Page 38 - КЗД_каз_2020
P. 38

Қайырбекқызы Г. Дәстүрлі әнімізге дем жетпей тұр: Дәстүрлі халық әндері насихатталуы
            жағынан эстрадалық әндердің тасасында қалып қойды. //Дала мен қала.- 2006.- N18.- жұма.- 8 б.
                  Махметұлы С. Қос саңлақтың Қарқаралы сапары // Орталық Қазақстан. - 2008. - 11 қазан
            (№157-158) . - 3 б.
                  Немеребаев  Ж.  Ұлттық  өнерді  ұлықтаған:  [Сүйінбай  атындағы  облыстық  филармония
            туралы] / Ж. Немеребаев // Мәдениет. - 2018. - № 5. - 32-33 б.
                  Нығызбаев А. «Жонып алды" жолымды ашып, «Толағаймен» топ жардым»: Қазақстанның
            еңбек сіңірген қайраткері, әнші А.Нығызбаевпен сұхбат / сұхбаттасқан Е.Мұсабеков // Орталық
            Қазақстан. - 2018. - 29 мамыр (№ 57).
                  Нұрша Р. "Ағадан қалған Айбозым..." // Орталық Қазақстан. - 2010. - 4 қараша. - 6 б.
                  Нұрша Р. "Аққуға үнін қосқан әуелетіп..." // Орталық Қазақстан. - 2009. - 4 сәуір. - 8 б.
                  Нұрша Р. Әнші Қайрат үні асқақтады // Орталық Қазақстан. - 2009. - 23 сәуір - 6 б.
                  Салықов К. Сексенде шабыт толғайды // Ана тілі. - 2012. - 29 қараша-5 желт. - 10 б.
                  Сексенұлы  С.  Қазақтың  Қайраты  50  жылдық  мерейтойын  атап  өтуде  //  Орталық
            Қазақстан.- 2000.- 8  шілде
                  Стамғазиев Р. Дауысы дәуірлерге ұласқан ұстаз // Қазақ әдебиеті. - 2010. - 19 наурыз - 1
            сәуір (№ 11/12). - 11 б.
                  Тасыбекова Б. Нұрғазы әнші // Орталық Қазақстан. - 2010. - 28 қаңтар - 7 б.
                  Тойбек Ж. Алашының Айбозы // Орталық Қазақстан. - 2010. - 9 қараша - 4 б.

                                                    19 маусым 1900  - 1938 – Қазақ жазушысы, мемлекет
                                                    және  қоғам  қайраткері  Хамза  Жүсіпбековтың
                                                    туғанына  120 жыл

                  Жүсіпбеков Хамза 1900 жылы Қарағанды облысы, Нұра ауданында туған.
                  Қазан  революциясының  алғашқы  күнінен  революциялық қозғалысқа  ат  салысады,  «Жас
            қазақ» революциялық жастар одағына кіреді, «демократиялық жастар» қозғалысына қатысады.
                  1920  жылдан  Омбы  губерниялық  бюросының  Губкомының  нұсқаушысы  болды.  Ол  көп
            ұзамай (1921 жылы) Көкшетауға келіп, уездік партия бюросы мұсылман секциясының хатшысы
            болады.  Ақмола  губкомының  бөлім  меңгерушісі,  Бөкей  Губкомының  жауапты  хатшысы,
            рабпрос  одағы  орталық  комитетінің  төрағасы,  ВКП  (б)  Өлкомы  партия  алқасының  жауапты
            хатшысы. Өлкелік комитеттің хатшысы, КСПС төрағасы болып істеді.
                  1929  жылы  Х.  Жүсіпбеков  «Қызыл  Қазақстан»  журналын  басқарды.  Сол  жылдары
            Хамзаның «Әйелдер еңбегі», «Қарсақбай» атты жинақтары да жарық көреді. Хамза Қазақ Кеңес
            жазушылары ұйымын  құрысуға, оны нығайтуға тікелей қатысты. Ол бірқатар ғылыми, әдеби
            еңбектерді  қазақ  тіліне  аударды.  Сондай-ақ  Н.  Островскидің  «Құрыш  қалай  шынықты»  атты
            әйгілі романын алғаш рет қазақ тіліне тәржімелеген Х. Жүсіпбеков.
                  1935  жылдың  9  қаңтарынан  Юстиция  халық  комиссары.  Х.  Жүсіпбеков  қызмет  еткен
            кезде 1938 жылдың сәуірінде Алматы кеңес құрылысы институты заң институты болып қайта
            құрылды.  Х.  Жүсіпбеков  ВКП  (б)  ХVІІ  съезіне  және  кәсіподақ  съездеріне,  өлкелік  ІV,  V,  VІ
            партия конференцияларына делегат болып қатысқан. 1927, 1932, 1935, 1936 жылдары ВКП (б)
            өлкелік  комитетінің  бюро  мүшесі,  1935  –  1936  жылдарда  Қазақстан  Атқару  комитетінің
            Президум мүшесі болған.
                  1937  жылы  күзде  «халық  жауы»  деген  жалған  айыппен  тұтқындалып,  ату  жазасына
            кесілді.  1938  жылы  26  ақпанда  Хамзе  Жүсіпбеков  атылды.  Алматы  қаласы  маңындағы
            «Жаңалық» ауылындағы қорымға жерленген.
                  «Маркстіклениндік  сын  туын  жоғары  ұстайық»,  «Әдебиет  майданының  міндеттері»,
            «Әдебиеттегі  байманап  идеологиясына  қарсы»,  «Пролетарлық  сынды  күшейте  түсу  қажет»,
            «Сәкен Сейфуллин – қазақ совет әдебиетінің негізін қалаушы» деген сын мақалалары басылған.
            Ол беллетрист ретінде де көрінді.
                  1928 жылы «Қарсақпай» атты публицистикалық шығармасы жарық көріп, Қазақстанның
            түсті  металл  орталығы  болған  өңірдің  арғы-бергі  тарихы  қызықты  баяндалып,  оның  жарқын
            болашағы  суреттелді.  «Жаңа  әдебиет»  журналында  жарияланған  «Тұрба»  әңгімесі  өзінің
            ажарлы  тіл  бояуымен  көрінгенін  айта  кеткен  орынды.  Н.Островскийдің  «Құрыш  қалай
   33   34   35   36   37   38   39   40   41   42   43