Page 41 - КЗД_каз_2020
P. 41

Сайлаухан Нәкенов // Мысты өңір. - 2008. - 25 қаңтар (№2) . - 11 б.
                  Сайлаухан Нәкенов // Орталық Қазақстан. - 2008. - 24 қаңтар. - 5 б.
                  Сайлаухан Нәкенов // Сарыарқа. - Жезқазған. - 2008. - 23 қаңтар (№ 6). - 4 б.
                  Салықов К. Сыршылдық пен сырбаздық // Мысты өңір. - 2011. - 5 тамыз (№ 32). - 6 б.,
            Қазақ әдебиеті. - 2011. - 29 шілде - 4 тамыз (№ 30). - 6 б.
                  Смағұл С. Өмірді өлең үшін сүйген ақын // Сарыарқа-Жезқазған. - 2011. - 22 сәуір. - 7 б.
                  Смағұл  С.  Сайлаухан  Нәкенов-  Республикалық  мүшәйраның  жеңімпазы  //  Сарыарқа.  -
            Жезқазған. - 2004. - 29 қыркүйек. - 1 б.

                                                    Тамыз  –  1850-1946  Қазақ  халық  ақыны  Дөскей
                                                    Әлімбаевтың туғанына 170 жыл

                  Ақын, айыр-көмей шешен, жезтаңдай әнші, дарынды композитор, Қазақ ССР-інің еңбек
            сіңірген өнер қайраткері, орденді халық ақыны Доскей Әлімбайұлы 1850 жылы «Сораң» қазіргі
            Саран,  Астана  облысы  деген  жерде  дүниеге  келген.  Жасынан  жетім  қалып,  байларда
            жалшылықта жүрген.
                  Жас  шағынан  өнер  мәдениетін  -  әйгілі  Ақан  сері,  Жаяу  Мұса,  Балуан  Шолақ,  Біржан
            салдардан  үйреніпті.  Доскей  Орынбай,  Кемпірбай  сынды  өнерпаздармен  кездеседі,  Үкілі
            Ыбырай және Ақан серімен айтысады. «Көмейің кең, тілің мірдің оғындай өткір екен…» - дейді
            Біржан, Доскейге домбрасын сыйлап.
                  Доскей әу бастан аңыз - әңгімелерге, ертегі - жырларға, ән-күйге құлағын түріп, зейніне
            тоқып, халықтың ақ жамбыдай асыл дүниелерін жадына ұстап жүреді. Жасынан жетім қалған,
            байлардың жалшысы болған ол 16 жасынан өзінің ақындығын таныта бастайды. Революцияға
            дейін Доскей патша үкіметі мен бай, билердің айуандық қылықтарын өзінің өткір жырларымен
            өлтіре шенеді. Халық ішінен шыққан ақын Доскей қанша қудаланып, қиындыққа кездессе де,
            үстем тап өкілдерінің алдына бас имеген, Оның мына үзіндіден «Үркілдеген шошқадай майына
            мас, ... Өгіздей семіріпті өлең жеген,- деп ол еңбекшілерді жегідей жеген арамтамақтарды қатты
            сөкті.
                  Кеңес  заманы  орнағаннан  кейін  Доскей  көмірлі  Қарағандыда  өмір  сүрген.  Сондықтан
            шығармаларының  негізгі  тақырыбы  Қарағанды  кеншілерінің  өмірі  мен  еңбегі  болды.
            «Қарағанды», «Екі сайлау», «Жүрегім» деген өлеңдері ақынның таңдаулы шығармалары болып
            есептеледі
                  Жасы  жүзге  аяқ  басқан  Доскей  Әлімбайұлының  ақындық  дауысы  майдан  жылдарында
            ерекше  екпінмен  естіледі.  Отан  қорғау  жолындағы  әрбір  жеңісті,  әрбір  жаңалықты,  әр
            жауынгердің егжей-тегжейлі анықтап, сұңқарша саңқылдады. Алпыс дұшпанның көзін құртқан
            қазақтың батыры Досмағамбетовтың, Жұмалиевтың асқан ерлігін баяндады.
                  1943  жылы  Кеңес  Одағының  Батыры  Мәлік  Ғабдуллин  Қарағанды  қаласында  болғанда,
            оны Доскей Әлімбайұлы өлеңмен құттықтайды.
                  Доскей қазақ ауыз әдебиеті үлгілерін, шешендік, тапқырлық сөздерді, тарихи адамдардың
            өмірі мен өнерін өте көп білген. Ақынның айтуында, Ақдүме қыз бен Асан ханның айтысы бар.
            Сондай-ақ  Доскей  -  «Қажымұқан»,  «Бақыт  іздеуші  тазша»,  «Қара  сиыр»  дастандарының
            авторы.
                  1939  жылы  Д.Әлімбаевқа  Қазақ  ССР  Жоғарғы  Советі  Президиумының  Указы  бойынша
            «Қазақ  халқының  ауызша  халық  творчествосын  өркендету  ісіне  озат  еңбек  сіңіргені  үшін»,
            «Қазақ  ССР  өнеріне  еңбек  сіңірген  қайраткері»  атағы,  1940  жылы  «Құрмет  белгісі»  ордені
            берілді.
                  1940 жылы мамырда Доскей Әлімбайұлының жасының тоқсанға, ақындық қызметінің 75
            жылға  толуына  орай  республикалық  көлемде  мерейлі  мерекесі  аталып  өтті.  Бұл  тойға
            Н.Байғанин,  Н.Бекежанов,  Н.Баймұратов,  С.Мұқанов,  Ш.Қошқарбаев,  Қ.Әбдіқадыров,
            А.Тоқмағамбетов қатысты. Нұрпейіс, Шашубай, Нартай, Нұрлыбек сынды халық ақындары той
            иесіне жырмен шашу шашты.
                  Сезімі  өткір,  қиялы  ұшқыр,  ақын  Доскей  жасы  жүзге  таяп  қалған  күннің  өзінде  ел
            өміріндегі елеулі оқиғаларды, ұлан - асыр той мерекені қанатты шабытпен жырға қосатын. Ол
            өмірінің соңғы көп жылдарын өзі тұстас, өзінен кіші де ақындармен айтыспен өткізді. Мұнда
   36   37   38   39   40   41   42   43   44   45   46