Қасым Аманжолов үлгілі кітапханасы 2004 жылы 28-желтоқсанда Үлгілі кітапхана статусы берілді.

Кітапханашы: Ізбасарова Айсұлу  Қапиятқызы, білімі жоғары, кітапханашы маман.

Кітапхананың орналасқан жері: Қ.Аманжолов селолық округі, Талды ауылы, бұрынғы балабақша ғимаратының екінші қабаты.

  • Кітапхана аумағы – 152,3
  • 2008 жылы 1 миллион теңгеге  күрделі жөндеуден өткізілді.
  • Халық саны: - 1140
  • Бақылау көрсеткіштері:
  • Оқырман саны: - 650
  • Кітапханаға келімі: - 7650
  • Кітап алымы: - 15200
  • Кітап қоры 23404, оның ішінде қазақшасы 9778, 2012 жылы кітап қоры 435,700 теңгеге 360 данаға толығып, 157.2 теңгеге 33 түрлі мерзімді басылымдар алып, оқырмандар сұранысын қанағаттандыруда.

Оқырмандар арасында көп пайдаланылатын мерзімді басылымдар : Орталық Қазақстан, Егемен Қазақстан, Қазақстан әйелдері, Парасат, Аңыз, Жұлдыздар отбасы, Жұлдыз, Қазақстан-Заман, Дала мен қала, Ислам және өркениет, Қазақ әдебиеті, Айқын, Ана тілі, Атамекен, Тылсым дүние, Экономка, Қарқаралы, Иман, Жалын, Денсаулық, Қазақ тарихы, Ақиқат, Қазақ тілі мен әдебиет.

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның Цифрлы кітапханасы»  бойынша Әкімшілік, қоғамдық ұйымдар, ұстаздар, жеке кәсіпкерлер, Шаруа қожалықтар басшылары, үй шаруасындағы аналар қызметтеріне  және жеке іс-әрекеттеріне пайдалану мақсатында сұраныстар жасайды. Бірақ айта кететін мәселе  цифрлы кітапхана заңдары ескі, жаңа заңдармен толықтыруды қажет етеді.

Библиографиялық жұмыстар: аудандық «Қарқаралы», «Орталық Қазақстан» т.б. газеттер бетіне шыққан мақалаларды: Қ.Аманжоловтың 100 жылдығына байланысты материалдарының көшірмелері жасалды. Және өлкенің мақтаныштары, атақты адамдарына арналған материалдар жинақталып, және тағы да сирек кездесетін, маңызды өлкемізге байланысты материалдар жинақталуы жалғасуда.

Кітапханада  «Ұлы Абай ұлағаты»,  «Ақырын жүріп анық бас» /салауатты өмір салты/,  Азапты жылдар шежіресі» / саяси қуғын-сүргін/,  «Желтоқсан тарихынан»,  «Қазақстанның болашағы ана тілінде», «Тұғырлы тұлға» Қ.Аманжолов, «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде», «Жолдау болашаққа бағдар» атты папкалар жинақталған.

Өкінішке орай біздің кітапханада интернет желісінің нашарлығына байланысты байланыс жүйесі әзірге қиындық туғызып отыр. Себебі ауылда Қазтелеком арқылы ғана шығуға болады. Ол көп уақытты қажет етеді, дегенмен мұғалімдер, ауыл жастары мүмкіндігінше жұмыс жасайды. Электронды түрде оқырмандарымызды қанағаттандырып отырамыз.  Сонымен қатар РАБИС бағдарламасымен де жұмыс жасалмай отыр.

Кітапханаға 37409 телефоны қосылған.

Кітапхана   №19 орта мектеппен, Мәдениет үйімен, Кент орман-тоғай шаруашылығымен, Ақбай-Қызылбай, Сарыобалы, Аққора, Белдеутас елді мекендерінің кітапханашылары , ұстаздарымен бірлесе отырып,    әртүрлі шаралар ауқымында  жандандырып, кітапхананы насихаттап, оқырмандарды көбейтуде үнемі әр топтағы оқырмандар сұраныстарын орындай отырып көпшілік іс-шаралар  жұмыстары жүргізіліп отырылады. Кітапхана бойынша сандық көрсеткіштерден оқырмандар санының кемуі биыл байқалуда. Оқырмандардың оның ішінде оқушылардың 70 пайызы оқу бағдарламасына көмек ретінде сұраныспен келеді. Ал 20 пайызы өз білімдерін көтеру үшін кітап алады. Негізгі оқырмандар құрамын жастар мен үй шаруасындағы аналар құрайды.

Өлкеге байланысты құнды құжаттар көшірмесі жасалуда.

2011 жылы аудандық Қ.Аманжолов атындағы орталық кітапхананың ұйымдастыруымен өткіәзілген «Дархан дауылпаздың дара дидары»  атты әдеби-альманах байқауының қорытындысы бойынша аса ізденімпаздықпен жасалған бұл жұмысымыз барлық қауымға таптырмас мұра,  ақын өміріне қатысты барлық мәліметтерді  бір арнаға тоғыстыру жұмыстары жүктелген болатын. Ақынның қызмет жасаған жері Орал қаласынан көптеген мағлұматтар, құжаттар, фото-суреттері алынып сонымен қатар туған жеріндегі Қасым құдығы, ескерткіштері суретке түсіріліп, №19 орта мектептегі мұражайдан естелік хаттары жинақталды.

Осы байқаудың қорытындысында үздік альманах иегері деп танылды. Әлі де болса кеңінен насихаттап, келер ұрпаққа мұра етіп қалдыру біздің басты міндетіміз.

Кітапханада  «Жас өркен» жастар орталығының жұмысын  дамыту (2006ж құрылған), «Жас толқын» жас тілшілер үйірмесі бағдарламасын жандандыру, «Нұрлан шоу» әзіл-сықақ бағдарламасын, «Ауыл тынысы» ауыл әкімі аппаратының хабаршысы ауылдық газетінің шығарылуына ат салысу, 1997 жылы құрылған «Шаңырақ» салт-дәстүрді насихаттайтын қызығушылар клубы жұмыстарын жандандыру, «Еліміздің азаматын, жеріміздің тарихын білейік» атты ауыл энциклопедиясын толықтырып отыру жұмыстары жүргізілуде.

Кітапханада өз ұлтының , халқының мәдени мұраларын игерген, салауатты өмір салтын берік ұстанған әр түрлі толғанарлық тақырыптардағы мәдени шаралар, ойындар, байқаулар, жастар шоу бағдарламалары, сайыстар көптеп өткізіліп тұрады.

2011 жылы 8-шілде күні Қарағанды қаласында облыстық Гоголь атындағы ғылыми әмбебап кітапханасы ұйымдастырған: Тәуелсіздігіміздің 20-жылдығына және Қ.Аманжоловтың 100 жылдық мерейтойына орай; «Дарындылардың алтын шашуы: Әдеби калейдоскоп» - деген тақырыпта семинар-кеңесте  «Дархан дауылпаздың дала дидары» атты мастер класс өткізіп, Арнайы осы шараға дайындап әкелген: «Аманжол Рахымжанның Қасымымын...» атты фото-альбом, слайдтардың электронды нұсқалары ұсынылып, көмекші құралдар мен вымпельдар таратып, семинарға қатысушыларға кеңінен насихаттап іс-тәжірибелерімен бөлісті.  

19-тамыз күні Қасым Аманжоловтың туғанына 100 жыл толу мерейтойына орай:     «Шабыт берші ақиық ақын  арқалы,  Жырдан шашу тойыңызға торқалы»    атты аймақтық жыр мүшайрасын өткізді.  

Кәсіби шеберлікті шыңдауда инновациялық формаларға енгізілген жобалар, бағдарламалар, үйірмелер, клубтар бойынша түрлі қызықты шаралар  өткізу,   мысалы: «Библиошар», «шебер класс», «сұрақтар қою арқылы спорттық ойындар»  түрінде қызықты бағдарламалар, акциялар ұйымдастыру.

Өз жұмысымызды үнемі жергілікті әкімшілікпен, қоғамдық ұйымдармен серіктестік әрекетте қызмет атқарып, тығыз қарым-қатынаста болуға тырысамыз.

Кітапхананың қоғамның әлеуметтік өміріндегі орны және оқырмандармен жүргізілетін жұмыстарының тәсілдерін жетілдіру мәселелері де қарастырылады. 

Үлгілі кітапхананың келешегі зор, жүргізілетін жұмыстар өте көп, ауылға библиограф маманы қажет.

Қазіргі таңда ауылымызда халық тұрақтамайды, себебі ауылда табыс көзі жұмыс жоқ. Ауылда тұрақты жұмыс жасап тұрған кітапхана, мектеп, әкімшілік, отбасылық амбулатория.

Үлгілі кітапхана осы өз атына сай ұлттық құндылығымызды жоғалтпау үшін талмай қызмет жасауда  кітапхананың келешегі өте мол. Жаңаша түрде жұмыстар жүргізуде, өлкетану жұмыстарын насихаттай отырып, ауылымыздың, туған жеріміздің тарихын жандандырудағы  рөлі ерекше.

Бүгінгі күні, кітапхана ісі саласына байланысты ғылыми ізденістер, осы салада көкейкесті мәселелерді шешуге байланысты облыс, аудан бойынша кітапханалармен шығармашылық іс-шаралар. Қазіргі кезеңде мәдениет саласы адамдардың өскелең талабын қанағаттандыруға, рухани байлығын, жалпы қабілетін дамытуға, жоғары эстетикалық талғамын қалыптастыруға тиісті болса, бұл міндеттерді іске асыруда кітапханалардың алатын орны ерекше.