Егіндібұлақ селолық орталық  кітапханасының іргетасы 1928 жылы қаланды. Кітапхана 2004 жылдың  қаңтар айынан бастап үлгілі кітапхана мәртебесіне ие болды.   

Қазіргі уақытта кітапхана 2 пәтерлі тұрғын үй есебінде салынған  ғимаратта отыр. Кітапхана орны 322,6 шаршы метрді құрайды

Кітапханада бес адам қызмет істейді. Кітапхана меңгерушісі О.Жарылғапова , білімі арнаулы орта кітапханашы, еңбек өтілі  33 жыл.

Г. Жылтыбаева , білімі жоғары кітапханашы, еңбек өтілі  25 жыл,

Г.Сағатова, білімі арнаулы орта кітапханашы, еңбек өтілі 30жыл, Ж.Касимова ,білімі арнаулы орта кітапханашы, еңбек өтілі  25жыл,

Б. Айтжанова, білімі арнаулы орта кітапханашы, еңбек өтілі 8 ай.

Егіндібұлақ селосындағы  халық саны - 2978.

  • Оқырмандар саны - 2097.
  • Кітапханаға келуі -  10245.
  • кітаптың берілімі - 20509
  • Кітапханада 91 - 4 – 58 телефоны  қосылған.

Кітапхана     компьютер үстелі  2, жұмыс үстелі 1, телевизор тумбасы 1, оқырмандар үстелі 6, оқырмандар орындығы 12, көрме стеллаждары 6, екі жақты стеллаж 15, айналмалы кресло 2, Кафедра выдачи 1, Компьютер 2, телевизор 1, коприовал. аппарат 1, сканер 1, принтер струйный 1, принтер лазерный 1, источник бесперебойного питания 2, 1 модеммен қамтамасыз етілген.

2007 жылы кітапхананың жылу қазандығы күрделі жөндеуден өтті. Бірақ кітапхана үйіне, жылу қазандығына тағы да  күрделі жөндеу керек.

Кітапханада барлығы 34851 дана кітап қоры бар , оның ішінде қазақшасы 25335 дана. 2012 жылы  797100 теңгеге 767 дана кітаппен кітап қоры толықтырылса, 69 түрлі газет – журналдарға жазылды.

Кітапханада «Орталық Қазақстан», «Егеменді Қазақстан», «Дала мен қала», «Қазақ әдебиеті», «Қарқаралы», «Айқын», «Түркистан», «Халық сөзі»,газеттерімен, «Жұлдыз», «Жалын», «Тіл», «Мәдениет», «За рульем», «Аргументы и факты», «Қазақ тарихы» журналдары оқырмандар арасында көп сұранысқа ие.

Кітапханада «Күй күмезі Тәттімбет» ұсыныс тізбесі, «Мәңгілік жыр тудырған ақын», «Кеудесін кек кернеген кесек талант», «Ой түбіндегі – Оралхан» анәдістемелік библиографиялық кітапшалар мен слайд жасалды.    Адам құқығы бойынша цифрлық кітапханадан  полиция қызметкерлері, мекеме басшылары, әкімшілік қызметкерлері кейбір заң актілеріндегі өзгерістерді қызмет бабында пайдалануға алады.

Компьютерге салынған СИН – программасы  арқылы кітапхана оқырмандары да кеңінен пайдаланады.Оқып үйренеді.

Сондай – ақ кітапханада құжаттарды цифрлау және РАБИС бағдарламаларымен 2011 жылдан бастап жұмыс жасайды.

Кітапханада «Бабаның елі Балқантау» атты кең көлемді кітап көрмесі ұйымдастырылған. Жылма жыл шілденің алғашқы сенбісі дәстүрлі «Ауыл күнін» атап өтеді.

Кітапханада баба жөнінде материалдар  «Қара қылды қақ жарған Қазыбек би» , «Халық әндерінің академигі» (Жүсіпбек Елебеков), «Тұрсын періште ақын», «Күндіз ақын, түнде – жарық жұлдызбын...», «Күй атасы – Тәттімбет» , «Ел еркесі – ер Мәди»,  «Қазақтың атақты әншісі Ғаббас Айтбаевтың туғанына 130 жыл» атты папкалар жинақталған.

Қамшының сабындай қысқа ғұмырында небәрі 36 жыл ғана өмір сүрген ақын жерлесіміз ақын Тұрсын Жұмашевтің артында қалған мәңгілік өшпейтін, жүрегін жарып шыққан, оның жақұт жырлары қалды. Тұрсын ағамызға «Халқының жүрегінде ақын жыры» атты еске алу кеші өтті.

Қазақтың ғажайып азаматтарының бірі, әрі бірегейі, ақын, балалар ақыны Кәрім Сауғабай. Кәрім сауғабайдың 70 жыл толуына орай «Бала деп соққан жүрегі» атты әдеби ертеңгілік өтті.    

Республикалық домбырашылар конкурсының лауреаты, шертпе күй шеберінің тікелей мұрагері, Тәттімбет мұрасын жігерлі насихаттаушысы Тұрысбек Түсіпбеков жөнінде материалдар жинақталып кітап көрмесі ұйымдастырылды.  «Қасым жылы, қазақтың төріне шық» поэзиялық кештер өтті.

Сонымен қатар кітапханада «Ата – Мұра» қызығушылар клубы жұмыс жасайды. Папкаға материалдары жинақталды.

Сонымен қатар кітапханада «Өлкетану» картотекасы жүргізіледі. Бұл картотекаға өлкеде болып жатқан жаңалықтар және ақын жазушыларымыздың мерейтойлары, айтулы даталы күндер карточкаға жазылып картотекаға құйылады. 

Сонымен қатар кітапханадағы «Ауыл мемлекеттің керегесі» атты ауыл энциклопедиясы толықтырылуда .

Келешекте үлгілі кітапхананың  оқырмандарға берері зор. Сондықтан үлгілі кітапханалардың саны өссе нұр үстіне нұр болар еді.