштерінің басшысы, Қазақстан Республикасы
Қарулы күштерінің Әуе қорғанысы күштерінің басшысы, Қорғаныс министрінің бірінші
орынбасары - Штаб басшылары Комитетінің төрағасы қызметтерін атқарған. Қазақстан
Республикасы Президентінің Жарлығымен екі рет Қорғаныс министрі болып тағайындалған.
2010 жылдың сәуір айынан Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан
Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып тағайындалған.
Ұшқыш-мерген. Жетілдірілген соңғы МиГ және Су тектес истребительдердің қазіргі
заманғы барлық түрлерін шектеусіз басқаруға рұқсаты бар.
АҚШ авиациялық базаларының бірінде атақты америка F-16 жойғыш ұшағымен ұшу
өнерін көрсеткен жаңа тәуелсіз мемлекеттердің тұңғыш ұшқышы болып табылады. Осыған
орай америка мамандары М.Алтынбаевтың кәсіби шеберлігіне жоғары баға берді.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 ж. мамырдың 6-ында № 112 Жарлығымен
«Халық Қаһарманы» атағы берілді және «Халық Қаһарманы» Алтын жұлдызы мен «Отан»
ордені табыс етілді.
ІІ дәрежелі «Барыс», «КСРО Әскери күштерінде Отанға қызметі үшін», Ресей
Федерациясының «Дружбы народов», «Петр Великий» ордендерімен және жиырма алты
медальмен марапатталған.
Әскери қайраткер, Халық қаһарманы, Әскери ұшқыш-инженер. Армия генералы. Саяси
ғылымның кандидаты.
Әдебиеттер:
Алтынбаев М. Алаштың алып тұлғасы // Егемен Қазақстан. - 2015. - 27 қараша. - 3 б.
Алтынбаев М. Ел қауіпсіздігі - басты назарда // Егемен Қазақстан. - 2006. - 10 қазан (
№242-245). - 2 б.
Алтынбаев М. Елдің мызғымас атрибуты-ұтқыр да кәсіби армия // Егемен Қазақстан. -
2017. - 1 желтоқсан (№ 232). - 4 б.
Алтынбаев М. Ерліктің ескірмейтін ескерткіші: Халық Қаһарманы М. Алтынбаевпен
әңгіме / әңгімелескен Ж. Самрат // Егемен Қазақстан. - 2012. - 14 наурыз (№ 95/101). - 4 б.
Алтынбаев М. Кәсіби армия - мемлекет қауіпсіздігінің кепілі // Егемен Қазақстан. - 2006. -
25 қазан (№260-263). - 4 б.
Алтынбаев М. Қазақстанның кәсіби армиясы - жаңа мыңжылдықтың армиясы // Егемен
Қазақстан. - 2006. - 6 мамыр (№101 -102). - 1,5 б.
М. Алтынбаев туралы әдебиеттер:
Алғадай. Батыр қолбасшы, Батыр генерал: [жинақ] / құраст. Д. Қожамұрат. - Алматы:
Өлке, 2010. - 158 б.
***
Ерғалиев Ж. Ерліктің биік аспаны // Егемен Қазақстан. - 2015. - 13 маусым (№ 110). - 6 б.
Қазақ елінің қаһармандары // Айқын. - 2016. - 10 желтоқсан (№ 186). - 22-23 б.
Мұқанұлы Д. Мұхтар Алтынбаев - Ұлытау ауданының Құрметті азаматы // Орталық
Қазақстан. - 2011. - 31мамыр (№ 86). - 1 б.
Оспанова Қ. «Қарағанды облысының Құрметті азаматы» атағын беру туралы; Қарағанды
облысы.Облыстық Мәслихат // Орталық Қазақстан. - 2017. - 23 желтоқсан (№ 142). - 4 б.
Смайыл Е. Қорғаныс министрі // Егемен Қазақстан. - 2006. - 11 мамыр (№103). - 3 б.