Page 46 - КЗД_каз_2020
P. 46

2011  жылдың  тамызынан  бастап  Қарағанды  мемлекеттік  медициналық  университетін
            медицина  ғылымының  докторы,  профессор  Раушан  Сұлтанқызы  Досмағамбетова  басқарып
            келеді.
                  2011  жылы  Қарағанды  мемлекеттік  медициналық  университеті  аралық  мемлекеттік
            бақылаудың нәтижелері бойынша Қазақстанның университеттері арасынан бірінші орынға ие
            болды.
                  2014  жылы  ұлттық  және  халықаралық  стандарттардың  деңгейінде  облыс  халқына
            медициналық  көмек  көрсету  үшін  жаңа  емдеу-диагностикалық  жабдықтармен  жабдықталған
            Медициналық университеттің Консультативтік-диагностикалық орталығы ашылды.
                  Университет  жақын  және  алыс  шетелдердің  жоғары  оқу  орындарымен  және  ғылыми
            орталықтарымен  халықаралық  байланыстар  орнатқан.  22  елдің  60  университеттерімен,
            клиникаларымен,      ғылыми      орталықтарымен      әріптестік    жүзеге    асырылады.     ҚММУ
            Медициналық білім беруді зерттеу жөніндегі Ассоциациясы (ASME) Еуропадағы Медициналық
            білім  Ассоциациясының  (AMEE)  мүшесі,  Еуропалық  жүйедегі  биомедицина  мен  денсаулық
            сақтау саласындағы PhD қорғау ұйымының (ORPhEUS) мүшесі, Тынық мұхит және Оңтүстік-
            Шығыс  өңірінің  академиялық  ұтқырлық  жөніндегі  ұйымының  (UMAP)  мүшесі  болып
            табылады.
                  Университетте  терапевтикалық,  хирургиялық,  педиатриялық  және  стоматологиялық
            профильдер  бойынша  39  клиникалық  кафедралар  жұмыс  істейді.  Қарағанды  мемлекеттік
            медициналық  университетінің  46  клиникалық  базаларында  292  оқытушы,  соның  ішінде  38
            медицина  ғылымының  докторлары,  91  медицина  ғылымының  кандидаттары,  сол  сияқты
            педагогтар – жоғары және бірінші санатты дәрігерлер тұрғындарға емдеу-диагностикалық және
            консультативтік  көмек  көрсетеді.  Жаңа  жабдық  тіпті  шалғайдағы  ауылдарда  сапалы
            диагностика  жүргізуге  мүмкіндік  береді.  Қазіргі  заманғы  эндобейнехирургиялық  жабдықты
            қолданумен  жоғары  мамандандырылған  көмек  көрсету  –  ҚММУ  клиникалық  қызметінің
            маңызды  бағыттарының  бірі.  Университет  диагностикалау  мен  емдеудің  ең  жаңа
            технологияларына қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін 5 эндобейнескопиялық тірек сатып алды:
            3  лапароскопиялық,  соның  ішінде  1  балаларға  арналған,  артроскопиялық  және
            гистерорезектоскоп.
                  Бүгінде  Қарағанды  мемлекеттік  медициналық  университеті  сапалы  білім  беру,  білімнің,
            ғылымның және тәжірибенің берік одағын құру, халықаралық деңгейде танылу, қазіргі заманғы
            қоғамның  талаптарына  сәйкес  мамандар  даярлауды  тұрақты  түрде  жетілдіру  бойынша  өзінің
            даңқты  дәстүрлерінің  тарихын  одан  әрі  лайықты  деңгейде  жазуды  абыроймен  жалғастырып
            келеді.

                  http://www.kgmu.kz/kz
                                                       Әдебиеттер:

                  Қарағанды облысы / құраст. В.Петухов ; қазақ тіліне аударған М. Хасен; ағылшын тіліне
            аударған А. Аяпбекова.- [Қарағанды]: ТАиС, 2006.- 283 б.
                  Медицина академиясы //Қарағанды. Қарағанды облысы: энциклопедия / ред. А. Абдулин.-
            Алматы: Атамұра, 2006.- 402 б.
                  Медицина институты.  // Қарағанды. Қарағанды облысы. Энциклопедия.-  Алматы, 1990.-
            397-398 б.
                  Карагандинская государственная медицинская академия: страницы истории. - Караганда:
            [б. и.], 2005. - 644 с.
                                                            ***

                  Абдолла Қ. Медиктер мерейленді //Орталық Қазақстан.- 2008.- 14 ақпан.-1 б.
                  Алиакпаров  М.  Денсаулықтың,  зор  байлықты»  ордасы:  ҚММА-ның  ректоры
            М.Алиакпаровпен әңгiме / Әңгiмелескен А.Тұрмағамбетова// Орт. Қазақстан.- 2000.-4 қазан
                  Алибеков А. Емі халқына ұнаған дәрігер еді... // Орталық Қазақстан. - 2017. - 21 желтоқсан
            (№ 141). - 7 б.
   41   42   43   44   45   46   47   48   49   50   51