Page 45 - КЗД_каз_2020
P. 45
1991 жылы Ғылыми-зерттеу орталығы құрылды. Оның бірінші директоры медицина
ғылымының докторы, профессор Ермек Нығметұлы Сраубаев болды. Шетелдік азаматтар үшін
дайындық бөлімшесі ашылып, оны медицина ғылымының кандидаты, доцент Евгений
Владимирович Пухов басқарды.
1991 жылы емдеу, педиатрия және санитарлық-гигиеналық факультеттердің студенттерін
теориялық даярлаудың бірыңғай сатысы ретінде жалпымедициналық факультет ашылды.
Факультеттің деканы болып медицина ғылымының кандидаты, доцент Әуезхан Омарханұлы
Омарханов тағайындалды.
1992 жылы ҚММИ-да медико-биологиялық факультет ашылып, оған медицина
ғылымының докторы, профессор Сергей Петрович Терехин жетекшілік жасады.
1992 жылы бағдарлама-техникалық жабдықтармен оқыту бөлімінің базасында
ақпараттық-есептеу орталығы (АЕО) ұйымдастырылды, ол оқу үдерісін компьютерлендіруге
мүмкіндік берді. Орталықтың бірінші басшысы Әнуар Шаймерденұлы Байғұлов болды.
1993 жылы институтта дәрігерлер мен орта медициналық қызметкерлердің біліктілігін
арттыру факультеті ашылып, оған медицина ғылымының докторы, профессор Александр
Георгиевич Швецов жетекшілік жасады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 25 ақпандағы қаулысымен Қарағанды
мемлекеттік медициналық институты Қарағанды мемлекеттік медициналық академиясы болып
өзгертілді.
1999 жылы шетелдік азаматтарға арналған деканаттың базасында шетелдік студенттерді
оқыту үшін халықаралық әріптестік бөлімі құрылды. Бөлімге медицина ғылымының кандидаты,
доцент Александр Михайлович Филатов басшылық жасады.
2001-2009 жылдар аралығында Қарағанды мемлекеттік медициналық академиясының
ректоры ҚР ҰҒА академигі, медицина ғылымының докторы, профессор Ілияс Райханұлы
Құлмағамбетов болды.
2002 жылы фармацевтикалық факультет, шығыс медицинасы факультеті және
медициналық колледж ашылды. Қарағанды мемлекеттік медициналық академиясы жанынан
Диссертациялық кеңес бекітілді, онда «Ішкі аурулар», «Фармакология, медициналық ғылымдар
бойынша клиникалық фармакология» мамандықтары бойынша медицина ғылымының докторы
ғылыми дәрежесіне диссертациялық жұмыстар қорғауға қабылданды.
2002-2003 жылдар аралығындағы кезеңде медициналық академия Бүкіләлемдік денсаулық
сақтау ұйымымен әріптестік шеңберінде «Дәрілік заттарды тиімді қолдану», «Орталық Азия
республикаларында фармацевтикалық білім беруді реформалау мен дамыту жөніндегі 7-ші
өңірлік кеңес» халықаралық конференцияларына қатысты.
2005 жылы жоғары оқу орны ТМД-да бірінші рет өкілетті орган NQA-UK, NQA-Russia
сапа менеджменті жүйесінің сертификаттауынан өтті. ҚММА медициналық және
фармацевтикалық білім берудің сапасын жақсарту бойынша БДСҰ/МББФ стратегиялық
әріптестік шеңберінде халықаралық және ұлттық кеңестеріне қатысты (2003, 2005, 2006, 2007
жж.).
Қазақстан Республикасында медициналық және фармацевтикалық білім беруді
реформалаудың 2006-2010 жылдарға арналған Тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде 2007
жылы академияда оқу-клиникалық (симуляциялық) орталық құрылды.
2007 жылы жоғары оқу орнында «Жалпы медицина», «Қоғамдық денсаулық сақтау», 2008
жылы «Медбике ісі» мамандықтары ашылды.
2008 жылы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің рейтингінде
ҚММА ТОП-50 құрамына енді және Қазақстанның таңдаулы жоғары оқу орындары арасынан
8-ші орынға ие болды.
2009 жылдан 2011 жылғы тамызға дейін Қарағанды мемлекеттік медициналық
университетін медицина ғылымының докторы, профессор Мұрат Қойшыбайұлы Телеуов
басқарды.
2010 жылыҚарағанды мемлекеттік медициналық университеті НКАОКО рейтингі
бойынша Қазақстанның үздік жоғары медициналық оқу орны болып танылды, сол жылы
жоғары оқу орны институттық аккредитациялаудан табыспен өтті.