Кітапхана үлгілі кітапхана статусын   2008 жылы алды. Кітапханада 2 кітапханашы маман жұмыс атқарады:

1. Искакова Қымбат Кабдикаримовна.  Орта арнаулы кітапханашы , «Мәдениеттану» мамандығы бойынша жоғарғы оқу орнын сырттай бітірген. Еңбек өтілі  - 19 жыл.       

2. Мейрманова Гүлжан Амангелдиевна. Арнаулы орта , кітапханашы, еңбек өтілі -  1 жыл.

Кітапхана  мәдениет үйінің 2 қабатында орналасқан, аумағы  323кв.м. Жылу  жүйесі орталықтан жылытылады. Жөндеу жұмыстары жасалған, кең жарық оқырмандармен жұмыс жасауға қолайлы. Жиһаздары үлгілі кітапханаға сай – 6 үстел, 6 орындық, 6 стелаж, 2 кітап көрмесінің стелажы.

Халық саны – 5100 адам, балалар саны – 15 жасқа дейінгі -681 бала. Кітап қоры – 15106 кітап, оның ішінде қазақшасы – 2104 дана . 2013 жылы кітап қоры 211200 теңгеге   275 дана жаңа кітаппен толықтырылып, 23 түрлі мерзімді басылымға жазылып жас оқырмандардың сұранысын қанағаттандырып отыр.

Бақылау көрсеткіштері

  •          Оқырман  саны – 715
  •          Келушілер саны – 8610
  •          Кітап алымы – 13140
  • Балалар кітапханасында – 1 компьютер, 1 лазерный принтер, 1 сканер.

 ABBY Finereader программасы жұмыс жасайды. Орталық Қазақстан, Қарқаралы газеттеріне шыққан  өлкетану тақырыбы бойынша 7 оцифровка жасалынды.

«Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның Цифрлы кітапханасы»  бойынша жұмыс жасап, оқырмандар сұранымын қанағаттандырылады.

«Халықты компьютерлік сауаттылыққа оқыту бойынша электронды оқулық» бойынша компьютерден сауатылықтарын ашуға балабақша тәрбиешілері және бастауыш сынып мұғалімдері келіп үйренеді және де 6-7-8-9 сыныптар келіп өздері дайындалады.

Библиографиялық жұмысты кітапханашылар атқарады. Кітапханада балалардың оқу мәдениетін дамыту мақсатында айына бір рет төменгі сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімінде "Жас кітапханашы" мектебінің сабақтары және "Кітапхана-кітап үйі", кітап үйі, "Кітап қалашығына саяхат"-1 сыныптар апталығы, "Балғьшдарға - кітап әлемі " шаралар айдары. "Кітап патшасында қонақта" шоу, "Білім патшасы-ақпарат мемлекеті", "Кітап теңізінің лоцманы", "Дымбілместе қонақта", "100 кеңес - 100 жауап" библиографиялық сабақтар өткізіліп тұрады. Осы мақсатта кітапханада 2-ші сынып оқушылармен "Кітап патшалығы- данышпан мемлекет" ертеңгілік; "Бала, Кітапхана, Кітап " әңгіме - сұхбаты; "Жануарлар әлемінде" ойын саяхат; "Міне, ең ғажайып - оқу" ойын - сайыс; "Отбасымен ғажайып" оқырман болу; "Кітап-білім бұлағы" мақал мәтел және жұмбақ шеңбері. Актив мүшелерімен:

  • - «Кітаппен қалай жұмыс істеу керек?»;
  • - «Кітапты қалай таңдау керек?»;
  • - «Әңгімені калай өткізу керек?»;
  • - «Окырманға қалай қызмет көрсету керек?»:
  • - «Қарыз оқырмандармен қалай жұмыс істеу керек?» деген тақырыптарда сабақтар жүргізіледі.

Библиографиялық анықтама дәптері жүргізіліп күнделікті берілген тақырыптар тіркеледі. Анықтама, энциклопедиядан, мерзімді басылым беттерінен тауып береміз. РАБИС бағдарламасын  қосу биыл жоспарланып отыр.

Кітапханада өлкетану жұмыстары бойынша Өлке тарихы, еңбек ардагерлері, мәдениет майталмандары, Мәди Бәпиұлы, Қарқаралы ауданында туылған ақын жазушыларға арналған, балалар жазушыларына арналған, мектеп бағдарламасына көмек папкалары жинақталған.

       Сонымен қатар кітапханада «Ертекші» қуыршақ үйірмесі төменгі сынып оқушылары арасында жұмыс жасайды. «Ертекші» қуыршақ үйірмесінде балалар өздеріне ұнаған ертегісін дайындап көрермендерге ұсынады. Балалар мақал мәтелдер айтып тілдерін жаттықтырып, кейіпкерлердің жуан, жіңішке дауыстарын салып дайындалады. Артынан жағымды, жағымсыз кейіпкерлерге мінездемелер беріледі.

Кітапханада әрбір нақтылы жағдайға байланысты оқырмандар аудиториясының белсенділігін, кітаптарды насихаттауды тиімді тәсілдері мен түрлерін, әдістерін ұштастыра отырып әр түрлі өткізген жөн: мысалы, ауызша журнал, оқырмандар конференциясы, пікірталас, ауызша насихат, дөңгелек үстел т.б. түрлерін түрлендіріп өткізу қажет. Өйткені бүгінгі оқырмандарды өздері енжар қабылдауына бағытталып жүргізген іс-шаралар емес, керісінше олардың өзін белсенді түрде ұйымдастыратын іс-шаралар қызықтырады. Сондықтан оқырмандарымыздың рухани жан дүнмесін байыту үшін «Бұлақ көрсең көзін аш, сусыныңды қандырар» - деген халық нақылын ескеріп,  іс-шараларды түрлендіріп өткізіу қажет. Кітапханада өтіп жатқан кездесу, дискуссиялық клуб, диалог-шолу, дауыстап оқу, ойын-саяхат, слайд-шоу,  кітаби жиындар,  экспресс-тренингтер, онлайн-тестілеу, веб-викториналар, флэш-моб жаңашылдықтың балалар кітапханасында көптеген тақырыптарда жұмыстар балалармен қызғылықты өткізіледі. Балаларды қызықтырған кітап көрмелері «Сен білесің бе?» викториналық кітап көрмесі, мұнда сұрақтар ілініп қойылып кітаптар қойылды. Мысалы: Құлақ не үшін керек? Осы бойынша балалар сол полкадағы кітаптарды оқып шығып  пікірлерін жазады. «Құрбылар кеңес береді» 5-6 сынып оқушыларына, «Әдебиет әлемінде» 7-8 сынып оқушыларына арналған кітап көрмелері ұйымдастырылып, «Жас келсе іске» сыр сұхбат 5-6 сыныптар арасында өткізілді. Әр түрлі тақырыптарда флешмоб, библио алаң өткізу қолға алынған . Балалар мен көпшілік жұмысын өткізуге ең негізгі тек іс-шараны өткізу керек деген мақсат болмау керек. Керісінше өткізілетін кез келген іс-шара оқырман мен қарым — қатынас, күнделікті жұмыс әңгімесінің жалғасы сияқты, балаларға арналған ең жақсы кітаптар өзінен өзі насихатталатындай ойлануға, сезінуге мәжбүр ететіндей, сауатты сөйлеуге үйрететіндей болуы тиіс.

Мысалы үшін біздің іс-шаралармыздың негізгі бағыттары:

  • - «Қазақстан 2050»
  • - «Өткен тарих жолымыз»
  • - «Отанды сүю - Отанға қызмет ету»
  • - «Заң және біз»
  • - «Адамдар арасында өмір сүру де өнер»
  • - «Жер келер ұрпақ мұрасы»
  • - «Дені сау үрпақ - қоғам болашағы»
  • - «Біз және бізді қоршаған әлем»
  • - «XXI — ғасыр білім мен ғылым ғасыры»
  • - «Рухани мәдениеттік таным»

Міне, біз осы бағыттарды негізге ала отырып жоспар жасадық. Осы бағыттарымыздың біреуінің мазмұнын ашып беретін, бір ғана «Қазақстан 2050» бағытын жүзеге асыру үшін екі тарауға бөліп қарастырдық.

  • 1. «Болашақ сендердің қолдарында» атты тарауда:
  • - «Жастай алған білімің, тасқа басқан таңбадай». (шығармалар байқауы).
  • - «Білім мен байлық, қайсысы артық?» (пікір талас).
  • - «Замандас, заман талабына лайықтысың ба?» (кәсіпкерлермен кездесу) жоспарланды.
  • 2. «Қоғам мен жастар» тарауында:
  • - «Жастар мен билік» (әкімшілік адамдарымен кездесу).
  • - «Кәсіпкерлер мен фермерлерге сенің көзқарасын?» (дөңгелек үстел).
  • - «Қазақстанның жаңа ғасырдағы қадамы» (ел туралы толғаныс жоспарланған. )

Кітапхананың болашағы, әрине балалармен байланысты. Қазіргі кезде төменгі сынып оқушылары кітапханаға жиі келгенді ұнатады және бір-бірі мен жарысып кітап оқиды. Кітапханада олармен дауыстап оқу өткізіліп тұрады.  Оларды  қызықты хикаялар қызықтырады. Ал жоғарғы сынып оқушылары мектеп тапсырмасы бойынша оқиды.

Балалар кітапханасы Қарағайлы кентінің №16, 17 және «Балдырған» бала бақшасы мен тығыз байланыста жұмыс жасайды.

Осындай жұмыстар атқарылғанмен кітапханада үлгілі кітапханаға сай компьютерлер мен жиһаздар жетіспейді. Қазіргі таңда жас оқырмандар үшін үлгілі кітапхананың келешегі өте зор. Балалар кітапханасын ғылыми, техникалық, технологиялық  және мәдени дамудың жоғары деңгейіне шығару мақсатында кітапхана саласында жаңа инновациялық жұмыстарды дамыту жолға қойылса, жаңа жиһазбалаларға арналған кейінгі үлгіде, көрме стелаждары жаңа үлгіде шыныланған болса, компьютерлер залы балалар кітапханаларында оқырмандарға қызмет көрсетудің баланың оқырман болып қалыптасуының мүмкіндіктерін арттырып, шығармашылық оқу арқылы кітапхананың атқаратын қызметін қалыптастыру және дамытуды жаңа сапалық мазмұнға көтереді.

Уақыт өзгерген сайын кітапхана саласындағы қызметте оның әдістері мен бағыттары да түрлене алға басуда. Бала біздің болашағымыз. Қазақстанның бүгінгі мен болашағы жастардың еншісінде. Елімізді 2050 жылы барысқа айналдыратын күш те -бүгінгі мектеп партасында отырған оқушылар. Ендеше бүгінгі жас буын мемлекетіміздің мығым тірегі болсын десек - XXI ғасыр жастарын жан-жақты терең білімді, сауатты болуға баулу қажет. Бұл тұрғыда жүйелі жәрдем беретін шаңырақтың бірі - кітапхана.