Нұркен Әбдіров ауылдық кітапханасы 2008 жылы «Үлгілі кітапхана » мәртебесін алды.

Кітапханашы Маякина Бақытгүл Рахиметоллаевна , білімі жоғары, педогагикалық, еңбек өтілі  -15 жыл. Кітапхана мәдениет үйінің екінші қабатында орналасқан, аумағы 80.кв м,  кітапхана жылу қазандығымен жылытылады. Кітапхана көрме стеллаждары – 4,екі жақты стеллаждар- 8, жұмыс үстелі -1, компьютер үстел – 1, оқырман үстелі – 6, оқырман орындықтары – 12 жиһаздармен қамтамасыз етілген. 2009 жылы ремонт жасалған , биылғы жылы қаржы бөлінді толық жөндеуден өтпекші.

Халық саны :1363 ,

Кітапханадағы кітап қоры-13065, оның қазақшасы  -6671, 2013 жылы 440700 теңгеге 417 данаға  кітап  қоры толықтырылып, 35 түрлі мерзімді басылымдарға жазылып оқырмандар сұранысын қанағаттандыруда.

Оқырмандар Алтын босаға , Ақ босаға, Айқын, Аңыз адам, Жұлдыздар отабасы, Жұлдыз, Денсаулық журналдарын  көп алып оқиды. 

  • Бақылау көрсеткіштері:
  • Оқырман саны -653
  • Кітапханаға келімі 9389
  • Кітап берілімі – 11386

«Қарағанды облысы кітапханаларында өлкеге байланысты құжаттар қорын сақтау» проектысына байланысты  туған өлкеге байланысты құнды құжаттар  көшірмесі жасалуда.   Барлығы 6 документ – 9 бет көшірме жасалды. Адам құқығы бойынша цифрлық кітапханадан  әкімшілік қызметкерлері, мектеп мұғалімдері, кәсіпкерлер, жеке тұлғалар өздеріне қажетті құжаттарды ала алады. Цифрлы кітапхана заңдары ескі, жаңа заңдармен толықтыруды қажет етеді. Бірақ  кітапханада компьютер қондырғылары ескі. Интернет жүйесімен жұмыс жасай алмай отырмыз . Рабис бағдарламасы қойылмаған.  Кітапхана  52169  телефоны қосылған. Кітапхана оқырмандардың әр түрлі топтарының жас шамасына және мамандығына сәйкес   кітапханалық     қызмет көрсетеді.  Оқырмандардың рухани байлығын арттырып, кітап оқуға баулу мақсатымен, әңгімелер   өткізіліп,       кеңестер    береді.  Кітапхананың қазіргі талапқа  сай көркем безендіріп оқырмандармен әр түрлі көпшілік   жеке    жұмыстар     жүргізеді.

Әр түрлі тақырыпта кітап көрмелерін ұйымдастырып, шолулар, анықтама –  библиографиялық     ақпараттар беру арқылы оқырмандарға кітап қорын насихаттау.

Нүркен модельді кітапханасында «Қарқаралы  - шежіре өлкесі», «Қарағанды құт дарыған мекенім»,  « Кенді  - өлке Қарағанды» , «Ақын , сазгер Мәди Бәпиұлы», «Сарыарқаның сұңқары  Тоқтар Әубәкіров», « Қазақтың қанатты ұлы Нұркен Әбдіров», «Батыр  Нұркен  ауылы  газет  бетінде»,  «Туған елге сағыныш  Кеңес Одағының Батыры Нұркен Әбдіровтың майданан  жазған 62 хаттары», «Ғылымға  із қалдырған бір туар тұлға  - Ақжан Жақсыбекұлы Әл  - Машанин», «Абай  -мәңгілік қазына », «Туған жердің төл презнті Жаппар Өмірбеков», «Дауылпаз ақын Қасым Аманжолов», «Ақын Қасым- ғасыр Қасым», «Арыстандай ақырған ақын еді, Жыр көгінде қырандай шалқып еді Қ.Аманжолов», «Жерлес  интернационалист - жауынгерлер», «Қыр даланың қыраны  Ғабдиман  Игенсартов», « Дала классигі Ғабиден Мұстафин » , «Парызын адал атқарған қаламгер Жайық Бектұров», «Сатирик – жазушы Әбжан Омарбаев», «Өмірі  -өнеге  Қалибек Қуанышбаев»,«Туған жер тұнған шежіре»  ауыл энциклопедия, «Туған жер тұнған шежіре » фото альбомдар мен папкалар жинақталған.

Нұркен Әбдіров атындағы үлгілі кітапханасының жанынан құрылған  «Ақ отау» қызығушылар клубы 1998 жылдың сәуір айынан жұмыс жасайды.

Сонымен қатаркітапхана   «Жас қалам»  жас ақындар клубының жобасы бойынша жұмыстар атқарады.

Жобаның  мақсаты: Оқушының өзіндік ізденісін, ойлау қабілетін дамыту, шығармашылық  белсенділіктерін шыңдау, Ана тілінің абыройын асқақтау, Ұлтжанды рух беру   ізгілік пен ізденімпаздыққа тәрбиелеу мақсатын жас оқырмандар іріктеліп өз қабілеттерін шыңдауға мүмкіндік алады.

«Туған жер – тұнған шежіре» ауыл энциклопедиясы қайта өңделуде.

Кітапханада   «Жаңа әлемдегі  Жаңа Қазақстан», «Сұлу сөздің сиқыршы сырбазы» Ғ.Мүсіреповтің  туғанына 110 жыл,  «Ғасырлар  мен  тағдырлас»    атты көрмелер ұйымдастырылып, шолулар, конференция, кездесу кештер, мен тәрбие сағаттары өткізілді.                                    

Нұркен Әбдіров атындағы үлгілі кітапханада ауыл әкімшілігімен, тұрғындармен , зейнеткерлер,  жұмыскерлер, студент жастар, мектеп оқушыларын және  ұстаздармен тығыз байланыста жұмыс атқарады. Сонымен қатар өткізген шараларды  аудандық Қарқаралы газетіне жарияланып отырылады.

Кітапхана жұмысына  көп қиыншылық туғызатын жағдайы  қазіргі заманда  кітапхананың электронды ресурстары өте төмен  интернет жүйесі қосылғанмен, байланыстың  нашарлығына орай  жұмыс жүрмей отыр .  Үлгілі кітапхананың   болашақта өте қажет .

Кітапханалардың заман талабына сай оқырманға өркениетті қызмет көрсетуі үшін кітапханашылардың жаңа технологияларды бір кісідей игеріп, кітапхана жұмысына кеңінен қолдануы кітапханадағы жұмыстың негізгі бағыты болып табылады.

Заман талабынан туындап отырған кітапханалық үдерістерді автоматтандыру. Кітапханашылар өздері жеке компьютермен жұмыс істеу дағдысын жете меңгеру . Интернетті пайдаланушыларға жеделғабыл әрі тиімді және сапалы қызмет көрсетуді жүзеге асыру. Интернет ресурстары бойынша сайттарға кіріп, ақпараттық технология жөнінде өз білімдерін шыңдай түсу.