Page 48 - КЗД_каз_2020
P. 48
Қала әкімі: Нұркен Ертайұлы Сұлтанов
Теміртау – облысқа бағынышты қала. Ол Республикамыздың орта бөлігінде орналасқан.
Бұрынғы Самарқанд кентінің базасында 1945 жылы 1 қазанда құрылған. Қала мен оның
өнеркәсіптік нысандарын салу Қарағанды көмір бассейнін игеру кезеңімен байланысты.
Жаңадан ашылған көмір өндірісі электр қуатына мұқтаж еді, сондықтан Қарағанды
қаласынан 30 километр қашықтықта орналасқан, 200 тұрғыны бар Самарқанд кентінің
жанында, Нұра өзенінің бойында гидроузелдің құрылысы басталды. Оның құрылысы 3 жылдан
кейін аяқталды.
1942 жылы ҚарГРЭС-те бірінші турбогенератор пайдалануға берілді.
Соғыстың ең қиын жылдарында, КСРО-ның көптеген өндірістік аудандары басып алынған
кезде Мемлекеттік Қорғаныс комитеті Қарағанды қаласының жанында металлургиялық зауыт
салу туралы шешім қабылдады.
1944 жылы 31 желтоқсанда Қазақ металлургия зауыты жұмыс істей бастады.
Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1945 жылғы 1 қазандағы Жарлығымен
Самарқанд кенті Қарағанды қаласының қала маңындағы аймағынан шығарылып, Теміртау
қаласы болып қайта құрылды.
Қазіргі кезде қала аумағы 29610 га құрайды, онда 178661 (2017 ж.) адам тұрады. Өзінің
экономикалық ерекшелігі бойынша Теміртау қаласы дамыған инфрақұрылымдарымен ірі
индустриалдық орталық болып табылады, қалада 1201 кәсіпорын жұмыс істейді. Теміртау
қаласының өнеркәсіптік өндірісінің құрылымы бойынша, металлургия өнеркәсібі мен металл
өңдеу, химия өнеркәсібі, тамақ және ұн тарту өнеркәсібі, электрэнергетикасы, басқа да металл
емес минаралды өнімдердің өндірісі бар.
Қаланың құрамына 6860 адам тұратын қалалық үлгідегі Ақтау кенті кіреді. Кенттің
аумағында құрылыс материалдарын шығаратын үш кәсіпорын: «Central Asia Cement» ЖШС-і,
«Қарцемент» ЖШС-і және «КЗАЦИ» ЖШС-і орналасқан.
Қала мен Ақтау кентінің тіршілігін қамтамасыз ететін кәсіпорындар: «АрселорМиттал
Теміртау» АҚ-ы, «ТЭМК» ЖШС-і, «Техол» ЖШС-і, «Central Asia Cement» ЖШС-і,
«Карцемент» ЖШС-і, «КЗАЦИ» ЖШС-і, «Бидай-нан» ААҚ-ы, «Bassel Gruup LLS» ЖШС-і.
Теміртау қаласында бір жоғарғы оқу орны: Қарағанды мемлекеттік индустриалдық
университеті, сонымен қатар медициналық, политехникалық және музыкалық колледждер,
«Мирас» колледжі, Қарағанды мемлекеттік университетінің Букетов атындағы колледжі, 4
кәсіби лицей жұмыс істейді.
2005 жылы «Миттал Стил Теміртау» жаңа спорт кешені пайдалануға берілді. Спорт
кешенінде баскетболға, волейболға, мини-футболға және гандболға арналған ойын залы, бокс
пен күрес жаттығуларын өткізуге арналған залдар, біріктірілген 2 кіші зал жұмыс істейді.
Жаттығу үшін нысанда арнайы жабдықталған зал жұмыс істейді.Үлкен залда көрермендер үшін
200 орындық қойылған. Спорт кешенінде су себезгі және киім шешетін орын бар. Спортшылар
мен спорт әуесқойлары үшін қалпына келтіру орталығы бар.
2007 жылы қаңтарда «Арго» жеке жүзу бассейні (бұрынғы «Полимер») пайдалануға
берілді.Стадионда жеңіл атлетика, футбол, шаңғы тебу бойынша жаттықтырулар жүргізіледі,
шахмат-дойбы клубы, мотоклуб, тоғызқұмалақ ұлттық ойын секциялары жұмыс істейді.
Қаланың орналасқан аумағы- жалпы еңісі солтүстікке, су қоймасына қарай құйқалы
қыраттар болып келеді. Оңтүстік жағынан қала биік төбелермен қоршалған, солтүстікте -су
қоймасымен, шығыстан Қарағанды металлургиялық зауытымен шектеледі. 2018 жылдың
1қаңтардағы мәліметтер бойынша Теміртау қаласының жалпы жер қоры 30245 гектарды
құрайды; ауыл шаруашылығы үшін пайдаланылатын жерлер – 2505 гектар, оның ішінде ауыл
шаруашылығы алқаптарының жерлері – 1795 гектар.
***
1944 жылдың басынан бастап завод цехтары бірінен кейінен бірі іске қосыла бастады. Осы
жылдың 31 желтоқсанында 35 тонналық мартен пеші тұңғыш балқыма берді. Осылайша
Қазақстанның алғашқы болаты дүниеге келді.