Page 44 - КЗД_каз_2020
P. 44

Елімізде  медициналық  білім  беру  жүйесін  дамыту  1931  жылы  Алматы  қаласында
            медициналық  жоғары  оқу  орнының  ашылуымен  басталды.  Алайда,  жалғыз  институт
            республиканың медициналық кадрларға деген артып келе жатқан қажеттілігін қанағаттандыра
            алмады.  Соған  байланысты  республикалық  органдар  мен  КСРО  Денсаулық  сақтау  халық
            комиссариаты  алдына  Қарағанды  қаласынан  медициналық  институт  ашу  қажеттілігі  туралы
            мәселе  қойылды.  Қарағанды  қаласы  1940  жылы  облыс  орталығына  айналған  болатын,  қала
            тұрғындарының саны 196 мың адамнан асқан еді. Бірақ,Ұлы Отан соғысы бұл жоспарды бұзып
            жіберді. Сол себептен Қарағанды қаласында медициналық институт ашу мәселесі 1947 жылы
            қайтадан  көтеріліп,  облыстық  денсаулық  сақтау  бөлімі  Кеңес  Одағының  Денсаулық  сақтау
            министрлігіне  шахтерлер  қаласынан  медициналық  жоғары  оқу  орнын  ашу  туралы  ұсыныс
            жасады.  КСРО  Министрлер  Кеңесінің  1947  жылғы  16  қарашадағы  қаулысы  Қарағанды
            қаласына  «жұмыс  істеп  тұрған  медициналық  институттардың  бірін  ауыстыруды»  міндеттеді.
            КСРО  Министрлер  Кеңесі  Төрағасының  1949  жылғы  5  желтоқсандағы  өкімімен  «РСФСР
            Министрлер  Кеңесі  мен  КСРО  Денсаулық  сақтау  министрлігін  Қазан  қаласының  жабылған
            стоматологиялық  институтын  белгіленген  тәртіпте  Қарағанды  қаласының  медициналық
            институтына айналдырып, оның профессорларын, оқытушыларын, сол сияқты бірінші курсты
            бітірген студенттерін соған көшіруге міндеттеу» нұсқалды. Институт директоры болып дәрігер
            Петр Моисеевич Поспелов тағайындалды.
                  1950  жылдың  сәуірінде  Қазақстан  Республикасы  Денсаулық  сақтау  министрлігінің
            бұйрығымен  Петр  Моисеевич  Поспелов  Қарағанды  медициналық  институтының  (ҚарМИ)
            директоры  болып  тағайындалды.  Петр  Моисеевич  Поспелов  басқарған  1950-1974  жылдар
            аралығындағы кезең бұл институттың құрылуы мен қалыптасу кезеңі болып табылады.
                  1950  жылғы  1  қыркүйекте  Қарағанды  медициналық  институты  өзінің  алғашқы
            студенттері:  1  курстың  127  студенті  және  ІІ  курстың  101  студенттеріне  есік  ашты,  олардың
            арасынан  69  студент  Қазан  қаласынан  ауысып  келген  болатын.  Сол  кездегі  жалғыз  емдеу
            факультетінде 11 кафедра ашылды. 1950 жылы институтта 23 оқытушы сабақ берді, олардың
            арасында  3  ғылым  докторы  мен  3  ғылым  кандидаты  болды.  Қарағанды  медициналық
            институтының  ғылыми  саладағы  бірінші  жетістігі  1950  жылдың  21  қарашасында  өткен
            институттың I ғылыми студенттік конференциясы болды. 1952 жылы институтта аспирантура
            мен  ординатура  ашылды.  1955  жылы  Қарағанды  медициналық  институты  алғаш  рет  алты
            жылдық  оқу  жоспарын  толық  көлемде  аяқтап,  бірінші  түлектерді  –  94  дәрігерді  даярлап
            шығарды, олардың арасынан 15 адам оқуды үздік бітірді. 1957 жылы институт Ғылыми кеңесте
            кандидаттық  диссертациялар  қорғау  құқығына  ие  болды.  Ғылыми  кеңестің  төрағасы  болып
            Петр  Моисеевич  Поспелов  тағайындалды.  1958  жылдың  24  сәуірінде  медицина  ғылымының
            кандидаты  дәрежесіне  алғашқы  диссертациялық  жұмыстарды  ассистенттер  Н.К.Попова  мен
            Г.Г.Шамсеева қорғады.
                  1961  жылы  институтқа  бірінші  санат  берілді,  бір  жылдан  кейін  педиатрия  факультеті
            ашылды. Өнеркәсіп кәсіпорындары, құрылыс индустриясы ұйымдары, тігін, тамақ және басқа
            өнеркәсіп  кәсіпорындары,  қаланың  санитарлық-эпидемиологиялық  станциялары  санитарлық-
            гигиеналық  факультеттің  студенттеріне  оқу  үдерісі  мен  тәжірибеден  өту  үшін  базалар  бөлді.
            Қарағанды қаласының барлық ауруханалар желісі клиникалық машықтар алу үшін емдеу және
            педиатрия  факультеттерінің  студенттеріне  ұсынылды.  Институтта  өткізілетін  ғылыми
            зерттеулердің  деңгейі  ҚарМИ  жетекші  ғалымдарының  халықаралық  ғылыми  конгресстерге
            қатысуларын бекітеді.
                  1966  жылы  жоғары  оқу  орнында  Орталық  ғылыми-зерттеу  зертханасы  ашылып,  оны
            медицина  ғылымының  кандидаты  Мадениет  Мадиұлы  Сарсембаев  басқарды.  Мадениет
            Мадиұлы  Балалар  сарайында  (Пионерлер  үйі)  оқушыларға  арналған  Кіші  академияның
            ұйымдастырушысы және ұзақ уақыт бойы оның ректоры болды.
                  1989  жылдан  2001  жылға  дейін  институтты  ҚР  ҰҒА  академигі,  медицина  ғылымының
            докторы, профессор Мақаш Тыныштықбайұлы Әлиакпаров басқарды.
                  1990 жылы қазақ бөлімшесі ашылып, мемлекеттік тілде жоғары білім алу мүмкіндігі туды.
            Бөлімшені  медицина  ғылымының  кандидаты,  доцент  Еркебұлан  Төлеубайұлы  Төлеубаев
            басқарды.
   39   40   41   42   43   44   45   46   47   48   49