Page 23 - 21kzd_kz
P. 23
20-22 б.
Смайылов М. Кенші кадрларды көптеп даярлаймыз // Орт.Қазақстан.- 1993.- 28 шілде
Терешин А.Н. Бiлiктi маман даярлау- өмiр талабы: Қарағанды тау-кен механикалық
колледжi филиалының дир. А.Н.Терешинмен сұбат / Сұхбаттасқан Н.Смағұлов// Абай-Ақиқат.-
2004.- 9 қазан
Тойбек Ж. Көшбасшы // Орталық Қазақстан. - 2008. - 20 желтоқсан. - 4 б.
Төлеуқұлов М. Ұлағатты ұстаз // Орталық Қазақстан. - 2006. - 6 маусым. - 9 б.
Шаймұқанова Р. Маман кеншiлер дүкенi // Орталық Қазақстан.-2004.- 22 қаңтар.-3 б.
Шөкейқызы Р. Отаншылдыққа шақырған сабақ // Орт.Қазақстан. - 2006. - 11 наурыз.-16 б.
Шөменбаева С. "Мәңгілік ел" мирасы // Орталық Қазақстан. - 2017. - 30 қараша. - 10 б.
5 маусым 1936 – 2010 Жазушы, қаламгер
Сапарғали Ләмбековтың туғанына 85 жыл
Өзі жазған ғұмырнамасынан Мен 1936 жылғы 5 маусымда Кеңбидайықта дүниеге
келіппін. Бұл ашаршылық жылдары еді. Әкем Ләмбек өнерге бейім, домбыра тартатын, ән-жыр
айтып, өлең де шығаратын. Ұлы Отан соғысына аттанып, қайта оралмады. Шешем Рысбала
ұжымшарда еңбек етті. Мен де қаршадайымнан мал бақтым, өгіз арбамен пішенші, егіншілерге
айран тасыдым, ат жегілген қырлы таспен қырманда астық та бастырдым. Соғыс жылдары
бірінші сыныпты үйде бітіріп, екінші сыныптан кейін төртіншіні тәмамдадым. Ауырдым,
емделдім, одан еш нәтиже шықпады. Бірақ мені, Н.Островскийдің «Құрыш қалай шынықты»
романының әсері, қазақтың қолөнері өмірге қайта әкелді. 1951 жылғы 1-қыркүйекте тұңғыш рет
тырнақалды туындым «Еңбек жыры» деген атпен жарық көрді. Тек өзіме сеніп, өзімнің іздену,
оқуымның арқасында аудан, республикалық басылымдарда еңбектерім жарияланып, өмірге
«Әке жолы», «Тайталас», «Тәттімбет», «Арыстар», «Қарқаралы саздары», «Сырперне»,
«Азаттық құрбандары», «Тұтқын ару», «Ана туралы аңыз», «Тағдыр мен талай», «Қарқаралы
қазылық» т.б. роман, поэма, жауһар жырлар, шығармалар әкелдім...
Мектеп бітірген соң, «Қарқаралы» аудандық газет редакциясына қызметке тұрған.
С.Ләмбеков қызмет істей жүріп ҚазМУ-дың журналистика факультетіне сырттай оқуға түсіп,
оны 1975 жылы бітірген.
«Қазақстан Республикасының Құрмет орденінің иегері, Қазақстанның Жазушылар және
Журналистер Одағының мүшесі, Қарқаралы ауданының Құрметті азаматы.
Еңбекқор, талғампаз да тындырымды жазушының қаламынан Қарағанды шахтерлерінің
өміріне арналған «Қатты қабат», Алаштың айтулы азаматтары туралы сыр шертетін «Арыстар»
атты романдары шыққан.
1990 жылы «Кеңес баспасөзінің үздігі» омырау белгісін алған, 1996 жылы Қазақстан
журналистер одағы сыйлығының лауреаты атағына ие болған. «Азаттық құрбаны» дейтін
балладасы «Балдырған» журналының бәйгісіне ие болған.
2010 жылы қайтыс болды.
Әдебиеттер:
Ләмбеков С. Әке жолы: роман. - Алматы : Жазушы, 1984. - 190 б.
Ләмбеков С. Қарқаралы саздары: өлеңдер мен поэма. - Алматы : Жазушы, 1968. - 70 б.
Ләмбеков С. Тайталас: роман. - Алматы : Жалын, 1980. - 232 б.
Ләмбеков С. Тәттімбет: хикаят. - Алматы: Өнер, 1993. - 270 б.
Ләмбекұлы С. Алапай мен талапай. - Астана: Фолиант, 2008. - 354 б.
Ләмбекұлы С. Арыстар. - Астана : Елорда, 2000. - 368 б.
Ләмбекұлы С. Қарқаралы: энциклопедия. - Астана : Фолиант, 2011. - 273 б.
Ләмбекұлы С. Қатты қабат. - Алматы : Алаш, 2006. - 248 б.
Ләмбекұлы С. Сырперне. - Қарағанды : ТОО"Арко", 2004. - 55 б.
Ләмбекұлы С. Тағдыр мен талай: роман-эссе; Қарағанды облысының әкімдігі. - Астана:
Фолиант, 2014. - 476 б. - (Сарыарқа кітапханасы).
Ләмбекұлы С. Тағдырмен тартыс. - Қарағанды : Арко, 2001. - 208 б.
Ләмбекұлы С. Туған елдің түтіні. - Қарағанды : Арко, 2003. - 220 б.
***