2004 жылы  28 желтоқсанда Абай кітапханасы «Үлгіліі кітапхана» мәртебесіне ие болды.

Кітапханашысы: Ботабекова Бакыт Рымбековна, білімі: арнаулы орта, кітапханашы , еңбек өтілі 9 жыл. Кітапхана клуб үйінің 2 қабатында орналасқан,  Аумағы 120м²

Үлгілі кітапхана 2 компьютер үстелі, 1 жұмыс үстелі, 1 телевизор тумбасы, 6 оқырмандар үстелі, 12 орындық, 2 айналмалы кресло, 1 кафедра үстелі, 6 көрме стиллажы, 12 екі жақты стиллаж, 2 компьютер, 1телевизор, 1 сканер, принтер струйный-1, лазерный-1;1 ксерокспен  (копировальный аппарат) қамтамасыз етілген.

Ауыл тұрғындар саны-801.

Кітапханадағы барлық кітап қоры 25515, оның ішінде қазақшасы 17642 дана кітап. 2012 жылы 461600 теңгеге 383 дана кітап алынып кітап қоры толықса, 31 түрлі мерзімді басылымдар алып оқырмандардың сұранысы қанағаттандырылуда.

Кітапханада Қазақстан әйелдері, Аңыз адам; Жұлдыздар отбасы: Денсаулық журналдары көп сұранысқа ие.

  • Бақылау көрсеткіштер:
  • Оқырмандар саны - 495
  • Кітапханаға келімі - 7944
  • Кітап берілімі -12613
  • Үлгілі кітапханаға  51-2-39 телефоны қосылған

ABBY Finereader (оцифровка-6) - өлкетану тақырыбында сандық жүйеге 6 мақала енгізілді.  Кітапханада «Қарқаралы мақтаныштары», «Қарқаралы жазушылары», «Өткенсіз ел - тарихсыз жер болмайды», «Қаз дауысты Қазбек би», «Күй атасы –Тәттімбет» атты папкалар жинақталған.

СИН бағдарламасы жұмысқа қосылып, мектеп оқушылары мен үй шаруасындағылар компьютерлік сауат  алу мақсатында пайдаланады.

Селолық  кітапханада  2008   жылдың  мамыр  айының 12 жұлдызынан бастап  «Бойжеткен»  қызығушылар  клубы  жұмыс  жасайды.

Клубтың мақсаты Ұлттық  тарихи сананы, азаматтық  негіздерін, ұлағаттылықты, тектілікті, халық өнерімен мәдениетті  үйретуге: оқырман қауымды, жасөспірімдерді оқуға, мәдениеттілікке, тәртіптілікке, еңбекке тәрбиелеуде, жаңалыққа үйретуде, өзіне қажетті құрал - жабдықтармен қажетті мамандық игеруге бағыттау.

Көркемдік жағынан дамытып отырады, ұсыну арқылы, өзінің және басқалардың ой-өрісін  дамытуға  ықпал жасайды.

Сонымен қатар кітапхана  «Ислам және өркениет» жобамен жұмыс жасайды.

Жобаның мақсаты: Оқырмандарға дініміз туралы дұрыс бағыт беру. Имандылыққа, жақсылыққа тарту. Дұрыс жолға түсіп, жаман әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу. Кітапханада жобаға байланысты «Ислам жолы», «Оразаңыз қабыл болсын» кітап көрмелері ұйымдастырылып, өскелең ұрпақтың талабын қанағаттандыру, рухани байлығы мен қабілетін дамыту және жоғары эстетикалық талғамын қалыптастыруға тәрбиелеу.

Сонымен қатар кітапханада «Ертегілер әлемінде», «Балалар жазушылары», «Даталы күндер», «Кітапханадағы инновация», «ЭКСПО-2017», «Бір ел - бір кітап» акциясы аясында Фариза Оңғарсынованың «Дауа» атты кітабына тақырыптық сөре, кітап көрмелері ұйымдастырылды.

«Әлемнің жарығын сыйладың сен маған» атты мерекелік ертеңгілік 1-4 сынып оқушылар арасында өтті.  «Бойжетіп мен келемін... Сұлу бұрым өремін...» атты көңілді сайыс қызықталды. Бұл сайысқа шақырылған аналар: Сұлулық сыры неде?-деген сұраққа өз пікірлерін білдірді. Бетке қалай күтім жасау, өзін қалай әдемі сақтау туралы әңгімелер қызықталды. Кітапхана ауыл әкімшілігімен, №31 орта мектеп ұжымымен және мәдениет үйі қызметкерімен  тығыз байланыста жұмыс жасайды .

Мыржық кітапханасына қолдау көрсетіп,  бірлесе жұмыс  жүргіземіз.

Кітапхана проблемасы - интернет жүйесіне қосылу. Кітапханаға рабис бағдарламасы қосылуға жоспарланып отыр.

Кітапхана болашағы жарқын, көп жұмыстар жоспарлануда.