Page 36 - КЗД_каз_2020
P. 36

2014 жылы «Мәңгілік алау» жауынгерлік даңқ сәулеттік-мемориалдық ансамблі заманауи
            түрде жаңғыртылды.

                                                       Әдебиеттер:

                   «Мәңгілік от» // Қарағанды.Қарағанды облысы. Энциклопедия.- Алматы, 1990.- 397 б.
                  «Мәңгілік от» // Қарағанды. Қарағанды облысы: энциклопедия / ред.А. Абдулин.- Алматы:
            Атамұра, 2006.- 401 б.
                                                            ***
                  Жаңқашұлы Ж. Аманатқа қиянат жоқ... // Орталық Қазақстан. - 2010. - 25 мамыр (№ 80). -
            2 б.
                  Ескерткіштер сыры // Арқа ақшамы. - 2014. - 4 жел. (№ 46). - 9 б.
                  Қабидолдин  Р.  Өткенге  -  салауат,  ертеңге  -  аманат!  //  Орталық  Қазақстан.  -  2019.  -  14
            мамыр (№ 50). - 1 б.

                                                    1  маусым  1950  –  әнші,  ҚР  халық  артисі  Қайрат
                                                    Әукенұлы Байбосыновтың туғанына 70 жыл

                  Қайрат  Байбосынов  қазақ  халқының  ұмыт  болған,  сирек  орындалатын  әндерді  қалпына
            келтіріп,  халық  арасына  таратуда  елеулі  еңбек  етті.  Концерттік  сапармен  АҚШ,  Жапония,
            Германия,  Франция,  Испания,  Италия,  Түркия,  Қытай,  Бирма,  Сингапур,  т.б.  елдерде  болып,
            ұлттық өнерімізді шет ел тыңдаушылырына танытты.
                  Қ.Байбосынов негізінен Ақан сері, Біржан сал, Үкілі Ыбырай, Жарылғапберді, Жаяу Мұса,
            Балуан  Шолақ,  Сегіз  сері,  Естай,  Мәди,  Ғазиз,  Кенен  т.б.  халық  композиторларының
            туындыларын  өзіндік  үн-бояуымен  нақышына  келтіре  орындайды,  оларды  халық  арасына
            насихаттауда елеулі еңбек етті.
                  Қайрат  Байбосынов  1950  жылы  1  маусымда  Жаңаарқа  ауданының  орталығы  Атасу
            поселкасында  туған.  Әкесі  Әукен  етікші,  қобыз,  домбыра  жасайтын,  шешесі  Торша  үй
            шаруасындағы  адам.  Қайраттың  өз  әкесі  домбыра  қобыз  тартса,  әкесінің  тұстас  құрдастары
            Байжұман, Бұралқылар асқақтата ән салған. Қайрат қолына домбыра алып, әнге әуестенген сәби
            күндерінде  Игілік  Омаров  ағасының  әншілік  өнері  ел  арасына  танымал  бола  бастаған  еді.
            Мектепте оқып жүргенде күйші Әуезхан Беков, әнші домбырашы Ералы Тоқанов, әнші Байзақ
            Сейілов, Қолмағанбет Нұрмағанбетов сияқты ағаларының өнеріне еліктеп, еркін меңгеріп, оны
            одан әрі дамытқан. Әлемді әні баурап қалықтаған Қайрат Ленин атындағы қазақ орта мектебін
            бітірген  соң,  Алматыдағы  өнер  студиясына  түсті.  Саңлақ  әнші  Қазақ  ССР-нің  халық  артисі
            Ж.Елебеков  класында  оқыды  (1969).  «Гүлдер»  ансамблінің  әншісі  болды  (1969-1988).  1988
            жылдан  Алматы  консерваториясының  аға  оқытушысы,  доценті,  1992-95  ж.  халық  әні
            кафедрасының  меңгерушісі,  Республикалық  эстрада-цирк  колледжінің  директоры  (1994-97)
            болды. 2009 жылдан бастап Қазақ ұлттық өнер университетінің профессоры әрі «Халық әндері»
            кафедрасының  меңгерушісі  Қазақстан  Ленин  комсомолы  сыйлығының  лауреаты  (1980),
            «Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі» (1985 (Қазақ КСР),  атағы; «Қазақстанның халық әртісі»
            (1990 Қазақ КСР),  ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (2000), «Парасат» орденінің иегері
            (2006),  «ҚР  тәуелсіздігіне  20  жыл»  медалі  (2011),  «ҚР  Жоғарғы  оқу  орнының  үздік
            оқытушысы» (2012), ІІ дәрежедегі «Достық ордені» (2013), «ҚР Еңбек ардагері» медалі (2015),
            Қазақстан Білім Беру ісінің Құрметті қызыметкері, профессор.
                  Жұбайы -Жөлеу Рабиға Иманғазықызы (1950 ж.т.), зейнеткер. Ұлы - Байбосынов Мұхтар
            Қайратұлы (1972 ж.т.); қызы - Байбосын Қорлан Қайратқызы (1979 ж.т.)

                                                       Әдебиеттер:

                  Айбозым: мақала-сұхбаттар, толғаныс-лебіздер, арнаулар мен әндер / құраст.: А. Әлтай, Е.
            Төлеутай, А. Нығызбай. - Астана: Ақжолтай, 2010. - 417 б.
                  Байбосынов  Қайрат  Әукенұлы  //  Қарағанды.  Қарағанды  облысы:  энциклопедия  /  ред.А.
            Абдулин.- Алматы: Атамұра, 2006.- 157 б.
   31   32   33   34   35   36   37   38   39   40   41