Page 53 - КЗД_каз_2020
P. 53

Мұса С. Елдiң экономикалық тiрегi қатарындағы Қарағанды металлургия комбинатында
            Қазақстандық  тұңғыш  шойын  балқытылғанына  40  жыл  толды  С.Мұса,  А.Несiпбай//  Егемен
            Қазақстан.- 2000.- 4 шiлде
                  Назарбаев Н. "Қарметкомбинат  - бiз таңдаған жолдың дұрыстығының дәлелi"//  Орталық
            Қазақстан.- 2000.-5 шiлде
                  Назарбаев Н. Жасампаз жандар // Орталық Қазақстан.- 1971.- 28 қыркүйек.- 2 б.
                  Оспанов С. Домна түлектері // Советтік Қарағанды.- 1963.-20 ақпан
                  Раев С. Күштіміз балқып жатқан құрыштан да //Теміртау.- 2005.- 14 шілде.-3 б.
                  Сағынаев О. Шойыншылар. // Советтік Қарағанды.- 1960.- 30 қараша
                  Тасқындай бер, Қазақстан шойыны //Социалистік Қазақстан.- 1960.- 6 шілде
                  Тәйкіманов Б. Қазақстан Магниткасы шойын бере бастады // Қазақстан коммунисі.- 1960.-
            №7.- 66-70 б.
                  Тұрмағамбетов Ч. Достық құдреті // Лениншіл жас.- 1971.- 27 наурыз
                  Чоудхари Н. Маңызды жобалар жүзеге асуда // Орталық Қазақстан. - 2006. - 3 там.- 7  б.

                                                    7  қараша  1930  –  1986  -  Ақын  Еркеш  Ибраһимнің
                                                    (Ебікенов) туғанына 90 жыл

                  Жалпақ  жұртына  есімі  Еркеш  Ибраһим  болып  танылған  Еркеш  Ебікенов  ХХ  ғасырдың
            екінші жартысындағы қазақ поэзиясының ірі өкілдерінің бірі. Е.Ибраһимнің жалынды жырлары
            елуінші  жылдардың  басынан  бастап,  сексенінші  жылдардың  ортасына  дейін  республикалық
            газет-журналдар  бетінен  бір  түскен  жоқ.  Қалың  оқырманы  ыстық  ықыласпен  қабылдаған  он
            бестен аса жыр жинағы және жарық көрді.
                  Еркеш  Ибраһим  (Ебікенов)  Ақмола  облысының  Балқашын  ауданында  1930  жылдың  7
            қарашасында дүниеге келген. Әке-шешеден сәби кезінде айырылған ол  Атбасардағы панасыз
            балаларды  тәрбиелеген  үйде  оқып,  ер  жеткен.  1955  жылы  Қазақ  мемлекеттік  университетін
            бітірген  соң,  бірқатар  жылдар  Көкшетау  облыстық  «Көкшетау  правдасы»  газетінде  әдеби
            қызметкер, бөлім меңгерушісі болып істеген.
                  Е.Ибраһим студент кезіндегі өзінің тырнақалды өлеңдерімен-ақ жарық етіп көрінген ақын.
            Оның баспасөзге жарияланған «Қол шана» атты өлеңі сөз зергерлерінің, поэзия алыптарының
            назарына іліккен. Өлеңде ауылдың қарапайым көрінісі суреттеледі.
                  Ұзақ  жылдар  бойы  баспасөз  қызметінде  болған  Е.Ибраһим  ондаған  жыр  жинақтарының
            авторы. Оның «Қарлығаш» (1958), «Жас қанат» (1958), «Көкшетау көріністері» (1961), «Өмір
            өлмейді»  (1961),  «Теміртау  толғауы»  (1978),  «Алау»  (1983),  «Самғау»  (1984)  жинақтары
            басылып  шықты.  Е.Ибраһимнің  кітаптары  шаң  басып  жатып  қалмады,  бірден  өз
            оқырмандарына  жол  тапты.  1969  жылы  Ирина  Озерованың  аудармасымен  орыс  тілінде
            «Звездные горы» жыр кітабы жарық көрді.
                  Ақындықпен қоса журналистиканы бірге игерген Е.Ибраһим өлкелік «Тың өлкесі», одан
            соң республикалық газет «Социалистік Қазақстанның» (қазіргі «Егемен Казақстан») Көкшетау
            облысындағы меншікті тілшісі болды. Е.Ибраһим журналистика саласында да мерейлі биікке
            көтерілді. 1972 жылы СССР Журналистер одағы сыйлығының лауреаты атанды.
                  Бертінірек  оның  аға  газеттегі  қызметі  Қарағанды  облысына  ауысып,  ол  кеншілер
            астанасына жетпісінші жылдың ортасында көшіп келді. Қазақстанның индустрия орталығына,
            өндірісі  сол  кезде  дүрілдеп  дамып  жатқан  өңірге  келу,  қайнаған  қызу  еңбек  ақын  шабытпен
            тасыта  түсті.  Е.Ибраһим  жарқ  етіп  жаңа  қырынан  көрінді.  Себебі,  алып  индустрия
            орталығындағы  қазандай  қайнаған  ерен  еңбек  ақынға  қатты  әсер  етті.  Е.Ибраһим  ақын
            Қарағанды топырағына қоныс аударып келгенде Қарағанды көмір кеніші тарихындағы елеулі
            оқиғалар болып жатқан еді. Осылайша ақын қаламынан Қарағанды кеншілерінің тарихи ерен
            еңбегін асқақтата жыр еткен «Миллиард жыры» өмірге келді.
                  Негізгі лирик ақын тек еңбекті ғана жыр етіп қоймады. Сондықтан да ақын Қарқаралыны
            көргенде өзін Көкше баурайында жүргендей сезініп, еркін танысып ала береді. Ол «Қарқаралы»
            атты  өленінде  екі  сұлу  өлкенің  бір-бірімен  егіздігін,  айнымас  ұқсастығын  жыр  жолымен
            өрнектейді.  Ақынның  «Шайтанкөл»,  «Көсемтас»,  «Сарыадыр»,  «Ағады  Нұра,  ағады»  тәрізді
   48   49   50   51   52   53   54   55   56   57   58