Page 49 - КЗД_каз_2020
P. 49
Көлемі 1513 шаршы метр алғашқы домна пешін салу 1957 жылы желтоқсанда қолға
алынған еді. 1960 жылдың 3 шілдесі Теміртау мен облысымыздың, тіпті кең байтақ еліміздің
тарихында алтын әріптермен жазылып қалды. Иә, бұл күні Қарағанды металлургия
заводында №1 домнадан тұңғыш шойын қорытылып, экономикамыздың өркендеуіне үлкен
мүмкіндік ашылды. Сол тұңғыш домнаның құрылысына, алғашқы балқымасын алуға тұңғыш
Президентіміз құрылысшы, шойыншы ретінде қатысқан еді. Бұл айтулы күн бүгінгі Қарағанды
метеллургия комбинатының күні болып саналады. Осы жылдың қараша айында алғашқы кокс
батареясы пайдалануға беріліп, бір айдан соң қазақстандық тұңғыш кокс те дүниеге келді.
1970 жылы Қарағанды металлургия заводы негізінде Қарағанды металлургия комбинаты
құрылды. Оның құрамында Атасу (темір марганец рудалары) және Оңтүстік Топар (флюсті әк
тастар) кен басқармалары, Алексеевка доломит карьері және Қазақ металлургия заводы –
бүгінгі сортты прокат өндірісі енді.
Қарағанды металлургия комбинаты бүгінде нарық заманына бейімделген ірі «Арселор
Миттал Теміртау» АҚ (“Испат Қармет” акционерлік қоғамына) айналды , сөйтіп бір кезде
кетеуі кеткен өндіріс жанданып қана қоймай жыл сайын өркендеп келеді. Комбинаттың
құрамына Қарағандының шахталары мен электр станциялары да енді.
Металлургиялық комбинатта жыл басынан бері 1 млн 300 мың тонна құрыш өндірілген
(2017). Сондай-ақ олар 1 млн 200 мың тонна шойын өндірген. Металлургтер белгіленген
жоспарды асыра орындауда. Яғни комбинат цехтарының құрылғыларын жаңарту мен өндіріс
агрегаттарының жұмысын тұрақтандыру шараларының арқасында жүзеге асып жатыр.
http://kk.wikipedia.org/wiki/Теміртау
https://qazir.kz/article/Temirtau_kalasy
Әдебиеттер:
Айткен Д. Нұрсұлтан Назарбаев және Қазақстанның қарышты қадамы - М.:
Художественная литература, 2010. - 369 б.
Ботанов Қ. Аяулы менің аңызым. - Қарағанды : Болашақ-Баспа, 2006. - 232 б.
Ботанов Қ. Теміртау тұлғалары - Теміртау : Б.ж., 2004. - 168 б.
Брагин А. Теміртау – болат қаласы // Алтыншы бесжылдықтың Қазақстандағы жаңа
құрылыстары.- Алма-Ата, 1957.- 33-46 б.
Ежевский Л. Металлмен шыныққандар = Закаленные металлом. - Астана : [б. ж.], 2010. -
103 б.
Әлімбаев Д. Кенші жыры - Алматы: Жазушы, 1986. - 107 б.
Жақанов И. Теміртауда мақпал түн. - Астана: Фолиант, 2010. - 197 б.
Ибраһим Е. Теміртау толғауы. - Алматы: Жалын, 1978. - 118 б.
Қазақстан магниткасы = Казахстанская магнитка: фотоальбом / құраст. А. Шапоров. -
Алматы: Өнер, 1985. - 100 б.
Қарағанды облысы = Карагандинская область=The Karaganda area / құраст. Петухов В. ;
қаз. тіліне ауд. М. Хасен ; ағыл. тіліне ауд. А. Аяпбекова. - [Қарағанды] : ТАиС, 2006. - 283 б.
Қарағанды облысының ономастикалық атауларының көрсеткіш-анықтамалығы: /
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі, Тіл комитеті ; ред. Б. Ахмет. -
Қарағанды: Doffin, 2008. - 299 б.
Қосымова Г. Тарихи сөздердің этимологиясы / Г. Қосымова ; Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрлігі, Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті. -
Алматы: "Тау-Самал", 2010. - 191 б.
Лұқпан Е. "Қарметтің" дәуірлеу және құлдырау кезеңі // Тұғыры биік Теміртау. -
Қарағанды: Қарағанды Полиграфия, 2005. - 208-219 б.
Лұқпан Е. Тұғыры биік Теміртау. - Қарағанды: Қарағанды Полиграфия, 2005. - 247 б.
Металлургтар қаласына - 60 жыл! = Городу металлургов - 60 лет!: песни о любимом
городе / звукорежиссер С. Дранга. - [Теміртау] : [б.ж.], 2006.- 32 эл. опт. диск (CD-ROM)
Нақтылы істер кезеңі / құраст. И. Ақылбеков. - Алматы: Қазақстан, 1990. - 408 б.
Несіпбай А. Жылжыған жылдар жылуы: жинақ. - Қарағанды: Арко, 2014. - 179 б.