1. Как в документе MS WORD вставляются готовые рисунки, и картинки?
  2. какая панель инструментов используется для работы над рисунком?
  3. Какими командами выводятся на рабочее поле окна панели инструментов Настройка     изображения. Рисование. Таблицы и границы?
  4. Опишите функции кнопок инструментов Настройки изображения и Рисование.
  5. Какими командами можно создать графический текст в документе MS WORD?
  6. Как изменить цвет текста в стиле Word Art?
  7. Какие объекты относятся к Автофигурам?
  8. Как можно вставить таблицу в документ MS WORD?
  9. Какая панель инструментов содержит команды для работы с таблицей в документе MS WORD?
  10. Какие основные функции реализуются с помощью панели инструментов Таблицы и границы?
  11. В каком пункте строки меню окна MS WORD находится команда Печать?.
  12. Как напечатать отдельную страницу?
  13. Как просмотреть документ перед выводом  на печать?
  14. Как можно распечатать на принтере файл из окна Проводник?

 

 

  1. Что такое MS WORD?
  2. Укажите основное назначение программы MS WORD?
  3. Опишите структуру окна MS WORD?
  4. Какое действие нужно выполнять перед копированием, удалением  текстового фрагмента?
  5. Какое расширение имеют документы MS WORD?
  6. С помощью, каких команд можно открыть документ MS WORD?
  7. С помощью, каких команд можно изменить тип шрифта в выделенном тексте?
  8. Какие возможности предоставляет диалоговое окно Абзац в программе MS WORD?
  9. Какие команды нужно выполнять, чтобы разбить выделенный текст документа на несколько колонок?
  10. Как отражаются орфографические и стилистические ошибки в документе MS WORD?
  11. Что такое колонтитулы?
  12. С помощью, каких команд производится маркировка или нумерация текстовой информации?
  13. Как добавить границы или заливку к выделенному фрагменту документа MS WORD?

 

2004 жылы  28 желтоқсанда Абай кітапханасы «Үлгіліі кітапхана» мәртебесіне ие болды.

Кітапханашысы: Ботабекова Бакыт Рымбековна, білімі: арнаулы орта, кітапханашы , еңбек өтілі 9 жыл. Кітапхана клуб үйінің 2 қабатында орналасқан,  Аумағы 120м²

Үлгілі кітапхана 2 компьютер үстелі, 1 жұмыс үстелі, 1 телевизор тумбасы, 6 оқырмандар үстелі, 12 орындық, 2 айналмалы кресло, 1 кафедра үстелі, 6 көрме стиллажы, 12 екі жақты стиллаж, 2 компьютер, 1телевизор, 1 сканер, принтер струйный-1, лазерный-1;1 ксерокспен  (копировальный аппарат) қамтамасыз етілген.

Ауыл тұрғындар саны-801.

Кітапханадағы барлық кітап қоры 25515, оның ішінде қазақшасы 17642 дана кітап. 2012 жылы 461600 теңгеге 383 дана кітап алынып кітап қоры толықса, 31 түрлі мерзімді басылымдар алып оқырмандардың сұранысы қанағаттандырылуда.

Кітапханада Қазақстан әйелдері, Аңыз адам; Жұлдыздар отбасы: Денсаулық журналдары көп сұранысқа ие.

  • Бақылау көрсеткіштер:
  • Оқырмандар саны - 495
  • Кітапханаға келімі - 7944
  • Кітап берілімі -12613
  • Үлгілі кітапханаға  51-2-39 телефоны қосылған

ABBY Finereader (оцифровка-6) - өлкетану тақырыбында сандық жүйеге 6 мақала енгізілді.  Кітапханада «Қарқаралы мақтаныштары», «Қарқаралы жазушылары», «Өткенсіз ел - тарихсыз жер болмайды», «Қаз дауысты Қазбек би», «Күй атасы –Тәттімбет» атты папкалар жинақталған.

СИН бағдарламасы жұмысқа қосылып, мектеп оқушылары мен үй шаруасындағылар компьютерлік сауат  алу мақсатында пайдаланады.

Селолық  кітапханада  2008   жылдың  мамыр  айының 12 жұлдызынан бастап  «Бойжеткен»  қызығушылар  клубы  жұмыс  жасайды.

Клубтың мақсаты Ұлттық  тарихи сананы, азаматтық  негіздерін, ұлағаттылықты, тектілікті, халық өнерімен мәдениетті  үйретуге: оқырман қауымды, жасөспірімдерді оқуға, мәдениеттілікке, тәртіптілікке, еңбекке тәрбиелеуде, жаңалыққа үйретуде, өзіне қажетті құрал - жабдықтармен қажетті мамандық игеруге бағыттау.

Көркемдік жағынан дамытып отырады, ұсыну арқылы, өзінің және басқалардың ой-өрісін  дамытуға  ықпал жасайды.

Сонымен қатар кітапхана  «Ислам және өркениет» жобамен жұмыс жасайды.

Жобаның мақсаты: Оқырмандарға дініміз туралы дұрыс бағыт беру. Имандылыққа, жақсылыққа тарту. Дұрыс жолға түсіп, жаман әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу. Кітапханада жобаға байланысты «Ислам жолы», «Оразаңыз қабыл болсын» кітап көрмелері ұйымдастырылып, өскелең ұрпақтың талабын қанағаттандыру, рухани байлығы мен қабілетін дамыту және жоғары эстетикалық талғамын қалыптастыруға тәрбиелеу.

Сонымен қатар кітапханада «Ертегілер әлемінде», «Балалар жазушылары», «Даталы күндер», «Кітапханадағы инновация», «ЭКСПО-2017», «Бір ел - бір кітап» акциясы аясында Фариза Оңғарсынованың «Дауа» атты кітабына тақырыптық сөре, кітап көрмелері ұйымдастырылды.

«Әлемнің жарығын сыйладың сен маған» атты мерекелік ертеңгілік 1-4 сынып оқушылар арасында өтті.  «Бойжетіп мен келемін... Сұлу бұрым өремін...» атты көңілді сайыс қызықталды. Бұл сайысқа шақырылған аналар: Сұлулық сыры неде?-деген сұраққа өз пікірлерін білдірді. Бетке қалай күтім жасау, өзін қалай әдемі сақтау туралы әңгімелер қызықталды. Кітапхана ауыл әкімшілігімен, №31 орта мектеп ұжымымен және мәдениет үйі қызметкерімен  тығыз байланыста жұмыс жасайды .

Мыржық кітапханасына қолдау көрсетіп,  бірлесе жұмыс  жүргіземіз.

Кітапхана проблемасы - интернет жүйесіне қосылу. Кітапханаға рабис бағдарламасы қосылуға жоспарланып отыр.

Кітапхана болашағы жарқын, көп жұмыстар жоспарлануда.

Нұркен Әбдіров ауылдық кітапханасы 2008 жылы «Үлгілі кітапхана » мәртебесін алды.

Кітапханашы Маякина Бақытгүл Рахиметоллаевна , білімі жоғары, педогагикалық, еңбек өтілі  -15 жыл. Кітапхана мәдениет үйінің екінші қабатында орналасқан, аумағы 80.кв м,  кітапхана жылу қазандығымен жылытылады. Кітапхана көрме стеллаждары – 4,екі жақты стеллаждар- 8, жұмыс үстелі -1, компьютер үстел – 1, оқырман үстелі – 6, оқырман орындықтары – 12 жиһаздармен қамтамасыз етілген. 2009 жылы ремонт жасалған , биылғы жылы қаржы бөлінді толық жөндеуден өтпекші.

Халық саны :1363 ,

Кітапханадағы кітап қоры-13065, оның қазақшасы  -6671, 2013 жылы 440700 теңгеге 417 данаға  кітап  қоры толықтырылып, 35 түрлі мерзімді басылымдарға жазылып оқырмандар сұранысын қанағаттандыруда.

Оқырмандар Алтын босаға , Ақ босаға, Айқын, Аңыз адам, Жұлдыздар отабасы, Жұлдыз, Денсаулық журналдарын  көп алып оқиды. 

  • Бақылау көрсеткіштері:
  • Оқырман саны -653
  • Кітапханаға келімі 9389
  • Кітап берілімі – 11386

«Қарағанды облысы кітапханаларында өлкеге байланысты құжаттар қорын сақтау» проектысына байланысты  туған өлкеге байланысты құнды құжаттар  көшірмесі жасалуда.   Барлығы 6 документ – 9 бет көшірме жасалды. Адам құқығы бойынша цифрлық кітапханадан  әкімшілік қызметкерлері, мектеп мұғалімдері, кәсіпкерлер, жеке тұлғалар өздеріне қажетті құжаттарды ала алады. Цифрлы кітапхана заңдары ескі, жаңа заңдармен толықтыруды қажет етеді. Бірақ  кітапханада компьютер қондырғылары ескі. Интернет жүйесімен жұмыс жасай алмай отырмыз . Рабис бағдарламасы қойылмаған.  Кітапхана  52169  телефоны қосылған. Кітапхана оқырмандардың әр түрлі топтарының жас шамасына және мамандығына сәйкес   кітапханалық     қызмет көрсетеді.  Оқырмандардың рухани байлығын арттырып, кітап оқуға баулу мақсатымен, әңгімелер   өткізіліп,       кеңестер    береді.  Кітапхананың қазіргі талапқа  сай көркем безендіріп оқырмандармен әр түрлі көпшілік   жеке    жұмыстар     жүргізеді.

Әр түрлі тақырыпта кітап көрмелерін ұйымдастырып, шолулар, анықтама –  библиографиялық     ақпараттар беру арқылы оқырмандарға кітап қорын насихаттау.

Нүркен модельді кітапханасында «Қарқаралы  - шежіре өлкесі», «Қарағанды құт дарыған мекенім»,  « Кенді  - өлке Қарағанды» , «Ақын , сазгер Мәди Бәпиұлы», «Сарыарқаның сұңқары  Тоқтар Әубәкіров», « Қазақтың қанатты ұлы Нұркен Әбдіров», «Батыр  Нұркен  ауылы  газет  бетінде»,  «Туған елге сағыныш  Кеңес Одағының Батыры Нұркен Әбдіровтың майданан  жазған 62 хаттары», «Ғылымға  із қалдырған бір туар тұлға  - Ақжан Жақсыбекұлы Әл  - Машанин», «Абай  -мәңгілік қазына », «Туған жердің төл презнті Жаппар Өмірбеков», «Дауылпаз ақын Қасым Аманжолов», «Ақын Қасым- ғасыр Қасым», «Арыстандай ақырған ақын еді, Жыр көгінде қырандай шалқып еді Қ.Аманжолов», «Жерлес  интернационалист - жауынгерлер», «Қыр даланың қыраны  Ғабдиман  Игенсартов», « Дала классигі Ғабиден Мұстафин » , «Парызын адал атқарған қаламгер Жайық Бектұров», «Сатирик – жазушы Әбжан Омарбаев», «Өмірі  -өнеге  Қалибек Қуанышбаев»,«Туған жер тұнған шежіре»  ауыл энциклопедия, «Туған жер тұнған шежіре » фото альбомдар мен папкалар жинақталған.

Нұркен Әбдіров атындағы үлгілі кітапханасының жанынан құрылған  «Ақ отау» қызығушылар клубы 1998 жылдың сәуір айынан жұмыс жасайды.

Сонымен қатаркітапхана   «Жас қалам»  жас ақындар клубының жобасы бойынша жұмыстар атқарады.

Жобаның  мақсаты: Оқушының өзіндік ізденісін, ойлау қабілетін дамыту, шығармашылық  белсенділіктерін шыңдау, Ана тілінің абыройын асқақтау, Ұлтжанды рух беру   ізгілік пен ізденімпаздыққа тәрбиелеу мақсатын жас оқырмандар іріктеліп өз қабілеттерін шыңдауға мүмкіндік алады.

«Туған жер – тұнған шежіре» ауыл энциклопедиясы қайта өңделуде.

Кітапханада   «Жаңа әлемдегі  Жаңа Қазақстан», «Сұлу сөздің сиқыршы сырбазы» Ғ.Мүсіреповтің  туғанына 110 жыл,  «Ғасырлар  мен  тағдырлас»    атты көрмелер ұйымдастырылып, шолулар, конференция, кездесу кештер, мен тәрбие сағаттары өткізілді.                                    

Нұркен Әбдіров атындағы үлгілі кітапханада ауыл әкімшілігімен, тұрғындармен , зейнеткерлер,  жұмыскерлер, студент жастар, мектеп оқушыларын және  ұстаздармен тығыз байланыста жұмыс атқарады. Сонымен қатар өткізген шараларды  аудандық Қарқаралы газетіне жарияланып отырылады.

Кітапхана жұмысына  көп қиыншылық туғызатын жағдайы  қазіргі заманда  кітапхананың электронды ресурстары өте төмен  интернет жүйесі қосылғанмен, байланыстың  нашарлығына орай  жұмыс жүрмей отыр .  Үлгілі кітапхананың   болашақта өте қажет .

Кітапханалардың заман талабына сай оқырманға өркениетті қызмет көрсетуі үшін кітапханашылардың жаңа технологияларды бір кісідей игеріп, кітапхана жұмысына кеңінен қолдануы кітапханадағы жұмыстың негізгі бағыты болып табылады.

Заман талабынан туындап отырған кітапханалық үдерістерді автоматтандыру. Кітапханашылар өздері жеке компьютермен жұмыс істеу дағдысын жете меңгеру . Интернетті пайдаланушыларға жеделғабыл әрі тиімді және сапалы қызмет көрсетуді жүзеге асыру. Интернет ресурстары бойынша сайттарға кіріп, ақпараттық технология жөнінде өз білімдерін шыңдай түсу. 

Аппаз ауылындағы кітапханасы   1965  жыл  құрылған. Ал  2011 жылдан бастап  «Үлгілі» кітапхана статусын алды. Кітапханашы: Какимова Бақытгүл Амангельдіқызы. Білімім: гуманитарлық арнаулы орта,  «Болашақ» институтының мәдениет тану бөлімінде сырттай оқуда. Еңбек өтілі 1 - 3 жыл аралығы. Кітапхана мәдениет үйінің екінші қабатында орналасқан,  көлемі 120 кв.м, Жылу қазандығымен жылытылады. Кітапханаға 2009 жылы жөндеу жұмыстары жүргізілген. Кітапхана  1-компьютер комплект, 1-компьютер үстелі , 1 кітапханашы үстелі, , 6 оқырмандар үстелі , 12- орындық, 6-екі жақты стеллаж, 6-бір жақты стеллаж, 1-телевизормен қамтылған. Аппаз ауылында 1620  тұрғын бар.

Кітапханадағы кітап қоры 13028 оның ішінде қазақшасы 6687. 2012 жылы 353500 теңгеге 276 дана кітап алынып кітап қоры толығып, 23 түрлі мерзімді басылымдарға жазылды.

Кітапханада Орталық  Қазақстан, Егемен Қазақстан, Қаркаралы, Ақ босаға., Ислам және өркениет,Ұлан,Ақ баян, Қазақстан әйелдері, Денсаулық, Жұлдыздар отбасы, Айгөлек, Балдырған газет – журналдардың сұранысы жоғары.

Кітапханада 61525 телефоны қосылған.

Кітапханадағы СИН бағдарламасымен №18 орта мектеп оқушылары, мұғалімдер оқып үйрену үшін пайдаланады.

Интернет жүйесі қосылмаған, РАБИС бағдарламасы биыл орнатылмақшы.

Ауылдың « Гүлдене бер, нұрлана бер ауылым» энциклопедиясы толықтырылуда.

«Қыз өмірдің  қызғалдағы»  қызығушылар клубы    13.09.1998 жылдан бастап жұмыс істеп келеді. Қызығушыларклуб №18 орта мектеп оқушы қыз балаларымен жұмыс атқарады.

«Қыз өссе –елдің көркі»деп әр қазақ нәзік ,сыпай, инабатты жандарға ерекше құрметпен қарап, қошемет көрсеткен. Сондықтан казіргі қыз жеткіншек балаларымызға әдеп - ғұрыпымызды заман талабына сай тәрбиелеп, оларға шыншыл да нәзік болуларына, қазақ халқының салт-дәстүрін дәріптеуге,оны ары қарай жандандыруға және де сақтай білу үшін құрылған.                                                                  

Қызығушылар клубы қыздар арасында көптеген сайыстар, сырласу кештері, пікірталас сабақтары өткізіліп тұрады.  

 «Жер бетіндегі бар асыл қасиет күнің нұры мен ананың ақ сүтінен жаралған», «Тәрбие басы - тал бесік», «Әкеге қарап ұл өсер, анаға қарап қыз өсер» , «Тәуелсіздік бақ күнім», «Білімді ұрпақ ел болашағы»,    

«Қазақтың дара туған ғұламасы» , «Жаралы жылдар жарасы» , «Көркем сөздің шебері» атты тәрбие сағаттары, кездесу кештер, оқырмандар конференциясы өз мәнінде өткізілсе, кітапханада «Алтын бесік елім менің», «Өз елім, өз жерімде еркеледім» , «Жерлес қаламгерлер», «кітапхана – білімнің қайнар көзі»   атты кітап көрмелері ұйымдастырылды.

Біздің кітапханада оқырманда қызыға келіп кітап оқиды.                     

Кітапхана әкімшілік, мәдениет үйінің қызметкерлерімен , ауыл мектебімен тығыз байланыста бірігіп жұмыс істейді.

Кітапхана «Дарынды жастар» (2011-2013) бағдарламасымен  жастар және жасөспірімдермен жұмыс жасау қолға алынған.

Бағдарламаның мақсаты мен міндеті: Жиһандану ғасырында ұлттық мәдениетті сақтап қалу,ұлттық тілді дамыту,отанын шексіз сүйетін патроттарды тәрбиелеу,жастарды бос уақытын тиімді пайдалануын ұштастыру,білімдерін жетілдіру. Кітапхананың маңызды ролі бірлестіру арқылы, жинақталған кітап қоры арқылы оқырмандарға әсер беру,жеке тұлғаны жан-жақты қалыптастыру,жетілдіру,дамыту,тез шешім қабылдауға бейімдеу,есте сақтау денгейін,шығармашылық қабілетін жоғары, сөздік қоры бай,ойын еркін жеткізе алатындығын,елмен жаксы қарым-қатынас жасай алатын  етіп тәрбиелеу мақсатында.Жастардың «Бос уақытын пайдалану»шарасын дәріптеу, кітапханашылар еклген оқырмандардың таным-талғамына қызығушылығына,сұранысына сәйкес тиімді қызмет көрсете білу.

Осы мақсатта «Рухы күшті жастар –тәрбие жемісі»әнгіме шолу, «Талатты жастар ел мерейі»кітап көрмесі, «Ұйықтап жатқан жүректі жыр оятар»қол жазбалар жинағы, «Поэзия пайғамбары Мұқағали» мәнерлеп оқу шалалары үнемі жүргізіліп отырылыады.

Кітапханада кейінге оқырмандарға сай «Сыр сұхбат», «Айтуға оңай» теледидар  бағдарламасынан алынып кітапханамызда өткізіліп отырылады.

Мектеппен бірлесе отырып  «Отбасының игі дәстүрлері» тәрбие сағаты,  « Үлгілі отбасы» сайыстары ұйымдастырылып өз дәрежесінде өтті.

Кітапханадағы библиографиялық жұмыс «Туған жердің самалы»тәрбие сағаты, «Өз елім өз жерімде еркеледім»дөнгелек стол өткізілді,

«Сүйем сені туған ел»атты кеш ұйымдастырылды. Бізде Алфавиттік, жүйелі және өлкетану, Казакстаника картатекалары, Абай дана қазақта, мәдени мұра, Қарқаралы арқадағы гүлстан мерзімді басылымдарға картатекалар толықтырылып отырады.

Біздегі папкалар: Т уған жерім асқар белім. Жер шоқтыға  Қарқаралы,Тарихы жоқ ел жетім, Ұлты төмен ұлт жетім. Мың тағзым саған туған жер. Қазақстан Республикасының Заңдары. Ақын жазушыларға байланысты. Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауы. Поэзия алыбы-Мұқағали атты папкалар жасалып, «Гүлдене бер, нұрлана бер ауылым» атты ауыл энциклопедиясы жасалып, бүгінгі күні толықтырылуда.

Үлгілі кітапхананың келешегі бар .

Тек интернет желісі кітапханаға қосылып берілсе, басқа жұмыс жасауға қиындықтар туындамайды деп ойлаймын.